egindybulak

 

«Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебі» КММ

Тарихнамасы

 

    1934 жылы-1943 жылдары аралығында Әшірбектің (байдың) ағаш үйін бұзып, ауылдың күн батыс жағында (бұлақтың арғы жағы) алғашқы ауыл мектебі - 3 кластық бастауыш мектеп тұрғызылды.

   Осы мектепте қызмет еткен ұстаздар: Сүйіндіков Төлеутай (еңбек озаты) Күзеков Қаныш Жандосов Мағауия Сол мектепте осылардан кейін еңбек еткен ұстаздар: Ахметов Кәрібай Үйсенов Қаныш Абдырахманов Қанаш ... Далабай Әлмағанбетов Әбікен Рүстембеков Рахметолла Рахметов Дүйсенбай Ахметова Зәбира Сыздықов Қайрат мұғалімдер.

   1944-1953 жылдар аралығында 2-ші мектеп тұрғызылған (Қазіргі Жұмабеков Рамазан мұғалімнің үйі). Ол мектепті сол кезегі колхоз бастығы Бердібеков Көпен деген азамат салғызған. Сол мектепте ұстаздық еткен мұғалімдер: ...Тәшім Мәлкен Ахметова Забира Солтанбаева Ерсін Ільдин Мұхит Сапарова Исаин Омаров Амангелді Мұрсалімов Әпсәләм.

   1953-1960 жылдары Қазіргі клубтың орнында 7 жылдық үшінші мектеп салынды. Жанында интернаты болған.

 

(1сурет. 7 жылдық үшінші мектеп)

 

   Мектепте ұстаздық қызметте болғандар: Мұрсалімов Әпсәләм Рахметов Дүйсенбай Рахметов Кенжеш Нұртаев Зейнекеш Жақанов Кәкім Айшайым Доспаев... Камиева Нағима Қырықбаева Елеусіз Тусупова Күлбан Түсіпов Керей Омаров Зекен Цыганкова Валя Цыганкова Зина Бектемирав Санду Солтанбаев Зекебай Жұмабеков Рамазан Мұқышев Тұрсын Қасенов Мүбарак Қабылбекова Кәткіл Байдильдин Егінбай

   1960-1975 жылдар арасында Егіндібұлақ 8 жылдық мектебі салынды. Мектеп ұстазары: Солтанбаев Зекебай Мұқышев Тұрсын Байдильдин Егінбай Қасенов Мүбарак Тусупов Керей Мұрсалимов Әпсәләм Нұрлығаев Али Бектемиров Санду Жұмабеков Рамазан.

   Алғашқыда 8 жылдық мектеп болған. З.С.Солтанбаев 43 жыл ұстаздық еңбегінің 34 жылы Егіндібұлақ орта мектебінің директорлығымен өткен.

 

(2 сурет. З.С.Солтанбаев ұстаздық жолында 1980 жылдардың басы) (3 сурет. З.С.Солтанбаев-Баянауыл ауданының құрметті азаматы. 2010 жыл)

(4 сурет. З.С.Солтанбаев қазақ әдебиеті сабағын жүргізу үстінде. 1985 жыл) (5 сурет. З.С.Солтанбаев математика сабағына қатысуда. 1980 жыл)

(6 сурет. З.С.Солтанбаев- жас ұрпақ жанашыры. 1980 жыл ) (7 сурет. Педагогикалық кеңес) (Солдан оңға қарай Түсіпов К., Нұрлығаев А.,Бектемиров С.,Серғазина С., және оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі Мұқышев Т. 1976 жыл.)

(8 сурет. Соғыс ардагерлерімен кездесу. 1975 жыл) (9 сурет. Егіндібұлақ мектебінің З.С.Солтанбаев бастаған ұжым. 1981 жыл.)

(10 сурет. С.Садығазин бастаған «Егіндібұлақ вальсі» ансамблі. 1977 жыл.) 1988 жылдан бастап -11 жылдық болып қабылданды. Қазіргі таңға дейін сол ғимарат 11-жылдық мектеп болып жұмыс істеуде. (11 сурет. Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебінің қазіргі суреті)

 

   2010 жылы Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебіне қарасты “Балбұлақ” шағын орталық балабақшасы салынды.

 

   Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебінің директорлары: 

 

• Шайхин Алмажан (1952 жыл. Директордың міндетін атқарушы)

• Зейнбеков Төлеген (1952 -1953 жылдар)

• Рахметов Дүйсенбай (1953 -1954 жылдар. Завуч Байдильдин Е.Б.)

• Омаров Бекен (1957 -1959 жылдар. Завуч Солтанбаев З.С.)

• Солтанбаев Зекебай (1959 -1994 жылдар. Завуч Түсіпбаев Ж.Р.)

• Түсіпбаев Жағыпар Рымбайұлы (1994 -1999 жылдар)

• Макенов Марат Уахитұлы (1998 -2002 жылдар)

• Сарыбаева Баян Жұмашқызы (2002 - 2005 жылдар)

• Мажитова Назгүл Қабдоллақызы (2005 - 2008 жылдар)

• Абдыкаримов Мереке Талғайратұлы (2008 - 2010 жылдар)

• Байдильдин Қайрат Егінбайұлы (2010 - 2012 жылдар)

• Хасенов Рахат Болатұлы (2012 - 2013 жылдар)

• Енсебаева Шынаргүл Мұқатайқызы (2013 - 2015 жылдар)

• Серікбай Дастан Алтынбекұлы (2015 жыл)

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz