2022-2023 оқу жылға мектепте тамақтану
Ыстық тамақты ұйымдастыру бойынша комиссия құру туралы
Мектеп асханасында әкімшіліктің кезекшілігі
11(12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау
11(12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау – білімалушылардыңжалпыортабілімберудеңгейініңмемлекеттікжалпығаміндеттістандартындакөзделгеноқупәндерініңкөлемінмеңгерудәрежесінайқындаумақсатындажүргізілетінрәсім.
Өткізуформасы: мектепбітіруемтихандары
Өткізілетінорны: білімалушылароқитынмектепбазасы
Өткізу мерзімі: шамамен 29.05.2021 - 09.06.2021
№ | Пәндер | Емтихан формасы | Уақыты |
Міндетті | |||
1 | Ана тілі (оқыту тілі) | жазбаша (эссе) | 3 сағат |
2 | Алгебра және анализ бастамалары | жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) | 5 сағат |
3 | Қазақстан тарихы | тестілеу | 80 минут |
4 | Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі | тестілеу | 80 минут |
Таңдау | |||
5 | Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика | тестілеу | 80 минут |
Емтихандар жайлы қысқаша:
- Ана тілі. Эссе жазу үшін ұсынылған тақырыптардың біреуін таңдайды. Эссе 250-300 сөзден тұруы қажет. Эсседе оқушы тақырыпқа сай көтерілген мәселе бойынша дәлелдер мен дәйектер келтіріп, өз пікірін, негізгі идеясын жүйелі түрде жеткізіп, ой түйіндей білуі қажет.
- Алгебра және анализ бастамалары. Бақылау жұмысы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 5 тапсырмадан, жаратылыстану-математикалық бағыт пен физика-математикалық бағыттағы арнайы мектептер үшін 6 тапсырмадан тұрады. Тапсырмалар математикалық фактілер, түсініктер және тәсілдерді меңгеру деңгейін, есеп пен логикалық тапсырмаларды шешу қабілетін тексеруге арналған.
- Қазақстан тарихы. Тест 18 тапсырмадан тұрады, оның ішінде: бір дұрыс жауапты 10 тест тапсырмасы, контекст негізіндегі бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасы және ашық түрдегі 3 тест тапсырмасы.
- Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі. Тест 2 блокқа бөлінген 18 тапсырмадан тұрады:
Тыңдалым (бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасымен 2 мәтін),
Оқылым (бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасымен 1 мәтін, ашық түрдегі 3 тест тапсырмасымен 1 мәтін);
- Таңдау пәндері бойынша:
Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет. Тест 18 тапсырмадан тұрады, оның ішінде: бір дұрыс жауапты 10 тест тапсырмасы, контекст негізіндегі бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасы және ашық түрдегі 3 тест тапсырмасы.
Шет тілдері (ағылшын, неміс, француз тілдері). Тест 2 блокқа бөлінген 18 тапсырмадан тұрады:
Тыңдалым (бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасымен 2 мәтін),
Оқылым (бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасымен 1 мәтін, ашық түрдегі 3 тест тапсырмасымен 1 мәтін);
Информатика. Тест 17 тапсырмадан тұрады, оның ішінде: бір дұрыс жауапты 10 тест тапсырмасы, бір немесе бірнеше дұрыс жауапты 5 тест тапсырмасы және тәжірибелік дағдыларын бағалауға арналған 2 тапсырма.
Білім алушы жазбаша жұмысы үшін қойылған бағамен немесе тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда, емтихан бағасы жарияланғаннан кейінгі келесі күні 13:00 сағатқа дейін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, білім басқармаларының, сондай-ақ республикалық мектептердің білім алушылары үшін Министрліктің жанынан құрылған Комиссияға шағымданады (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 Бұйрығының 74-тармағы).
2021-2022 оқу жылының Мектепте тамақтану
Мектеп асханасында ыстық тамақты ұйымдастыру
Ыстық тамақты ұйымдастыру бойынша комиссия құру
Сарапшылық комиссия құру туралы
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында мектепте «Оқуға құштар мектеп» жобасы бастау алды. Аталған жоба оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға жағдай жасайды.
Осыған байланысты көктемгі демалыс уақытында «Ұйқы алдында отбасымызбен оқимыз» атты фото –конкурс өткізілді.
Цифрлық сауаттылық
№2 Майқайың ЖОББМ-де "Цифрлық сауаттылық" жобасын іске асыру мақсатында "Құжаттармен бірлескен жұмыс" тақырыбы бойынша бұлтты технологияларды қолдана отырып, оқушылармен сабақтар өткізілді, онда оқушылар "Қазақстан спортшылары", "Қазақстанның Сакральды орындары", "Павлодар облысының пайдалы қазбалары" тақырыптары бойынша Google Презентация мүмкіндіктерін пайдалана отырып, топтарда жобалар құрастыра алды.
Google-форм мүмкіндіктерін қолдану
8 ақпанда №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде директордың ақпараттық технологиялар бойынша орынбасары С.Н.Окенова топ мұғалімдермен «Google-форм мүмкіндіктерін қолдану» тақырыбында сабақ жүргізді.
Мұғалімдер On-line тәртіпте кері байланыс тәсілін құру, онлайн-тестілеу және онлайн-сауал үшін сервисті қолданудың мүмкіндіктерін қарастырды