Мұғалімдерге әдістемелік көмек
2021 жылғы 5 ақпан күні педагог-зерттеуші, мектеп тренері К.Н.Рахпанова пән мұғалімдерімен «Сабақта формативті бағалауды қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында коучинг өткізді. Коучинг барысында мұғалімдер әр тапсырманы бағалау мен кері байланысты тиімді өткізу жолдарын қарастырып, өз тәжірибелерін толықтырды.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін, олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Өткізу формасы: мектеп бітіру емтихандары
Өткізілетін орны: түлек оқитын мектеп базасы
Өткізу мерзімі: шамамен 29.05.2019 - 09.06.2019
№ | Пәндер | Емтихан формасы | Уақыты | |
міндетті | 1 | Ана тілі мен әдебиеті (оқыту тілі) | Жазбаша —эссе | 3 сағат |
2 | Алгебра және анализ бастамалары | Жазбаша емтихан | 5 сағат | |
3 | Қазақстан тарихы | Ауызша (билетпен) | емтиханда жауап дайындау үшін білім алушыға кемінде 20 минут уақыт беріледі | |
4 |
Қазақ тілі (орыс, өзбек, ұйғыр ж/е тәжік тілдерінде оқытылатын мектептерде) Орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын мектептерде) |
Тестілеу | 80 минут | |
таңдау | 5 | Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шет тілі (ағылшын тілі, француз тілі, неміс тілі), информатика | Тестілеу | 80 минут |
Емтихандар жайлы қысқаша:
1. Ана тілі мен әдебиеті - ұсынылған 10 тақырыптың біреуін таңдайды. Эссе 250-300 сөзден тұруы қажет. Эсседе оқушы тақырыпқа сай көтерілген мәселе бойынша дәлелдер мен дәйектер келтіріп, өз пікірін, негізгі идеясын жүйелі түрде жеткізіп, ой түйіндей білуі қажет.
2. Алгебра және анализ бастамалары – бақылау жұмысы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 5 тапсырмадан, жаратылыстану-математикалық бағыт пен физика-математикалық бағыттағы арнайы мектептер үшін 6 тапсырмадан тұрады. Тапсырмалар математикалық фактілер, түсініктер және тәсілдерді меңгеру деңгейін, есеп пен логикалық тапсырмаларды шешу қабілетін, функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған.
3. Қазақстан тарихы - Билет 3 сұрақтан тұрады. Оның ішінде:Қазақстан тарихының негізгі бөлімдерінен алынған екі теориялық сұрақ, үшінші сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескіндер, портреттер, хронологиялық кескіндерді пайдалану т.б.).
4. Қазақ тілі (оқыту орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептер үшін) және орыс тілі (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін) - 40 тест тапсырмасы берілген 3 блоктан тұрады:
Тыңдалым - 10 тест тапсырмасы (2 мәтін);
Лексика-грамматика - 20 тест тапсырмасы;
Оқылым - 10 тест тапсырмасы (2 мәтін).
Тест форматы: берілген бес жауаптың біреуін таңдауға арналған тапсырмалар.
5. Бейіні бойынша таңдау пәндері:
физика, химия, биология, география, геометрия, дүние жүзі тарихы, әдебиет;
Тест 40 тест тапсырмасынан тұрады, оның ішінде: 20 тапсырма – берілген бес жауаптың біреуін таңдауға; 20 тапсырма – бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған.
шет тілдері (ағылшын, неміс, француз тілдері);
Тест берілген бес жауаптың біреуін таңдауға арналған 40 тест тапсырмасынан құралған 3 блоктан тұрады:
Тыңдалым (5 тест тапсырмасымен 2 мәтін), Лексика-грамматика (20 тест тапсырмасы), Оқылым (5 тест тапсырмасымен 2 мәтін).
информатика;
Тест 27 тест тапсырмасынан құралған 2 блоктан тұрады: Теориялық (берілген бес жауаптың біреуін таңдауға арналған 20 тест тапсырмасы) және Тәжірибелік (ақпараттық-коммуникациялық сауаттылыққа арналған 7 тапсырма).
Жазбаша және ауызша емтихандарды бағалау өлшемшарттары болады.
Емтихан бағаларымен келіспеген жағдайда, емтихан аяқталғаннан бастап келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін емтихан комиссиясына өтініш беруге болады.
9, 11 сыныптарға қорытынды аттестаттауға дайындық
№2 Майқайың ЖОББМ оқу жылының басынан бастап 9,11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындық бойынша жұмыс ұйымдастырылған. Қорытынды аттестаттауға дайындық үшін әр оқушымен таңдау бойынша пәндер анықталды. Қорытынды аттестаттаудың өткізілу тәртібімен таныстыру бойынша 9 және 11 сынып оқушыларымен сынып онлайн-жиналыс өткізілді.
Қорытынды аттестаттауға дайындық үшін мұғалімдер ҰТО сайтында жарияланған, ауызша және жазбаша емтихандар үшін оқу-әдістемелік құралдар негізінде әр пән бойынша тестілеу спецификациясын қолданады. Таңдау бойынша пән бойынша дайындық үшін пән мұғалімдері өткен материал бойынша түзету жұмыстарын жүргізеді, тестілік тапсырмалардың үйренген нұсқаларын қолданады. Қашықтық оқыту жағдайында қорытынды аттестаттауға дайындық сабақтарда өткен материалды қайта пысықтау арқылы, ZOOM арқылы жұптық, жеке жұмыстар арқылы жүргізіледі.
3 тоқсанның басынан Қазақстан Республикасының Білім Министрі А.Айтмағамбетовтың нұсқаулығын орындау негізінде қорытынды аттестаттауға дайындық барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаумен мектепте оффлайн тәртіпте жүргізілуде. Қосымша сабақтар аз топтармен, сонымен қатар, жеке өткізіледі.
Баянауыл аудандық "Баянтау" газетінің қызметкерлері қонақта
Қараша айының 8 жұлдызында мектебімізде Баянауыл аудандық "Баянтау" газетінің қызметкерлері Еламан ХасенұлыҚабділәшім мен Мұсабек Сейсенбек қонақта болды. Ауыл ауылды аралап, жас тілшілерді айқындап, оқырмандардың ой- пікірлерін біліп, шығармашылықтарымен танысу мақсатында бастаған сапарларына бір ай уақыт болыпты. Дөңгелек үстел барысында мектебіміздің белсенділері қабілеттерін көрсетіп, қара өлеңдер оқып, ой-пікірлерімен бөлісті. Келген қонақтарымыз 9"А" сынып оқушысы Əділхан Нəзеркенің қабілетін ескеріп, мұғалімдердің, оқушылардың ұсынуымен өз қатарларына қосты.
Баянтау газетінің басшысы Еламан Хасенұлы мектебімізге Айдана Айтуғанованың құрастыруымен шыққан "Баянауланың айнасы - Баянтау" кітабын сыйға тартты.