banner1
banner2
banner3

14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау күні

14 02 2024 1

   Бұл мерекенің мақсаты - жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын арттыру, кітапхана қорын молайту, кітап оқуға шақыру. Қазіргі таңда мереке халықаралық деңгейге дейін жетті. Оқырмандарымыз өз үлестерін қосып кітапхана қорына кітап сыйға тартты.Қарапайым және мейірімге толы, барлық адамзатты кітап оқуға шақыратын ерекше мейрам. Мерекенің қағидасы бойынша осы күні балаларға көбірек кітап сыйлаған абзал. Сол арқылы жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын арттыруға болады.

Мейрамның шығу тарихы да ерекше. Кітап сыйлау мерекесі 2012 жылдан бері Эмми Бродмурдың бастамасымен халықаралық деңгейде тойланып келеді. Эмми Бродмур - әлеуметтік желіні белсенді қолданушы, блогер әрі 3 баланың анасы. Бір күні ұлы анасына дәл осы күні "Неге адамдар бір біріне ешқандай себепсіз кітап сыйлайтын күн жоқ?" деген сауал қояды. Ешқандай жауап таба алмаған Эмми осы күнді кітап сыйлау күні деп белгілеп, әлеуметтік желі арқылы мерекенің танымалдылығын арттыра бастайды. Нәтижесінде әлемнің түпкір-түпкірінен бір-біріне кітап сыйлайтын жандардың қатары көбейген. Қазіргі таңда мереке халықаралық деңгейге дейін жетті. 

Толығырақ...

«Тәуелсіздік жетістіктері»

   Зейтін Ақышев атындағы жалпы жалпы білім беру мектебінің кітапханасында «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбы бойынша Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай мектеп кітапханасында 8 «А» сынып оқушыларымен кітапханалық сағат ұйымдастырылды. Кітапханалық сабақтың мақсаты: өскелең ұрпаққа елімізге егемендіқтің қандай жолмен келгенің түсіндіру, егемендік алу үшін ат салысқан ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау.

   Кітапханалық сағатымыздың қонағы Баянауыл ауданының тұрғыны, КСРО және Қаз ССР Ғылым Академиясының академигі Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінің басшысы қызметін атқарып, зейнеткерлікке шыққан,ауданымыздың құрметті азаматы Сагимбекова Үміт Сапарбековна онлайн форматта Zoom арқылы байланысқа шығып, оқушыларды мерекемен құттықтап:

   «Биыл тәуелсіздігімізге 30 жыл толады.Егемен елдің тәуелсіздік алғалы, ол бақытты күндеріміз деп есептеледі.Тәуелсіздік жетістіктері жеткілікті. Ең бірінші біздің аспанымызда көк туымыз желбіреп,әнұранымыз бен елтаңбамыз қабылданды. Осының бәрі егемендігіміздің нышаны болды. Екіншісі космосқа еліміздің үш азаматы ұшты, ең алғашқысы болып Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров болды.Оның шешесі біздің Баянауылдың тумасы,Баянауылдың жиені. Жылда біздің Баянауылға келіп тұрады.Ол кісінің өнегелі істері біздің азаматтармен кездескенде айтылып жүретін аңыз- әңгімелері көп.Тәуелсіздік жылдары бізге елімізге көп деген орыс қандас оралмандарымыз шетелден қоныс аударды.

Толығырақ...

«Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру»

03 10 2023 1

    «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру»жобасы аясында Павлодар қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 28қыркүйек күні «Оқуды насихаттаудың белсенді әдістерін қолдана отырып,оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту», «Кітапхана оқушылар мен мұғалімдерге арналған мектеп ресурстық алаңы ретінде» тақырыбында семинар өтті.Семинарды Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-кітапханашылары Айткенова Гульнар Ауталиповна, Акназарова Нурсулу Мараловна ұйымдастырды.Семинарға Тереңкөл,Ертіс мектебінің тірек мектептерінің кітапханашылары қатысты.Тәжірибе алмасу барысында инновациялық кітапхана жұмысы туралы пайдалы ақпарат алдық, «Jendu Book», «Lego Poetry», « Kangaroo Words», «TASTY Book» әдіс-тәсілдермен танысып,тапсырмалар орындадық.Тәжірибе алмасу семинары жағымды өтті.

Толығырақ...

Қош келдің,Әліппе!

10 09 2021 1

        Зейтін Ақышев атындағы жалпы білім беру орта мектебінің қабырғасында білім күніне орай ұйымдастырылған алғашқы қоңырау мерекесі аталып өтті.Осы мереке барысында мектебіміздің басшысы Д.Б.Төлеутаев білім басы «Әліппе» кітабын асқар ниетпен, ақжол тілей отыра мектеп табылдырығын алғаш аттаған 37 бүлдіршіндерімізге салтанатты түрде табыс етті.

   Бірінші сынып оқушыларына, әліппені тұңғыш жазған ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлындай ұлағатты тұлға, болашақта абыройлы азамат болып, зор белестерді бағындырып, мектеп ұясын сәтті түлеп шығуға тілектеспіз!

Толығырақ...

Тәуелсіздік тұғырым

14 12 2021 3

    "Әр ұлт,әр халық үшін егемендіктен артық қастерлі де қымбат ештене жоқ". Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні-тарихы тереңде жатқан елдің жана заманда өз алдында қайта егеменді ел болған күні.Тәуелсіздік бабалар аңсауы,ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгеніне 30 жыл.Тәуелсіздік ащы термен келгенде тәтті жеңіс.Осы тәуелсіздік күніне орай З.Ақышев мектебінде көрме ұйымдастырылды. Көрменің басты мақсаты:ата бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгі етіп,Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен рухани игі өзгерістер белесін оқушыларға таныту.

Толығырақ...

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz