maykainsh2

Войти на сайт

 

Статистика сайта

Сегодня5
Вчера13
За неделю136
За месяц564
Всего46404
<< < Декабрь 2024 > >>
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Конкурстық негізде педагогтерді қабылдау

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

  •     2023-2024 оқу жылына конкурстық негізде педагогтерді жұмысқа қабылдау ағымдағы жылдың 1 тамызынан басталады.

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "№2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі КОНКУРС жариялайды:

     2023-2024 оқу жылына конкурстық негізде педагогтерді жұмысқа қабылдау ағымдағы жылдың 1 тамызынан басталады.

     Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.

     Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар "Enbek.kz" және   мектебіміздің ресми сайтына жарияланады.

     Конкурс төмендегідей негізгі бос   орындарға жүргізіледі:

Математика пәні мұғалімі – 32 сағат.

Химия пәні мұғалімі – 21 сағат.

Шет тілі пәні мұғалімі – 32 сағат.

Орыс тілі пәні мұғалімі – 16 сағат.

     1 тамыздан бастап мектептің қабылдау бөлмесіне құжаттарды қабылдау жүргізеді.

     Конкурс өткізілетін орын:

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "№2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы

     Мекеменің мекен-жайы: Баянауыл ауданы, Майқайың кенті, В.Христенко-21

Анықтама байланыс телефоны: 2-13-10, +7 (777) 285-59-30

Мектептің ресми сайты: https://bayanaul.edu.kz/ru/maykain2

Электронды пошталық мекен-жайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

     Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.

10) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне,

кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы міндетті. Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.

Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар "Enbek KZ" және   мектебіміздің ресми сайтына жарияланады.

1 тамыздан бастап мектептің қабылдау бөлмесіне құжаттарды қабылдау жүргізеді.

 

 

call-centre
Call-центр

 

 

gossymbols
Государственные символы

 

 

poslanie
Послание Президента

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111ru