Хабарландыру
"Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестерді құру туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдегі №355 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларының және оны сайлау тәртібінің (бұдан әрі - Қағида) 5-тармағын іске асыру мақсатында, Қамқоршылық кеңесті қалыптастыру бойынша арнайы білім беру ұйымдарында жұмыс жүргізілуде. Қамқоршылық кеңестің құрамы Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне кандидаттардың жазбаша келісімімен түскен ұсыныстар негізінде құрылады. Қағидалардың 7-тармағына сәйкес Қамқоршылық кеңестің құрамына жергілікті, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестердің өкілдері, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (болған жағдайда ), осы білім беру ұйымында ата - аналар комитеті, меценаттар (бар болса) ұсынған сыныптардың, құстардың әрбір параллелінен оқушылардың бір ата - анасы немесе заңды өкілдері кіреді.
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Лекер жалпы негізгі білім беру мектебі» КММ. Жоғарыда баяндалғанның негізінде Қамқоршылық кеңестің құрамына кіру үшін мектеп телефоны: 871840-9-02-50, ДЖТОО Намазова Анар Мадениетовна сот.телефон 87760744738 бойынша сағат 9-дан 17.00-ге дейн хабарласуға болады.
Ұсыныстарды қабылдаудың соңғы мерзімі ағымдағы жылдың 3 ақпанынан 13 ақпанына дейін.