banner1
banner2
banner3

«Тәуелсіздік жетістіктері»

 

   Зейтін Ақышев атындағы жалпы жалпы білім беру мектебінің кітапханасында «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбы бойынша Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай мектеп кітапханасында 8 «А» сынып оқушыларымен кітапханалық сағат ұйымдастырылды. Кітапханалық сабақтың мақсаты: өскелең ұрпаққа елімізге егемендіқтің қандай жолмен келгенің түсіндіру, егемендік алу үшін ат салысқан ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау.

   Кітапханалық сағатымыздың қонағы Баянауыл ауданының тұрғыны, КСРО және Қаз ССР Ғылым Академиясының академигі Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінің басшысы қызметін атқарып, зейнеткерлікке шыққан,ауданымыздың құрметті азаматы Сагимбекова Үміт Сапарбековна онлайн форматта Zoom арқылы байланысқа шығып, оқушыларды мерекемен құттықтап:

   «Биыл тәуелсіздігімізге 30 жыл толады.Егемен елдің тәуелсіздік алғалы, ол бақытты күндеріміз деп есептеледі.Тәуелсіздік жетістіктері жеткілікті. Ең бірінші біздің аспанымызда көк туымыз желбіреп,әнұранымыз бен елтаңбамыз қабылданды. Осының бәрі егемендігіміздің нышаны болды. Екіншісі космосқа еліміздің үш азаматы ұшты, ең алғашқысы болып Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров болды.Оның шешесі біздің Баянауылдың тумасы,Баянауылдың жиені. Жылда біздің Баянауылға келіп тұрады.Ол кісінің өнегелі істері біздің азаматтармен кездескенде айтылып жүретін аңыз- әңгімелері көп.Тәуелсіздік жылдары бізге елімізге көп деген орыс қандас оралмандарымыз шетелден қоныс аударды. 

Сонау 1993 жылдардан бастау алған көш міне бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда. Олардың балалары өсіп-өніп осы елде қазір жақсы белді азамат болып, елге қызмет етіп жатыр.Өздерінің алған білімдерінің жемісін көріп жүрген азаматтар баршылық.Сонымен қатар, тәуелсіздік жылдары Елордамыз үлкен астанаға айналды.Астана үлкен, әсем қала болды, бұл да бір тәуелсіздігіміздің белгісі деп есептеуге болады.Астанада орналасқан үлкен Бәйтерек ғиматарына әлемнің сан алуан жерлерінен адамдар келіп,таң қалуда-ол да бір жетістіктің куәсі.Тәуелсіздік алған жылы біздін елімізде қос палаталы, мәжіліс және парламент депутаттары сайланды.Осы парламент депутаттарының арасында біздің Нұхұлы Алтынбек ағамыз, жерлесіміз бар.Ол жерлесіміз көптеген жұмыстар атқаруда,оның бізге қосқан үлесі Баянауылға жол салуға және бұрынғы Тендік ауылын, М.Шорманов атына аударып, сол жерде Мұса Шормановқа үлкен кесене орнатылды бұл да бір жетістік.Ескелді елді мекенінде(Жаңа жол аулында) әулие, тарихшы,шежіреші М.Ж.Көпеевке үлкен кесене салынды. Бұл да бір тәуелсіздік жетістігі. Өйткені жас ұрпақ болсын, шетелдерден болсын барып тәу етіп тұратын бірден - бір орынға айналды.Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда көп деген қазақ мектептері ашылды. Қазақстанның көп деген жерлерінде мешіттер ашылды.Тәуелсіздік алғанымыздың үлкен бір жетістігі ЭХСПО-2017. Алыс, жақын шетелдерден келген қонақтарға біздің студенттеріміз Қазақстанның тәуелсіздік алған жетістіктерін жеткізе білді.Көп деген мерзімді басылымдар жарық көрді «Найзатас», «Ақбеттау». Тәуелсіздік еліміздің тұғыры биік болсын,өскелең ұрпақ осы елдің тұғырлы азаматы болсын».

   Сонымен қатар,тәуелсіздік алғаннан кейін жарық көрген мерзімді басылымдар «Найзатас», «Ақбеттау» журналдарын кітапханалық сағатта насихаттау жұмыстары жүргізілді.

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz