«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы
23 сәуір Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай "Кітапханаға кітап сыйла" акциясы ұйымдастырылды. Мақсаты - мектеп кітапханасы қорын заманауи басылымдармен толықтыру. Мектеп, ата-ана, оқушымен бірлесе отырып, оқушыларды рухани адамгершілікке баулу.
Ақын - жазушылардың шығармаларын насихаттау, кітапханаға оқырман тарту, кітап қорын молайту. Ақын-жазышулардың шығармаларын насихаттау, кітапханаға оқырман тарту, кітап қорын молайту.
Іс-шараға мектебіміздің 1-10 сынып оқушылары белсенділік танытып,ұстаздар, ата-аналар, өздерінің оқыған жаңа кітаптарын сыйға тартты.Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтуде, акция Бұл акция «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылды.
«Оқуға құштар ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылған «Каникулда кітап оқимыз» марафонына қатысушылар
«Білім шыңы» қоғамдық бірлестігі мен Президенттік «Жас ұлан» жастар ұйымы 2021 жылдың 1-ші қарашасынан бастап «Оқуға құштар ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылған «Каникулда кітап оқимыз» марафонын өткізді.
Баянауыл ауданына қарасты бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру мектептерінен 2940 оқушы берілген сілтемеге тіркеліп, ұсынылған кітаптарын оқыды.
«Білім шыңы» қоғамдық бірлестігі мен Президенттік «Жас ұлан» жастар ұйымы осы марафонға белсене қатысқан оқушыларға «Оқуға құштар ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылған «Каникулда кітап оқимыз» марафонында электронды кітаптарды оқуды меңгере отырып, қоғамда кітап оқу үрдісін қалыптастыруға, «BookCrossing» кітап алмасу қозғалысын дамытуға үлес қосқаны үшін 5-сынып оқушылары Дарын Солтанбай мен Айдана Әскер «Сертификат» алды. Оқушылардың жетекшісі көркем еңбек пәнінің мұғалімі Айдана Жолдасбекқызы Елубайға «Оқуға құштар ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылған «Каникулда кітап оқимыз» марафонына шәкірттерінің белсене қатысуына, жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыратын, рухани байлығын, өй-өрісін дамытатын , жоғары этетикалық талап-талғамын қалыптастыратын ең үлкен де ұлы тәрбие құралы жақсы кітаптарды оқып, оқушының шығармашылық шыңдалуы жолында тынбай еңбек етіп, жетекшілік еткені үшін «Алғыс хат» табыстады.
«Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасын дамытуға қосқан аз да болса оқушылардың үлесі зор. Кітап оқудан жалықпай, ой-өрісімізді кітаппен дамыта берейік.
«Каникулда кітап оқимыз» атты Республикалық марафоны
2-11 қазақ сыныптары оқушыларына арналған «КАНИКУЛДА КІТАП ОҚИМЫЗ» атты республикалық марафонға мектебіміздің оқушылары тіркеліп белсене қатысты. Бұл марафонға қатысу арқылы оқушылардың кітап оқуға деген белсенділігің арттырады, рухани байлығың, жалпы ой-өрісің дамытып, жоғары эстетикалық талап-талғамың қалыптастырады. «Барлық ғылым кітапта, ерінбе, оқып-білуге» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, кітап оқуға асығайық.
«Кітапты тыстау мен емдеу» акциясы
Адамның рухани жан азығы саналатын кітапты оқуға дағдылану әрі оны таңдап,талдап оқу қаншалықты пайдалы болса, оны асыл мұрадай сақтап, кұтіп ұстауда соншалықты қажет нәрсе.
Кітап дүниеге онайлықпен келмейді, оған да зор еңбек сіңіріледі. Сол қаиетіне орай оның бағалылығы артады. Жақсы кітап қолдан қолға тиіп, көп ұсталуына қарай кірленіп, тоза бастайды. Кітапты мұндай күйге түсірмес үшін оған аса ұқыптылықпен қарап, дұрыс пайдалануымыз керек. Осы орайда мектебімізде «Кітапты тыстау мен емдеу» атты акциясы өтті. Оқушылар кітаптарына емдеу жұмыстарын жүргізіп, кітапты күтіп ұстау ережелерімен танысты.
«Өзгетілдіңбәрінбіл, өзтіліңдіқұрметте!»
2021 жылдың қыркүйек айының 10-шы жұлдызында Егіндібұлақ жалпы орта білім беру кітапханасында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты мәнерлеп оқу челленджі басталды. Бұл мәнерлеп оқу челленджіне мектебіміздің 5-сынып пен 11 сынып оқушылар арасында болып жатыр. Яғни бұл өтіліп жақтан шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру. Осы шараны 5 – сынып оқушылары Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қазақ тілі» атты өлеңімен бастады және де 6 – сынып оқушыларына жолдады.
Мемлекеттік тіл –менің тілім!
Ұлы ұстаз, Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келген күн, яғни 5 – қыркүйек Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Мемлекеттік тілді білу- Қазақстанның әрбір азаматының парызы. Міндеп деп те атуға болады деген болатын. Осыған орай Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебінің кітапханасы «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, кітап оқуға тарту, өзге ұлт өкілдерінің тілдеріне құрмет көрсету.
Қош келдің, Әліппе!
Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебінің қабырғасында «Кел, балалар, оқылық!»атты білім күніне орай ұйымдастырылған алғашқы қоңырау мерекесі аталып өтті. Осындай атаулы мерекеде мектеп табалдырығын аттап отырған 1 – сынып оқушылары үшін тарихи сәт болды. Себебі заман талабына сай жаңартылған оқу бағдарламасына «Әліппе оқулығы» қайта оралды. Биылғы жылы 1-сыныпқа 5 оқушы қабылданып, оларға «Әліппе» оқулығы салтанатты түрде 11-сынып түлектері
Баршаңызды бүгінгі 1- қыркүйек білім күні мерекесімен құттықтаймыз!