Мектеп кітапханасында Баянауыл ауданының Құрметті азаматымен кездесу өтті
Баянауыл ауданының құрметті азаматы, «Мәдениет саласының үздігі», «Қазақстан салалық мәдениет, спорт және ақпарат кәсіподағының» облыстық филиалы ауданның дамуына үлес қосқан ақын айтыскер Сейітов Жұмкен Арқалықұлымен мектеп кітапханасында оқушылармен кездесу өтті.
Сұхбат барысында жас ақындарды аламан айтыстарға дайындап, ұстаздық етуден жалықпаған Жұмкен аға "Ең басты мақсат – халқыма адал қызмет ету, сондықтан оқушы балалар сендер де өз бойларыңда көркем мінез қалыптастыруға ұмтылу керексіңдер " деп ақылын айтты.Білімді, білікті ұрпақ болып өсу үшін кітап оқуға шақырды. Кітап оқу, бұл – текті кісілікке, кемел адамгершілікке, кемеңгер көрегендік пен мәдениеттілікке қол жеткізетін құрал екенін айтып кетті.
«Оқуға құштар мектеп» жоба аясында «20 минут оқы»
2020 жылдан бастап мектебімізде осы жобаны «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру барысында кітапханамызда әртүрлі іс-шаралар өтуде.
Биылғы оқу жылында «Оқуға құштар мектеп» жобасы өз жалғасын табуда. "Ә.Марғұлан атындағы жалпы орта білім беру мектебінде осы жобаны іске асыру барысында «20 минут оқы» жүзеге асырылуда.
«20 минут оқу» мақсаты – оқушылардың рухани құндылықтарын арттыру, оқуға деген қызығушылықтарын ояту, кітап оқуды қолдау мен беделін арттыру.
«Ұлт мақтанышы»
Адамның адамдық, ұлттың ұлттық
ең жоғары қасиеті – тіл өткірлігі мойымасын,
тіл сұлулығы кемімесін!
Ғ. Мұстафин
Баянауыл ауданы, Құндыкөл ауылы Әлкей Марғұлан атындағы жалпы орта білім беру мектебінің кітапханасы Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығына орай «Ұлт мақтанышы» атты танымдық сағаты өткіді
Жалпы шараның мақсаты оқушылырға Ғабиден Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оны жас ұрпаққа таныту. Қазақ әдебиетінде лайықты орын алған жазушы Ғабиден Мұстафинді қастерлеу және болашақ ұрпақты автордың шығармашылық мұрасын танып білу
Ғабиден Мұстафин өмірден сабақ алған дала университеттерінің сирек түлектерінің бірі болып саналады. Жүз жыл бұрын біздің халқымыз қараңғы және сауатсыз болды деп айту әділетсіз болар еді. Ғ.Мұстафин өзінің Отаны, тамыры, қай ортадан шыққаны туралы өзінің "Куәгерлер" өмірбаяндық шығармасында, сондай-ақ "Қарағанды", "Шығанақ", "Миллионер", "Дауылдан кейін"романдарында баяндайды. Бұл жазбалар оны бүкіл әлемге танымал етті. Ұлы Абай сияқты, Мұстафин де әділдік үшін күресте қиын жолдан өтті, көптеген реніштер мен қайғы-қасіреттерді бастан өткерді.
Оқушылар қазақ әдебиетінің классик жазушысы, көркем сөздің хас шебері атанған Ғ. Мұстафиннің өмірі және шығармаларымен танысып,берілген тапсырмаларды орындады.
Алғащқы қоңырау
2021-2022 оқу жылындағы 1- қыркүйек Алғащқы қоңырау – Білім күніне арналған салтанатты жиын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық меретойы қарсаңында, ағартушы педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай "Кел, балалар, оқылық!" айдарымен өтті.
Мектепке алғашқы қадам басқан бүлдіршіндерге арналған мерекеге аудандық қаржы бөлімінің басшысы Ж.Узбаева, аудандық оқу бөлімінің әдіскері Шумакова М.Т., жергілікті учаскелік инспектор, полиция капитаны Тұрсынбек Ж.Қ. және ата-аналар қатысты.
Мектеп басшысы Смагулов М.А. құттықтау сөзінен кейін 1-сынып оқушыларына салтанатты түрде «Әліппе» оқулығын табыстады.
Тәуелсіздік дәуірі
ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойына орай өткен мектеп кітапханасында " Тәуелсіздік дәуірі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің басты мақсаты: Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен рухани игі өзгерістер белесін көпшілікке таныту.
Кітап көрмесі еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы қаламгерлердің жазған еңбектері мен тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындыларымен қамтылды.
Кітапханашы мереке қарсаңында Мәңгілік елдің жалынды жастарына тәуелсіздік ұғымын кеңінен түсіндіріп, насихаттады