banner1
banner2
banner3

Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебі

13 09 2021 1

   

         «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектепте «Бірге кітап оқимыз» іс – шарасы басталды, оқушылар, ұстаздар, кіші қызметкерлер әр аптаның бейсенбісі 20 минут таңдаған көркем кітаптарын оқиды.

         Мақсаты: Оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырумен қатар олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамдарын кеңейту, көркемсөз бен табиғаттың үндестігін сезіндіру арқылы шығармашылық әуелеттерін ашу, танымдық  белсенділіктерін арттыру.

         Міндеттері: Кітап оқуды ілгерілету;

Ой-өрісін кеңейтіп, пікірін жеткізіп, өз ойын дәлелдей алуға мүмкіндік туғызу;

Оқырмандарға оқыған кітаптарын талқылауға арналған шаралар ұйымдастыру;

Сурет салу арқылы эстетикалық талғамдарын қалыптастыру;

Қордағы әдебиеттерді насихаттау;

Мерейтой иелерінің шығармаларын насихаттау.

 Оқырман тобы:  Оқушылар, ұстаздар, ата – аналар.

 Күтілетін нәтиже: Кітапханада  өткізілген қызықты, мазмұнды шаралар арқылы пайдаланушылардың  қызығушылықтарын қанағаттандырып, мүмкіндігінше көбірек балалар мен ата – аналарды қамту;

Кітапхананың  белсенді оқырмандар санының артуы;

Кітапхана оқырмандарының шығармашылық әуелеттерін дамыту арқылы рухани бай тұлғаны қалыптастыру;

Оқырмандардың шығармашыл түрде және дәлелді пікір алмасуы және өз ойын дәлелдей алуы.

Кітапханаға ата – аналарды тарту арқылы балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру;

Отбасылық оқырмандар саның көбейту

Толығырақ...

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Сынып кітапханасы»

13 09 2021 7

    Республикалық «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт» жобасы биылғы оқу жылында өз жалғасын табуда. 2020 – 2021 оқу жылында мектебімізде осы жобаны іске асыру барысында түрлі іс – шаралар өткізіліп, кітапхана қорын толықтыру барысында «Буккроссинг» арқылы кітап қоры бірнеше жаңа көркем әдебиеттермен толықтырылды.

  Биылғы оқу жылында «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт» жобасы жалғасуда.Үшұлын жалпы негізгі білім беру мектебінде осы жобаны іске асыру барысында, сыныптарда «Сынып кітапханасы» бұрыштары безендіріліп, ашылды.

   Әр сыныпта оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай балаларға арналған қазақ ақын – жазушыларының кітаптары, ертегілер, «Дала фольклорының антологиясы» сериясынан 10 томдық топтамасы, балалар журналы орын алды. Кітапханашы әр сынып оқушылары арасында ұсынылған кітаптар бойынша библиографиялық сағатын өткізді. Оқу жылының соңына дейін сынып кітапханасындағы кітаптар мен журналдар ауыстырылып отырылады.

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz