banner1
banner2
banner3

Тарихы бар ел ғана тарих жасай алады

 

 

15.04.2022 жылы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Тамыры терең тарих» атты көрме ұйымдастырылды.

Мақсаты:   тарихи шығармалар, жазушы Әнуар Әлімжанов, Ілияс Есенберлин, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауиннің кітаптарын жарнамалау, насихаттау арқылы адамгершілікке, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, рухани байлығымыз кітапты құрметтеуге, қадірлеуге, жаппай кітап оқуға шақыру.                            

                                  

Қазақ жазушысы Зиябек Қабылдиновтың «Олар қазақ жерін мәңгі даңққа бөледі» атты кітабы.

Кітаптың негізгі мақсаты – жоғарғы сынып оқушыларын Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен, өлкетану сипатындағы материалдармен, қазақтың мемлекет болып қалыптасу тарихында үлкен рөл атқарған атақты қоғам қайраткерлерінің тағдырлары, батырлық, ерлік пен Отанға деген ізгі махаббат жайлы (мақал-мәтелдер) халық ауыз әдебиетімен сусындатып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Кітапта Қазақстан тарихы бойынша құнды анықтамалық материал келтірілген.

Көрнекті жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Атамұра» баспасынан шыққан

«Ханша-Дария» хикаясы кітабы. Бұл кітапқа қазақ көркем прозасынан өз орнын алған, психологиялық, философиялық терең астарлы балладалары мен «Аңыздың ақыры» романы еніп отыр.

Жазушы Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» романы – «Көшпенділер» трилогиясының үшінші кітабы. Роман – қазақ тарихи романистикасының үздік табысы, шоқтығы биік туынды. Қазақ әдебиеті тарихында құбылыс болған, ел тағдырын шыншылдықпен бейнелеген халықтық көркем шығарма.

Көрнекті жазушы Мұхтар Мағауиннің оқырман қауымынан өз бағасын алған «Шақан-Шері» романы мен аты аңызға айналған ақын Гөте өмірінің соңғы сәттерінен сыр шертетін «Шипалы Арасан» хикаяты, оқиғалары бір арнада тоғысатын «Әдепкі әңгімелері» - көркемдік шеберлігі, шұрайлы тілімен баурайды. Кітап қалың көпшілік оқырмандарға арналған.

Жазушы Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты бір томдық жинағына тарихи тақырыпқа жазылған «Ұстаздың оралуы», «Жаушы», «Махамбеттің жебесі» атты шығармалары еніп отыр. «Ұстаздың оралуы» романында орта ғасырларда өмір сүрген Ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған.

Қазақстанның өз еркімен Россияға қосылуының 250 жылдығына арналып жазылған «Жаушы» романында қазақ халқының 1723 жылдың көктеміндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі суреттеледі.

«Махамбеттің жебесі» романы Исатай Тайманұлымен бірге қазақ халқының 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісін басқарған ардагер ақын Махамбет Өтемісұлының тарихи тұлғасын сомдауға арналған.

 

Бастауыш сыныптарының оқушылары арасында «Біздің сүйікті ертегілеріміз» атты қазақ ертегілерінен сахналық көрініс көрсетілді.

Мұнда 4-сынып оқушылары «Бір үзім нан» ертегі желісі бойынша кейіпкерлерінің рөлін сомдады. Шара өте тартымды, әрі қызықты болды.

   Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы мектептің география пәнінің оқытушысы Кайрбеков Абзал Тлеугабылович мектеп кітапханасына география пәні бойынша әр түрлі тақырыпта қажетті материалдары бар журналдар сыйлады. Шексіз алғысымызды білдіреміз.

 

call-centre
Call-центр

 

 

gossymbols
Государственные символы

 

 

poslanie
Послание Президента

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111ru