banner1
banner2
banner3

Оқуға құштар мектеп жобасы бойынша өткізілген іс-шаралар

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінде аптаның әрбір сәрсенбі күні «Оқуға құштар мектеп»жобасы аясында Барлығын таста кітап оқып баста  минут кітап оқу жобасы бойынша үлкен үзілісте қолайлы жерде оқушылар мұғалімдер кіші қызметкерлер кітап оқиды

Тарихы бар ел ғана тарих жасай алады

15.04.2022 жылы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Тамыры терең тарих» атты көрме ұйымдастырылды.

Мақсаты:   тарихи шығармалар, жазушы Әнуар Әлімжанов, Ілияс Есенберлин, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауиннің кітаптарын жарнамалау, насихаттау арқылы адамгершілікке, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, рухани байлығымыз кітапты құрметтеуге, қадірлеуге, жаппай кітап оқуға шақыру.                            

                                  

Қазақ жазушысы Зиябек Қабылдиновтың «Олар қазақ жерін мәңгі даңққа бөледі» атты кітабы.

Кітаптың негізгі мақсаты – жоғарғы сынып оқушыларын Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен, өлкетану сипатындағы материалдармен, қазақтың мемлекет болып қалыптасу тарихында үлкен рөл атқарған атақты қоғам қайраткерлерінің тағдырлары, батырлық, ерлік пен Отанға деген ізгі махаббат жайлы (мақал-мәтелдер) халық ауыз әдебиетімен сусындатып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Кітапта Қазақстан тарихы бойынша құнды анықтамалық материал келтірілген.

Көрнекті жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Атамұра» баспасынан шыққан

«Ханша-Дария» хикаясы кітабы. Бұл кітапқа қазақ көркем прозасынан өз орнын алған, психологиялық, философиялық терең астарлы балладалары мен «Аңыздың ақыры» романы еніп отыр.

 

 

Толығырақ...

«Оқу сағаты» «20 минут»

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Оқу сағаты» «20 минут», «Бәрін таста, кітап оқып баста!» іс-шарасы әрбір аптаның сәрсенбі күндері өткізіліп тұрады.

 

 

Толығырақ...

Ұлыстың ұлы күні «Наурыз»

Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мерекесіне орай мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырылып, қазақ қаламгерлерінің «Наурыз» тақырыбында жазылған өлеңдері, «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» кітабы насихатталды, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.

 

13 05 2022 3

 

«Нұрсұлтан Назарбаев –Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті»,

18 12 2021 1Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектеп кітапханасында 1 желтоқсан –Тұңғыш Президент күніне орай көрме ұйымдастырылып, оқушылар Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаянымен, «Нұрсұлтан Назарбаев –Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті», «Назарбаевтай болғым келеді», «Ұлы адам туралы ұлағатты кітап», «Нұрсұлтан Назарбаев», «Бейбітшілік кіндігі» т.б. кітаптармен таныстырды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіз даму тарихы оның негізін қалаушы, әрі Тұңғыш Президенті-Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат алды.

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz