Консультациялық пункт
Консультациялық пункт
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебі КММ «Еркетай шағын орталығының » КМҚК бойынша ұйымдастырылған консультациялық пункт туралы ақпарат
Консультациялық пунк балабақша мен отбасы арасындағы өзара әрекеттің дәстүрлі түрлерінің бірі тәрбиешілердің ата-аналарға( заңды өкілдерге) жеке және топтық консультация беру қызметін іске асырады. Мектепке дейінгі ұйымның жұмыс тәжірибесінде тәрбиешілер ата-аналардың сұранысы негізінде немесе балалардың даму ерекшеліктерін ескере отырып консультация бере алады. Сонымен қатар балабақшаның басқа мамандары (әдіскер, психолог, логопед, дефектолог және т.б)ата-аналарға (заңды өкілдерге) қандай да бір мәселе бойынша кеңес береді. Консультациялық пункттер мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істейтін педагогтермен, психолгтармен және басқа мамандармен үнемі сөйлесуге мүмкіндігі жоқ ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек беру, сондай-ақ балалардың үйлесімді дамуын қолдауға арналған.
Ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған консультациялық пункттің жұмысы білім беру саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарын іске асыруға, мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған.Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету. Негізгі міндеттері:
-мектеп жасына дейінгі баланың жан-жақты даму мәселелері бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) әдістемелік көмек көрсету, мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіруге ықпал ету;
- ата-аналарға (заңды өкілдерге) бір жастан бастап мектепке даярлық тобына қабылданғанға дейін балаларды тәрбиелеу, оқыту мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;
-ата-аналарға (заңды өкілдерге) диагностикалық көмек көрсету, мектеп жасына балалардың дамуындағы мәселелерді анықтау және диагностикалау;
- мектеп жасына дейінгі балалардың дене бітімі, психологиялық және әлеуметтік дамуындағы әртүрлі ауытқулардың алдын алу;
-мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрби отырған ата-аналарға (заңды өкілдерге) ақпараттық қолдау көрсету;
-тәрбиеленушінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасына тығыз ынтымақтастық орнату болып табылады.
Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық орнату, ата-аналардың сұраныстарын толық қанағаттандыру мақсатында КМҚК «Баянауыл ауылының сәбилер бақшасында» қыркүйек айынан балабақшаға бармайтын балалар және олардың ата-аналарына тегін кеңес беретін ата-аналарға арналған ақыл кеңес беру пункті жұмысын бастады.
Ата-аналарға арналған консультациялық пункті ұйымдастырудың формалары: жеке және топтық түрде жүргізіліп, педагогикалық, медициналық -сауықтыру, психологиялық бағыттырын қамтиды.
Егер сіздің балаңыз балабақшаға келмесе, Сізде баланы тәрбиелеу мен дамытуға байланысты сұрақтар туындаса, сіз біздің кеңес беру пунктімізге жүгініп, баланы тәрбиелеу мен оқыту, дамыту мен сауықтыру мәселелері бойынша тәжірибелі педагогтар мен психолог, логопед мамандарынан ақыл- кеңестік және тәжірибелік көмек ала аласыз. Біз сіздің сұрақтарыңызға жауап береміз. Сіздің балаңызбен танысқаннан кейін, дәл сіздің балаңызға жарайтын білім беруге және тәрбиелеу мен оқытудың бағдарламаларын таңдау бойынша ұсыныстарды береміз.
Консультациялық пунктке жазылу телефоны: 8 71840-65-005
Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің «Еркетай» шағын орталығының
Ақыл-кеңес беру пунктінің жылдық жұмыс жоспары
2024 – 2025 оқу жылы
№ |
Жұмыс мазмұны |
Мерзімі |
Жауапты |
1 |
2-5 жас аралығындағы балалар тізімін жасау, шағын орталықтар мен даярлыққа қатыспайтын балаларды анықтау. |
қыркүйек |
Тәрбиешілер |
2 |
«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілінің дамуы» дөңгелек үстел ұйымдастыру |
қазан |
Тәрбиешілер |
3 |
«Баланы мадақтау мен ұялту» дөңгелек үстел |
қараша |
Психолог |
4 |
«Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ата-ананың талабы» |
желтоқсан |
Медбике |
5 |
«Өз балаңызды білесіз бе?» Дискуссия |
қаңтар |
Тәрбиешілер |
6 |
«Ойнаймыз да,оқимыз» шебер класс |
ақпан |
Тәрбиешілер |
7 |
«Емдеуші ойындар» шебер класс |
наурыз |
Тәрбиешілер |
8 |
«Бала өмірінде музыканың әсері» шебер класс |
сәуір |
Музыка жетекшісі |
9 |
Жеке мамандардың жұмысы |
Жыл бойы Сұраныс бойынша |
Психолог Тәрбиешілер |
10 |
Тақырып бойынша және ата-аналардың сұранысы бойынша кеңес беру |
Жыл бойы Сұраныс бойынша |
Тәрбиешілер |
11 |
Ата-аналарға ашық есік күнін ұйымдастыру |
Қараша Мамыр |
Басшы Жеке мамандар Тәрбиешілер |
Ата-аналарға (заңды өкілдеріне) және отбасы жағдайында тәрбиеленетін балаларға арналған консультациялық пунк туралы
ЕРЕЖЕ
1.1. Отбасы жағдайында тәрбиеленетін балалар ата-аналарына (заңды өкілдеріне) арналған консультациялық пункт сайтта және мектепке дейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын басқа Баянауыл ауданының білім беру бөлімінің «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ-нің «Еркетай» шағын орталығы ұйымдастырылады.
1.2. Консультациялық пункт мектепке дейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын білім беру мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.3. Консультациялық пункт ата-аналар (заңды өкілдеріне) және білім беру мекемесіне бармайтын балалар үшін жасалады.
1.4. Осы ереже мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде (бұдан әрі - МДБМ) жұмыс істейтін Консультациялық пункттер қызметтерін реттейді.
1.5. Консультациялық пункт мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесі мен дамуында отбасыға көмек көрсету нысандарының бірі болып табылады.
2. Консультациялық пункттің жұмыс істеу мақсаттары мен міндеттері
2.1.Консультациялық пункті отбасы мен қоғамдық тәрбиенің бірлігін және келісімдігін қамтамасыз ету, ата-аналарға (заңды өкілдеріне) психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, білім беру мекемелеріне бармайтын балалардың жан-жақты дамуына демеу болу мақсатында құрылады.
2.2. Консультациялық пункттің негізгі міндеттері:
МДБМ бармайтын балалардың дамуы үшін жағдайды қамтамасыз етуде, ата-аналарға (заңды өкілдеріне) жан-жақты көмек көрсету;
Мектеп жасына дейінгі баланың тәрбиесі, оқытуы мен дамуының әртүрлі мәселелері жөнінде ата-аналарға (заңды өкілдеріне) жан-жақты көмек көрсету;
МДБМ бармайтын, мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтенуіне көмек көрсету;
МДБМ және балалар мен ата-аналарға (заңды өкілдеріне) әлеуметтік және медициналық жәрдем беретін өзге де ұйымдар арасында өзара әрекеттестік қамтамасыз ету болып табылады.
3. Консультациялық пункт қызметін ұйымдастыру
3.1. Сайтта және МДБМ-де қажетті консультациялар, ата-аналар (заңды өкілдерінің) сұранысы бойынша жеке және топтық консультациялар беру, жазбаша өтініш, телефонмен хабарласу, білім беру мекемесі сайтының жұмысын ұйымдастыру арқылы және т.б. бойынша сырттай консультациялар ұйымдастыру - консультациялық пункт қызметінің негізгі нысандары болып табылады.
3.2. Консультациялық пункт ата-аналарға (заңды өкілдеріне) өзінің консультациялық көмегін мынадай мәселелер бойынша жүзеге асыра алады:
Балалардың жас және психикалық ерекшеліктері;
Мектепте оқуға дайындық;
МДБМ-не бармайтын, мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу бұзылуын алдын алу;
Балалардың шынығуы мен сауықтыруы үшін жағдай жасау.
3.3. Консультациялық пункт айына 1 рет консультация түрінде сайтқа жаңа ақпарат орналастырады және әр апта сайын мына телефондар бойынша хабарласып, керекті ақпаратты алып немесе өз проблемаңызды хабарлауыңызға болады.
3.4. Ата-аналарға (заңды өкілдеріне) психологиялық-педагогикалық көмекті ұйымдастыру мамандар: әдіскер, (аға тәрбиеші), басшы, медициналық қызметкер, логопед қызметтерінің бірлестігі негізінде құрылады.
Ата-аналарға (заңды өкілдеріне) консультация беру бір немесе бірнеше өкілдерімен бір уақытта өткізілуі мүмкін.
3.5. Консультациялық пункттің қызметін белгілеу үшін мынадай құжаттарды жүргізу қажет:
Консультациялық пункттің жұмыс жоспары;
МДБМ басшысымен бекітілген Консультациялық пункттің жұмыс кестесі.
Балалары білім беру мекемелеріне бармайтын,
ата-аналарға арналған консультациялық пункт
Құрметті ата-аналар!
Баянауыл ауданыны білім беру бөлімінің «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ-нің «Еркетай» шағын орталығына балалары білім беру мекемелеріне бармайтын, ата-аналарға арналған консультациялық пунк ашылды.
Егер сіздің балаңыз балабақша не болмаса шағын орталыққа бармайды және сізде баланың тәрбиесі мен дамуына байланысты сұрақтарыңыз болса, онда Сіз біздің консультациялық пункте келіп, баланың тәрбиесі мен оқытуы және дамуы мен сауықтыру мәселелері бойынша әдіскерден,медбикеден, психолог пен тәрбиешілерден консультациялық және тәжірибелік көмек алуларыңызға болады.
Біздің консультациялар ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, баланың жан-жақты дамуына жәрдемдесуге бағытталған.
Консультациялық пункті мамандарының жұмыс кестесі
№ |
Маманның Т.А.Ә. қызметі |
Консультацияның өткізілу күні мен уақыты |
«Еркетай» шағын орталығы |
Т.С. Тлеубаева - тәрбиеші А. Мусабековна - медбике |
Сәрсенбі,жұма 11.00-ден 12.00 –ге дейін |
«Еркетай» шағын орталығы |
Ж.Қ. Қожан - тәрбиеші Н.Б. Нуриденова- психолог |
Сәрсенбі, жұма 17.00-ден 18.00-ге дейін |
Ссылка инстагарм парақша: https://www.instagram.com/p/DE4A-QFNIpd/?igsh=cmJibWh6OHpxaW0=
Консультациялық пунктте көмек ТЕГІН көрсетіледі!