Баянауыл ауданыныңмектепке дейінгі ұйымдарында
2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік
білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі
ұйымдардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурстық рәсімді өткізу туралы хабарландыру
Білім беру ұйымдарында ақша қаражатын
жинауға тыйым салу туралы бұйрық
Жаңалықтар
"Makerspace Pavlodar Кубогы"
- Толығырақ
- Жарияланды 10.03.2023 09:38
American Corner & Makerspace Pavlodar С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының аумағында.Робототехниканы дамыту Федерациясымен бірлесіп, Павлодар облысының оқушылары арасында робототехниканы дәріптеу мақсатында "Makerspace Pavlodar Кубогы" өтті.
Ауданымыздың Ш.Шөкин атындағы ЖОББМ - нің 5 – сынып оқушысы Амантай Муслим және 4-сынып оқушысы Хамзаева Томирис "Сумо" санаты бойынша I – орынды иеленді.Ш.Айманов атындағы мектеп- интернатының 7 а сынып оқушылары Ескендір Жанель, Даулетқан Расұл "Шығармашылық" санаты бойынша I – орын. З.Ақышев атындағы ЖОББМ – нің 6 - сынып оқушылары Ғабдысаттар Айзере, Пәзіл Ақберен "Сумо" санты бойынша III – орын иеленді.Оқушыларымызды құттықтаймыз!
«STEAM - білім беру үдерісіндегі инновациялық технологиялар» тақырыбында аудандық семинар өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 03.03.2023 10:36
2023 жылдың 3 наурыз күні Шапық Шөкин атындағы №2 жалпы орта білім беру мектебінде «STEAM - білім беру үдерісіндегі инновациялық технологиялар» тақырыбында аудандық семинар өтті. Қоғамның жаңа қажеттіліктеріне сәйкес заманауи инновациялық әдістер мен технологияларды оқу үрдісіне тиімді қолдану, оқушының қажымас ізденімпаздылығы мен шығармашылық жемісін талап ету мақсатында ұйымдастырылған семинар жұмысына аудандық білім беру бөлімінің әдіскерлері, жалпы білім беру мектептердің ағылшын тілі, физика, математика, биология, география пәндерінің мұғалімдері қатысты. Аталмыш семинардың бастауы тіркеу бөлімінен басталды. «3D қағазды модельдеу» шебер сағатын көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жеңісгүл Егеубайқызы Туяқаева жалғастырды. Әрі қарай семинарды мектеп басшысының міндетін атқарушысы Мəдина Сағидоллақызы Сұңқарбекова ашты. Семинардың ашылуынан соң, пән мұғалімдері ашық сабақтар өткізді. Физика пәнінің мұғалімі Дана Сəбитқызы Іңірбай 10-сыныпта «Конденсаторлар», «Jamboard», «Kahoot» платформалары тақырыбында, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Айя Əмірханқызы Ермекова, Эльмира Талғатбекқызы Солтанова 5-сыныптарда «The gallery of fairy tales» ертегілік қойылым қойды.
Ұстаздарымыз «Жылдың үздік психологі» республикалық конкурсына қатысып жүлделі оралды
- Толығырақ
- Жарияланды 03.03.2023 10:31
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 1-3 наурызы Алматы қаласында «Жылдың үздік психологі» республикалық конкурсының қорытынды кезеңі өтті.Конкурс талантты психологтерді анықтау және қолдау, олардың одан әрі кәсіби дамуы және шығармашылық тұрғыдан өсуіне ықпал ету мақсатында өткізілді.
Республикалық конкурсқа ауданымыздан Ш.Шөкин атындағы ЖОББМ – нің педагог-психологі Шумейко Марина Сергеевна және Д.Рахметов атындаға ЖОББМ - нің педагог-пихологі Қадірбек Айдана Қадірбекқызы қатысты. Шумейко Марина Сергеевна II ДӘРЕЖЕЛІ дипломға ие болды. Қадірбек Айдана Қадірбекқызы «Қол жеткізген ерекше жетістектері үшін» грамотамен марапатталды.
Білікті де білгір ұстаздарымызды құттықтаймыз!
Балабақшада өткен тиімді семинар
- Толығырақ
- Жарияланды 01.03.2023 12:23
2023 жылдың 28 ақпан күні "Туберкулез ауруына шалдығуы ықтимал мектеп жасына дейінгі балаларға арналған "Шағала" балабақшасы" мемлекеттік мекемесінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған "Денсаулық сақтау технологияларын балабақшада тиімді пайдалану" тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: педагогтердің жаңартылған үлгілік оқу бағдарламасы бойынша тәжірибе алмасу, тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру. Семинарға аудан бойынша 20 тәрбиеші, аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет басшысы Гүлнәзи Нұртаева мен бас маман Нұрсағат Ермеков, әдіскер Айгүл Оразалина қатысты.
Семинардың ашылуын балабақша психологі Айнұр Қайырбаева танысу тренингімен бастады. Гауһар Бейсенбаева «Воскобович ойын технологиясы» тақырыбында келген қонақтарға шебер сынып өткізді.
Балабақша тәрбиешілері Құндыз Қаламий, Зәурегүл Маусым, Айдана Амантау, балабақша логопеді Аяжан Күлғожа «Кеңістікте бағдарлау арқылы сөйлеу тілін дамыту» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Семинар соңында ұсынымдар мен пікірлер айтылды.
" Жайдарлы Жас Ұлан " облыстық жайдарманшылар байқауының жеңімпаздары!
- Толығырақ
- Жарияланды 24.02.2023 12:25
24.02.2023 Павлодар "Жайдарлы Жас Ұлан" облыстық интеллектуалды байқауы өтті. Жайдарманның басты тематикасы “Жас Ұлан- көңілді отбасы” болды. Жайдарманға жалпы 12 команда қатысты.
Жайдарман ойынында Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім мектебінің “KezdeSu” командасы 1 орынға ие болды. Байқау екі кезеңге бөлінді:1)Таныстыру 2)Үй жұмысы:Тик ток үзілісі
“KezdeSU” командасын 1 ші орындарымен шын жүректен құттықтаймыз!
Оқушыларымыз жақсы нәтижелер көрсетуде!
- Толығырақ
- Жарияланды 21.02.2023 10:24
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде Майқайың 2 жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Жусупова Айгерим ағылшын тілі пәнінен 2 дәрежелі дипломмен марапатталып, Ә.Марғұлан атындағы Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің грантын жеңіп алды.
(Жетекшісі: Тугарина Г.И.)
Сондай-ақ М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Хайролла Фатима қазақ тілі және әдебиеті пәнінен 3 дәрежелі дипломмен мараптталды.
(Жетекшісі: Жумабекова Ш.Р.)