banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

Баянауыл ауданының мектепке дейінгі ұйымдарында 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі к

«Баянауыл ауданының білім беру бөлімі» ММ (бұдан әрі – білім беру бөлімі) Баянауыл ауданының мектепке дейінгі ұйымдарында 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс жариялайды.

Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды:

  1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» № 381 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті;

Өтініште «мектепке дейінгі ұйымның атауы» жолында заңды тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы куәліктің БСН және бірегей нөмірін көрсету қажет;

  1. мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын, дабыл түймешесін және дауыстық хабарландырудың болуы туралы ақпарат;

  2. санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге (сыйымдылығы үш топқа дейін) медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған аумақтық алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымымен жасалған шартты;

  3. педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білімі туралы штат кестесінің және құжаттарының көшірмесін;

  4. ғимаратты/үй-жайларды жалдау шартының көшірмесін (бар болса) ұсынады.

Құжаттар ұсынылғаннан кейін Комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер («электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы мынадай құжаттардың барын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:

  1. Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқталғаны туралы хабарламалар;

  2. медициналық қызмет көрсетуге лицензиялар және (немесе) медициналық көмек көрсетуге (медициналық қызмет көрсетуге) шарт жасалған аумақтық алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымымен шарттар;

3) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден/қайта тіркеуден өткендігі туралы куәліктер, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (жалға алынған) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар;

4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының нысандарында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» № 29/қе бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымының санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды;

5) конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.

Басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды қабылдауды білім беру бөлімі жүзеге асырады: Баянауыл с., Қ.Сәтбаев к-сі 27 үй, 2023 жылғы 08-10 қараша аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін) немесе электронды пошта арқылы This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Комиссия мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған, оның ішінде тиісті мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды 2022 жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін) қарайды.

 

Баянауыл ауданыныңбілім беру бөлімі

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz