banner1
banner2
banner3

Баянауыл ауданындағы бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру мектептері бойынша «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қыркүйек айында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет.

  Аудан бойынша барлық бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру мектептері осы жобаға 100% қатысып жатыр. 26 мектептен, 24 кітапхана барлығы-4362 оқушы, ата-аналар-3220 қазіргі таңда қамтылды. Негізгі қор-59744, оқулықтар-75344. Оқырмандар саны-41204, кітапханаға келушілер саны-271204, берілген кітаптар саны-761601, көркем әдебиеттерді 1 оқушының жан басына шаққан кезде-13,4% құрайды.

     «Оқуға құштар мектеп» жобасын зерделеу үшін қыркүйек айында ата-аналар жиналысы өтті. Барлық 26 мектептің 826 мұғалімдер мен 3826 ата-аналар қамтылды.

       Оқушылардың кітапханалық-библиографиялық білімдерін қалыптастыру үшін кітапханалық сабақтар 26 мектептегі 826 мұғалімдер мен 3220 ата-аналар, 4432 оқушыға ұйымдастырылды.

     Барлық 24 мектептердің бастауыш сынып, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, тарих, өзін-өзі тану кабинеттеріндегі сөрелерде «Кітап бұрышы», мектеп фойесінде «Буккроссинг» стенді жасалды.

     «Тілге құрмет» аясында барлық мектепте «Тілдер апталығы» өтті.       826 мұғалімдер, 4432 оқушы қатысты. https://www.instagram.com/tv/CT6seAPDk8_/?utm_medium=share_sheet

     «Тілдер күніне» орай «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» тақырыбында челлендж ұйымдастырылды. 826 мұғалімдер, 2102 оқушы қатысты.

     "Оқу сағаты", "20 минут", «Барлығын таста – кітап оқып баста!» атты іс-шараларды барлық мектеп өздерінің сабақ кестелеріне сәйкес әр сәрсенбі күндері сағат 11.00-11.20; 15.00-15.20-ге 20 минут кітап оқуды енгізді. 26 мектеп, 826 мұғалімдер мен 4301 оқушылар қамтылды.

       Аудан бойынша 10 мектепте аудандық, облыстық семинарлар, форумдар өтті.

     2022 жылдың желтоқсан айында көркем әдебиеттер сатып алынды. Ауданға қарасты барлық мектептерге таратылды.

       Осы өткізіліп жатқан іс-шараларды әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары беттеріне жарияланып жатыр. Инстаграмм-78, фейсбук-52, телеграмм-16, БАҚ (республикалық, облыстық, аудандық газет, журналдарға-27 мақала жарияланды.

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz