banner1
banner2
banner3

Баянауыл ауданыныңмектепке дейінгі ұйымдарында   

2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік

білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі

ұйымдардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурстық рәсімді өткізу туралы хабарландыру

 

Толығырақ...


 

Тәуелсіздік күніне орай қос ұстазымыздың жетістігі

 

       2020 жылғы 11 желтоқсан күні Павлодар облысының әкімі Ә.Сқақов «Павлодар облысы білім саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгімен және ақшадай сыйақымен ұстаздарды марапаттау рәсімін қашықтықтан өткізді.

       Баянауыл ауданы бойынша 17 мұғалім онлайн базасы арқылы өтініштерін тіркеп, талаптарға сай құжаттарын тапсырды. Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша Баянауыл ауданынан №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің физика пәнінің мұғалімі Елена Ивановна Уахитова мен З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Меруерт Тұрсынқызы Бәтенова іріктеуден өтті.

       Елена Ивановна оқушылары бірнеше жыл қатарынан оқулардан, ғылыми жобалардан, олимпиадалардан жүлделі орындар алды. 2019 жылы физика пәні бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауында 11-сынып оқушысы Капаров Нияз I дәрежелі дипломмен марапатталды. Қапаров Нияз Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевпен кездесті.

     Сондай-ақ, Елена Ивановна оқушыларды робототехника әлеміне белсенді түрде тартады. Әділ Қапаров, Айым Уахитова, Никита Гребенюк, Жанель Кенжебекова, Камила Серікова робототехника бойынша облыстық жарыстарға белсенді қатысып жүр. 2019 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

       Өздері аудан, облыс, республика, халықаралық көлемінде өткізген іс-шараларға, семинарларға, оқуларға, байқауларға, олимпиадаларға белсене қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүр.

       Меруерт Тұрсынқызы 2016 жылы Астана қаласындағы Білім беру әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Ғажайып қиял әлемі» байқауында балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, сәндік қолданбалы өнерге баулығаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. «Platon» Халықаралық білім беру орталығы өткізген «Моншақтар әлемі» атты Республикалық қолөнер байқауына қатысып, оқушылармен нәтижелі жұмыс жүргізгені үшін мадақтама иеленді. 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстық білім беру қызметкерлерінің «Менің Қазақстаным» атты ХІ облыстық шығармашылық байқауында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Астана қаласындағы «Шабыт» білім беру-әдістемелік орталығы «Көктемнің алғашқы мерекесі» тақырыбындағы республикалық интернет байқауының жүлдегерлерін жоғары дәрежеде дайындаған үшін Дипломмен және оқушысы Нұрай Шайқыбекова ІІІ дәрежелі Диплом иеленді. «Шабыт» білім беру-әдістемелік орталығы   «Күз бояуы» атты сырттай өткізілген Республикалық байқауына қатысқанын растайтын сертификатты Алтынай Балмұрат пен Олжабай Данеля алды.

2018 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне   арналған бейнелеу өнерінен білім беру қызметкерлері арасында өткізілген «Менің Қазақстаным» атты ХІІІ облыстық шығармашылық сайыстың ІІ дәрежелі Диплом жүлдегері болды.

2019 жылы Халықаралық байқауда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасына арналған «Мәңгілік ел-Қазақстаным», «Жұлдызды талант» халықаралық байқауында білім алушы дарынды балаларды көрмеге дайындағаны үшін Мадақтамамен, 9-сынып оқушысы Алтынай Болат І дәрежелі дипломмен, сонымен қатар төсбелгімен марапатталды. 2020 жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Павлодар облысындағы «Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы ұйымдастырған «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы облыстық және республикалық кезеңіне қатысып, ІІІ дәрежелі Дипломын жеңіп алды. Халықаралық «ЮНЕСКО» орталығы ұйымдастырған «Ақбота» облыстық балалар бейнелеу шығармашылығы байқауына жеңімпаз дайындағаны үшін Дипломмен марапатталды.

     Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор. Ұстаздар мерейі үстем. Қос мұғалім де осы марапатқа сай. Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасына бақыт, еңбекте табыс тілейміз. Мақтан тұтар шәкірттеріңіз көп болсын!

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

ruhany
"Рухани жангыру"

 

 

"Цифрлық Қазақстан"

 

 

mangelik
"Астане - 20 лет"

 

 

mangelik
"Павлодарской области - 80 лет"