banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

«Үздік мектеп кітапханасы» облыстық кезеңге іріктеу өтті.

2023 жылғы 6 қазан күні Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің кітапханасында «Үздік мектеп кітапханасы» облыстық байқаудың аудандық кезеңі өтті. Баянауыл ауданы бойынша аудандық кезеңге М.Әуезов ат.ОМ-нің кітапханашысы Г.Қасымова, Ақши НМ-нің кітапханашысы А.Адабекова, Е.Бекмаханов ат.ОМ-нің кітапханашысы А.Ақылбекова, С.Торайғыров ат.ОМ-нің кітапханашысы Ж.Төлегенова, Шадыра ОМ-нің кітапханашысы Д.Қасымова, Ш.Шөкин ат.ОМ-нің кітапханашысы Қ.Багимова, Лекер НМ-нің кітапханашысы А.Сүлейменова, З.Ақышев ат.ОМ-нің кітапханашысы Ж.Бекмағанбетова, Б.Хайдаров ат.ОМ-нің кітапханашысы Ш.Аманкелдиева, Ш.Айманов ат.МИ-ның кітапханашылары А.Жүнісова мен А.Жапарова, Д.Рахметов ат.ОМ-нің кітапханашысы А.Боранбай, Қ.Сәтбаев ат.МБОТК-нің кітапханашысы Б.Мұзафарова 13 кітапханашы қатысып, өз жұмыстарын қорғады. Байқау қорытындысы бойынша З.Ақышев ат.ОМ-нің кітапханашысы Ж.Бекмағанбетова «Бас жүлде», М.Әуезов ат.ОМ-нің кітапханашысы Г.Қасымова I орынмен, Ш.Айманов ат. МИ-ның кітапханашылары А.Жүнісова мен А.Жапарова II орынмен, Е.Бекмаханов ат.ОМ-нің кітапханашысы А.Ақылбекова мен Қ.Сәтбаев ат.МБОТК-нің кітапханашысы Б.Мұзафарова III орынмен марапаталды. З.Ақышев ат.ОМ-нің кітапханашысы Ж.Бекмағанбетова мен М.Әуезов ат.ОМ-нің кітапханашысы Г.Қасымова облыстық кезеңге қатысуға жолдама алды. «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге», – дей келе кітапты сүйіп оқитын оқырмандарыңыз көп болсын.

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz