Жаңалықтар
«Көркем еңбек пәнін оқытудың заманауи тәсілдері» облыстық семинар-практикумы
- Толығырақ
- Жарияланды 23.11.2023 11:51

Әрбір педагогтың басты міндеті - бүгінгі жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу. Білім беру негіздері мектепте қаланғандықтан, оқушының жеке басының күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту басты рөл атқарады. Сонымен, қазіргі мұғалімнің маңызды мақсаты - жан-жақты дамыған, белсенді, шығармашылық, әлемді түсінуде еркін тұлғаларды тәрбиелеу.
Осыған байланысты 2023 жылдың 22 қарашасында Павлодар облысы білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес Майқайың балалар өнер мектебінде көркем еңбек, технология мұғалімдеріне арналған «Көркем еңбек пәнін оқытудың заманауи тәсілдері» атты облыстық семинар практикумы өтті. Семинардың басты мақсаты заманауи оқушының көркемдік-эстетикалық дамуын арттыру, мектеп мұғалімдерінің тәжірибесімен алмасу болды. Семинарға облыстық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, білім беру мекемелерінің көркем еңбек пәнінің мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында Майқайың балалар өнер мектебінің мұғалімдері Г.З.Токбулатова «Текстуралық паста арқылы кенепте бедерлі жұмыстар жасау», А.Кенжехан «Сәнді түйреуіштер жасау технологиясы», Ә.С.Шәпи «Қыш құмыра өнерінің жасалу жолы» тақырыбында шеберлік сағаттарын өткізді. Сонымен қатар Жаяу Мұса атындағы Баянауыл балалар өнер мектебінің мұғалімі Г.Д.Жарова «Модульдік сурет салудың қадамдық технологиясы», Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі М.Т.Батенова «Табиғи материалдардан сәнді бұйымдар жасау», Ермұхан Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі А.Д.Байгурманова «Ұлттық нақыштағы пішіндер», Шадыра жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Ш.А.Жанайдарова «Ағаш қалдықтарды қайта өңдеу» тақырыбында тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға облыстық білім беру ұйымдарының 50 педагог мамандары қатысты.
«Үздік мектеп кітапханасы» облыстық кезеңге іріктеу өтті.
- Толығырақ
- Жарияланды 09.10.2023 10:36
2023 жылғы 6 қазан күні Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің кітапханасында «Үздік мектеп кітапханасы» облыстық байқаудың аудандық кезеңі өтті. Баянауыл ауданы бойынша аудандық кезеңге М.Әуезов ат.ОМ-нің кітапханашысы Г.Қасымова, Ақши НМ-нің кітапханашысы А.Адабекова, Е.Бекмаханов ат.ОМ-нің кітапханашысы А.Ақылбекова, С.Торайғыров ат.ОМ-нің кітапханашысы Ж.Төлегенова, Шадыра ОМ-нің кітапханашысы Д.Қасымова, Ш.Шөкин ат.ОМ-нің кітапханашысы Қ.Багимова, Лекер НМ-нің кітапханашысы А.Сүлейменова, З.Ақышев ат.ОМ-нің кітапханашысы Ж.Бекмағанбетова, Б.Хайдаров ат.ОМ-нің кітапханашысы Ш.Аманкелдиева, Ш.Айманов ат.МИ-ның кітапханашылары А.Жүнісова мен А.Жапарова, Д.Рахметов ат.ОМ-нің кітапханашысы А.Боранбай, Қ.Сәтбаев ат.МБОТК-нің кітапханашысы Б.Мұзафарова 13 кітапханашы қатысып, өз жұмыстарын қорғады. Байқау қорытындысы бойынша З.Ақышев ат.ОМ-нің кітапханашысы Ж.Бекмағанбетова «Бас жүлде», М.Әуезов ат.ОМ-нің кітапханашысы Г.Қасымова I орынмен, Ш.Айманов ат. МИ-ның кітапханашылары А.Жүнісова мен А.Жапарова II орынмен, Е.Бекмаханов ат.ОМ-нің кітапханашысы А.Ақылбекова мен Қ.Сәтбаев ат.МБОТК-нің кітапханашысы Б.Мұзафарова III орынмен марапаталды. З.Ақышев ат.ОМ-нің кітапханашысы Ж.Бекмағанбетова мен М.Әуезов ат.ОМ-нің кітапханашысы Г.Қасымова облыстық кезеңге қатысуға жолдама алды. «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге», – дей келе кітапты сүйіп оқитын оқырмандарыңыз көп болсын.
Біздің мақтанышымыз!
- Толығырақ
- Жарияланды 06.10.2023 10:36
Бүгін Астана қаласында өткен республикалық педагогтер съезі барысында Мемлекет басшысы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бірқатар мұғалімге «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын табыстады. Олардың қатарында академик Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінің математика пәнінің мұғалімі Сәбит Ибадуллин де бар. Сәбит Әбдікенұлы - Баянауыл ауданы Теңдік ауылының тумасы. 1992 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдап, ұстаздық қызметін бастады. Содан бері оқушыларға ғылымдардың патшасы саналатын математика пәнінің қыр-сырын үйретіп жүр. 30 жылдан астам уақыт аралығында ұстаздың шәкірттері талай жетістікке жетіп, мектеп пен мұғалімнің мерейін асырды. Бүгінгі оқушылары да талай білім бәсекелерінен олжалы оралып жүр. Мәселен, биыл оқушысы Марат Санжар олимпиадада үшінші орын алса, Ақбаян Түсіпбаева «Айқанат» олимпиадасында жеңімпаз болды. Математика бойынша ғылыми жобалар дайындап, сәтті қорғап жүрген шәкіреттері де бар. Ұстаздың өзі де үнемі білімі мен біліктілігін жетілдіріп, шыңдап келеді. Өз сабағында заманауи технологияларды, жаңа ғылыми жетістіктерді, авторлық бағдарламаларды тиімді қолданады. Айталық, осы жылы «Математика сабақтарында инновациялық идеяларды қолданудың практикасы» атты авторлық бағдарламасын әзірледі. Осы және өзге де еңбектері еленіп, бүгін Президенттің қолынан ««Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын алды. Жерлес мұғалімді осындай жоғары табысымен құттықтаймыз!
Сандугаш Серикбаевна Абжанова
- Толығырақ
- Жарияланды 27.07.2023 09:38
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына (2022 жылға енгізілген өзгерістермен) сәйкес 2023 жылғы 22 маусымдағы «Павлодар облысының білім беру басқармасы» ММ конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының №1 хаттамасы негізінде 2023 жылдың 01 шілдеден бастап Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданының білім беру бөлімінің “Баянауыл ауылының сәбилер бақшасы” КМҚК басшысы Сандугаш Серикбаевна Абжанова тағайындалды.
Асем Шарапиденовна Жакенова
- Толығырақ
- Жарияланды 27.07.2023 09:38
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына (2022 жылға енгізілген өзгерістермен) сәйкес 2023 жылғы 22 маусымдағы «Павлодар облысының білім беру басқармасы» ММ конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының №1 хаттамасы негізінде 2023 жылдың 01 шілдеден бастап Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданының білім беру бөлімінің “С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебі” КММ басшысы Асем Шарапиденовна Жакенова тағайындалды.
Жазғы лагерь
- Толығырақ
- Жарияланды 24.05.2023 15:55

Жазғы лагерь бойынша ақпараттарды Баянауыл аудандық білім беру бөлімінің
cаll center: 8(71840)91081 нөміріне хабарласып біле аласыздар!



