Баянауыл ауданыныңмектепке дейінгі ұйымдарында
2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік
білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі
ұйымдардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурстық рәсімді өткізу туралы хабарландыру
Жаңалықтар
"Мың бояулы Маңғыстау" атты Республикалық өнер байқауының жеңімпаздары
- Толығырақ
- Жарияланды 08.11.2021 16:00

2021 жылғы 6 қараша күні Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық филармониясында "Мың бояулы Маңғыстау" атты Республикалық өнер байқауы өтті.
Бұл байқауға Қошке Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің даярлық сынып оқушысы Ақжарқын Серік пен 2-сынып оқушысы Серіәлі Серік қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша даярлық сынып оқушысы Ақжарқын Серік пен 2-сынып оқушысы Серіәлі Серік "Эстрадалық вокал" жанрынан І орынды жеңіп алды. Оқушыларды байқауға жоғары деңгейде дайындаған жетекшілері Нұрайым Бейсенқызы Құдайберген мен Ақерке Қазбекқызы Ғазиз. Оқушыларымыздың жетістігі құтты болсын!
«Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасының нәтижесі
- Толығырақ
- Жарияланды 14.10.2021 15:00

Қапшағай қаласы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2021 жылдың 11-13 қазан аралығында «Оқуға құштар баланы тәрбиелеудегі мектеп кітапханасының рөлі» тақырыбында республикалық семинар өтіп жатыр.
Семинарға Баянауыл ауданынан Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің кітапханашысы Гүлсін Маханқызы Қасымова қатысуға кетті. Тәжірибе алмасу барысында Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің кітапханашысы Гүлсін Маханқызы Қасымова өз шеберлігін ортаға салды.
Сайыс қорытындысы бойынша Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің кітапханашысы Гүлсін Маханқызы Қасымова «Білгір кітапханашы-2021»сайысында кәсіби біліктілігі үшін I дәрежелі дипломмен марапатталды. Марапатыңыз құтты болсын!
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінен келген кітаптар оқушыларға табыс етілді
- Толығырақ
- Жарияланды 21.09.2021 15:00

«Ауылыма кітап» республикалық қайырымдылық акциясы аясында Баянауыл ауданына 15 дана көркем әдебиеттер мен танымдық кітаптар сыйға берді. Аталмыш акцияны «Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен іске қосылып, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне жолданған екен.
Бұл кітаптар оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыруға пайдасы зор. Акция аясында ауыл мектептерінің кітапхана қоры аз да болса қажетті көркем әдебиеттермен толықты. Оқушылар тарапынан демеушілік көрсеткен аға-апаларымызға мың да бір алғыс айтамыз!
«Қазағымның қазынасы-домбыра» облыстық байқауының жеңімпазы
- Толығырақ
- Жарияланды 04.07.2021 15:00

Павлодар облысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімі «Қазағымның қазынасы – домбыра» облыстық байқау-конкурсын іске қосқан болатын. Аталмыш байқау облысымыздың үздік мамандандырылған домбыра кабинетін анықтауға бағытталған. Мамандандырылған домбыра кабинеттері бұл-арнайы стендтермен, заманауи техникалармен және ұлттық аспаптармен жабдықталаған кабинет болуы шарт.
Байқау мақсаты: мамандандырылған домбыра кабинеттерінің жұмыс істеуі оқушылардың белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға, тарихи-мәдени мұраны зерделеуге, ұлттық кодты сақтауға бағытталған білім беру-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың қажетті шарттарына сәйкестігін анықтау.
«Бала еңбегін қанауға 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өтті.
- Толығырақ
- Жарияланды 12.06.2021 17:00

Баянауыл ауданына қарасты жалпы орта,негізгі білім беру мектептерде 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны арналған іс-шаралар арнайы жоспарға сәйкес аталып өтті.
Науқанның мақсаты-қоғамның назарын, соның ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады. Науқан «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!»ұранымен өткізілді.
Аудан бойынша аталған іс-шараларға мектеп жанындағы лагердегі оқушылар қатысты. Науқанның басталуы туралы ата-аналар мен мұғалімдерге, оқушыларға «Назар салайық! » тақырбында жадынама таратылды. «Zoom» платформасы арқылы ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар қауымдастығымен түсініктеме жұмыстары жүргізілді.
«Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау» күніне орай өткізілген іс-шаралардың тиімділігі.
- Толығырақ
- Жарияланды 07.06.2021 17:00

Баянауыл ауданына қарасты жалпы, негізгі білім беру мектептерінде «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау» күніне орай іс-шаралар өткізілді.
Оқушыларға адам мен табиғаттың егіз екенін ұғындыру. Жерді құрметтеуді, табиғатты қорғауды үйрете отырып, қоршаған ортаны қорғау, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру. Туған жердің табиғатын аялауға, қамқорлық жасауға баулу, табиғатты сүюге үйрету, экологиялық тәрбие беру мақсатында мектеп ұстаздары мен оқушылары ерікті түрде «Таза бұлақ» акциясы негізінде ауылдың ортасынан ағып жатқан бұлақтың маңайын, «Таза мектеп ауласы»тақырыбында мектеп ауласын қоқыстардан тазалады.
Адам-табиғаттың ажырамас бөлшегі. Сондықтан оны қастерлеп, ластануына жол бермеу маңызды. «Табиғатты қорғау-адамзаттың парызы», «Қоршаған ортаны қорғайық», «Адам- табиғаттың досы» тақырыбында 1-8 сыныптар аралығында тәрбие сағаттары өтті.