Жаңалықтар
«Баянауыл дарыны-2022» марапаттау рәсімі.
- Толығырақ
- Жарияланды 02.06.2022 09:08
Қаныш Сәтбаев атындағы мемориалдық мұражайында дарынды балалардымарапаттау рәсімі өтті. Баянауыл ауданы бойынша 2021-2022 оқу жылында Халықаралық және Республикалық сайыстардың 23 жеңімпазы марапат төрінен орын алды. Кездесуге аудан әкімі Серік Барлыбайұлы Батырғожинов пен аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауданымыздың Құрметті азаматтары, дүниежүзілік ХІХ жазғы Гимназиада жеңімпазы Диханның ата-анасы қатысты.
2021-2022 оқу жылы Баянауыл ауданының оқушылары Халықаралық және Республикалық сайыстарда жалпы аудан бойынша көптеген сайыстарда жүлделі орындарға ие болды. Бұл Баянауыл үшін зор мақтаныш пен үлкен қуаныш!
Марапаттау рәсіміне ауданымыздың әкімі Серік Барлыбайұлы Батырғожинов қатысты. Марапаттау рәсімінің алғашқы шымылдығын 30 мамыр күні Нұрсұлтан қаласында өткен Дүниежүзілік ХІХ жазғы Гимназиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Білім және ғылым министрі Асхат Айтмағамбетовтың салтанатты марапаттау рәсімінде қатысып келген Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Дихан Шайқыбеков болды. Дихан Бүкіл әлемдік жазғы гимназиадада Республика намысын қорғап бокстан ІІ орын иегері атанып, Павлодар облысы Ертіс-Баян өнірінің атын асқақтатты.«Жүйріктен жүйрік шығар жарысқанда» дегендей, осындай шәкіртті халықаралық додаға дайындаған бапкері Әзімбек Несіпбекұлы Әбжанов.
Жалпы білім беретін пәндерден Республикалық және Халықаралық байқауларында қатысып, жоғары нәтижелер көрсеткен үшін «Білім шыңы»номинациясының жеңімпаздары: Фатима Хайролла – Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы. Республикалық «ProEco» конкурсының ІІ орын иегері, Ернұр Қанаш – Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы. Республикалық ғылыми жобалар конкурсында ІІ орынға ие болды, Райымбек Марат - Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Республикалық «KazRobotics» конкурсында ІІ орын, Айсәуле Шәкен– Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» І орын иегері, Ернар Назымхан - Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 5-сынып оқушысы Халықаралық робототехника фестивалінде Roboland 2021 ІІІ орын, Аянна Тлеубергенова - №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы, Республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» І орын иегері, Жәнібек Марат - Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 4-сынып оқушысы. «Зерде» Республикалық ғылыми жобалар конкурсында «Бас Жүлде» иегері.
«Баянауыл дарыны-2022» марапаттау рәсімі «Шоқ жұлдызы» номинациясымен марапаттау үшін ардагер ұстаз, Баянауыл ауданының Құрметті азаматы, халық вокалдық «Баян әуендері» топтың ұйымдастырушысы Валентина Зағитдоллақызы Шаймерденова жүргізді.
Мейіржан Баршынбаев - Жаяу-Мұса атындағы Баянауыл балалар өнер мектебі. Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасында «Жыр алыбы - Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысында - Кенен Әзірбаев атындағы жүлдесіне және көрсеткен өнері үшін алғыс хатпен марапатталды. Айсу Бектурсунова - Майқайың балалар өнер мектебі.Республикалық «Берекелі алтын күз» атты балалармен жасөспірімдер байқауының І орын иегері. Айзара Байкетаева - Жаяу-Мұса атындағы Баянауыл балалар өнер мектебі. VIII халықаралық “Өнер арқылы өмірге” атты балалар шығармашылығының “Игі іс” жыл тақырыбы бойынша – лауреат атанды. Муслима Берікбайқызы - Жаяу-Мұса атындағы Баянауыл балалар өнер мектебі. 2021ж. Қазақстан Реcпубликасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Мы – будущее нашей страны!” атты республикалық сурет конкурсында - I орын.Әлішер Талқайрат - Майқайың балалар өнер мектебі. 2021-2022 оқу жылында халықаралық «Қазақстан таланттары» атты Қазақстан-Ресейлік жоба көп жанрлы фестиваль, балалармен жасөпірімдер шығармашылығы байқауында І орын иегері. Алдияр Дулат - Майқайың балалар өнер мектебі.ХІІІ республикалық «Ұлы елдің таланттары» жыр-күй жасөспірімдермен балалар арасындағы өнер байқауына қатысып жүлделі І орын иегері атанды.
«Спорт тарланы» номинациясының жеңімпаздарын марапаттау үшін Зейнолла Ғабдоллаұлы Талипов жүргізді.
Іңкәр Балтабек – Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 6-сынып оқушысы. 2019,2020 оқу жылдарында Қырғызстан Республикасында өткен Халықаралық үстел теннис жарысында жүлделі орынға ие болған, 2021-2022 оқу жылында Республикалық қыздар арасындағы үстел теннисінен 3-орын иегері, Инабат Балтабек – Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 6-сынып оқушысы. 2019,2020 оқу жылдарында Қырғызстан Республикасында өткен Халықаралық үстел теннис жарысында жүлделі орынға ие болған, 2021-2022 оқу жылында Республикалық қыздар арасындағы үстел теннисінен 3-орын, Әділ Жанболат - Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 5-сынып оқушысы.ХІХ Республикалық турнирда грек-рим күресінен ІІ орын иегері, Ерік Сарбасов – Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 5-сынып оқушысы. Республикалық грек –рим күресінен ІІІ орын, Нұрболат Нәби– Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы. Республикалық грек –рим күресінен ІІІ орын, АқботаҚуанышқызы – Бахыт Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы.Балалар жылына арналған Республикалық турнирде үстел теннистен 1 орын иегері, Айзере Зейнулла - Бахыт Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы.Балалар жылына арналған Республикалық турнирде үстел теннистен 2 орынға ие болды, Марат Мирас-Жайма жалпы орта білім беру мектебінің 3-сынып оқушысы.Асық атудан Қазақстан Республикасының біріншілігінде ІІ орын, Бериков Жанибек-Жайма жалпы орта білім беру мектебінің 4-сынып оқушысы.Асық ату Қазақстан Республикасының біріншілігінде ІІ орынға ие болды,Олжабек Ернат-Жайма жалпы орта білім беру мектебінің 4-сынып оқушысы.Асық ату Қазақстан Республикасының біріншілігінде ІІ орын иегері.
Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Айсәуле Шәкенге сөз берілді. Жас ақын Мейіржан Баршынбаев өзінің жүрек жарды Арнауын жолдады.