banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

Педагог мамандардың тамыз кеңесі - жыл қорытындысы

     Екінші бөлімде ардагер ұстаздарымызға өздерінің ізбасарлары мектеп басшылары құрмет білдірді. Сыйлықтары мен гүл шоқтарын берді.

     Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің, және аудан әкімінің марапаттатарын аудан әкімі Серік Барлыбайұлы Батыргожинов табыстады.

     Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен

Жақсыжан Әлжанұлы Әлжанов, Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің «Мектепке дейінгі білім беру ісінің үздігінің «Құрмет дипломымен» Майқайың кенті сәбилер бақшасының басшысы Тұрымтай Аухадиқызы Қорабаева, Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің «Құрмет грамотасымен» Мәшһүр Жүсіп Көпеев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің физика, информатика пәнінің мұғалімі Аюпов Асқар Хамзаевич, Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің «Алғыс хатымен» Шадыра жалпы орта білім беру мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мұрат Жақтайұлы Әдешев пен Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының басшысы Салтанат Сейтжанқызы Досмағамбетова, Баянауыл ауданының білім саласына өз үлесін қосқаны үшін аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен» Қошке Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің математика пәнінің мұғалімі Сатина Қабдырқызы Кокумбаева, Дүйсенбай Рахметов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Қуаныш Елемесұлы Кокишев, Баянауыл аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Нығметова Айнагүл Жанатқызы, Жылбек Ағаділов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұргүл Сейтқалиқызы Қалыбекова, Майқайың өнер мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі Әлем Кенжебайұлы Әкімжанов,

Баянауыл ауданының білім саласына білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін әкімінің «Алғыс хатымен» №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің география пәнінің мұғалімі Жұлдыз Бүркітқызы Сауырбаева, Майқайың кенті сәбилер бақшасының әдіскері Жанара Сембайқызы Игубаева, Шөптікөл жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баянгүл Жанпейісқызы Шәріпжанова, Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің кітапханашысы Жанар Қуантайқызы Бекмағанбетова, Баянауыл ауданының білім беру бөлімінің әдіскері Аслан Бүркітұлы Омаров марапатталды.

       Облыстық білім беру басқармасының марапаттатарын табыстау үшін «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының басшысы Азамат Боранбайұлы Шаймұрат сахнаға шақырылды.

     Облыстық білім беру басқармасының «Құрмет грамотасымен» облыстың білім саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен кәсіптік қызметіндегі жоғары көрсеткіштері үшін Тұяқаева Жеңісгүл Егеубайқызы- Шапық Шөкин атындағы №2 жалпы орта білім беру мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі, Салықов Әкімбек Балтабекұлы- Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп интернатінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі,Садықов Қанат Еркінұлы-Лекер жалпы негізгі білім беру мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Нөгербаев Бейбіт Кәкімұлы- Шөптікөл жалпы орта білім беру мектебінің алғашқы әскери дайындық мұғалімі, облыстық Білім беру басқармасының «Алғыс хатымен» Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін марапатталады: Қырықбесов Қайыржан Қырықбесұлы-Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің көркем еңбек және графика пәнінің мұғалімі, Шоқаева Әйгерім Алтынғазықызы- Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Садықова Перизат Насырқызы- Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қанафия Мақсат Арғынұлы- Шапық Шөкин атындағы №2 жалпы орта білім беру мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Тугарина Галия Исмаиловна-№2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, облыстық «Үздік әдістемелік кабинет-2022» атты конкурсының ІІ орын иегері Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті және «Үздік әдіскер» облыстық конкурсының «Аудандық білім беру бөлімінің үздік әдіскері» бағыты бойынша Сәдуақасова Махаббат Құдайбергенқызы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

         Аудандық білім беру бөлімінің марапаттарын білім беру бөлімінің басшысы Мереке Талқайратұлы Әбдікәрімов табыстады. Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталады: Төкенова Айсұлу Көкешқызы-Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебінің тарих пәнінің мұғалімі,

Байтокина Айгүл Қайроллақызы-Біріншімай бастауыш білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Багимбекова Айнұр Уахитқызы- Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының логопеді,Рапихова Гүлжихан Мұратқызы- Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенің тәрбиешісі,Бекмағанбетова Мирагүл Жұмабайқызы- Дүйсенбай Рахметов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің аға тәлімгері,Сарбасова Жанаргүл Шәмкенқызы- Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының педагог-ұйымдастырушысы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Алғыс хатымен» Ермұхан Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің биология пәнінің мұғалімі Смайлова Ақдана Маратқызы, Күмісбекова Қорлан Сайлауқызы- Қошке Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің кітапханашысы,Түсіпбаев Хабдулкәкім Рымбайұлы- Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенің математика пәнінің мұғалімі, Бәкірова Жаңылтай Олжанқызы- Әлкей Марғұлан атындағы жалпы орта білім беру мектебінің математика пәнінің мұғалімі, Фаменова Әсел Берікқызы -Баянауыл ауылы сәбилер бақшасының тәрбиешесі, Үшқұлын жалпы орта негізгі білім беру мектебі, Дүйсенбай Рахметов атындағы жалпы орта білім беру мектебі, Сұлтанмахмут Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебі«Жаз-2022» бағдарламасы аясында ұйымдастырған үздік жұмысы үшін: «Жазғы сауықтыру лагері» номинациясы бойынша марапатталады.

Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешені «Мектеп аумағын жақсарту және дамыту» номинациясы , Бахыт Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебі «Ең жақсы гүл дизайні» номинациясы ,Сұлужон жалпы орта білім беру мектебі «Ең жақсы тақырыптық гүлзар, ертегілік сюжеттер» номинациясымен марапатталады.

           Биыл ауданымызға 8 жас маман келып отыр. Олар ауданымыздың әр мектептеріне жолдама алды.

           Көрермендеріміз жаңа оқу жылының басталуының құрметіне өнерпаздарымыздың өнерін тамашалады.

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz