Жаңалықтар
Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының алғашқы брифингі өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 19.02.2018 08:23
Аймақтық коммуникациялар қызметінің алаңында Павлодар облысы білім беру басқармасының жаңа басшысы Дінислам Болатханұлының алғашқы брифингі өтті.
Облыстың бас педагогы тілшілерге мекеме жұмысының жоспарлары, өңірде білім беру қызметінің сапасын жақсатру, ақпараттың айқындылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету, аталған салада сыбайлас жемқорлықты жою бойынша қандай шаралар қабылданатыны туралы айтты.
Білім беру басқармасы қызметінің басты бағыттарының бірі «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын енгізу бойынша жұмысы болады. «Ұлттық білім беру дерекқоры» білім беру салалаларының басым бөлігінде енгізілетін болады.