Жаңалықтар
Қыздар арасындағы баскетбол жарысы
- Толығырақ
- Жарияланды 21.12.2018 11:48

2018 жылғы 21 желтоқсан күні Шөптікөл жалпы орта білім беру мектебінде аудан көлемінде қыздар арасында баскетбол жарысы өткізілді. Бұл спорттық ойын саласына ауданымыздың 8 мектебінен командалар келіп, өздерінің спортқа деген ынталарын көрсетті. Оқушылардың спорт саласындағы дайындықтарын қадағалау мақсатында Баянауыл ауданының білім бөлімінің әдіскері мен мектебіміздің директоры қатысты.
Әр мектептерден келген командалар бірінен-бірі асқан ойыншылар екенін ойын үстінде дәлелдей түсті. Финал ойынына 8 мектеп арасынан Шөптікөл командасы мен Шадыра командасы сүрінбей өтіп, жарыстың нүктесін қоюға, баскетбол ойынының жеңімпазы атануға таласқа түсті. Баскетбол ойын жарысының нәтижесінде ІІІ орын иегерлері Әблешов Ерланның жетекшілігімен келген К.Кемеңгеров атындағы ЖОББ мектебі, ІІ орынды Шадыра ЖОББ мектебінің жетекшісі Үкібай Дәурен және арнайы баскетбол кубогінің иегерлері, І орын жүлдегерлері Хұрманбай Тілейханның жетекшілігімен шыныққан Шөптікөл ЖОББ мектебінің қыздар командасы жеңіске жетті.
«Eń úzdіk ádіsteme-sheberlіktі shyndaý»
- Толығырақ
- Жарияланды 21.12.2018 10:48

2018 жылғы 20 желтоқсан күні №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектеп базасында «Ең үздік әдістеме-шеберлікті шыңдау» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұны: оқыту үдерісіндегі педагогикалық технологиялардың тиімділігін практика және тәжірибе барысында көрсету.
Семинарға Павлодар қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп директорының бейінді-эксперименттік жұмысы жөніндегі орынбасары А.Ж.Көпеев және Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, аудан мектептерінен химия, биология, физика, орыс тілі, қазақ тілі, бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
«Шағала» балабақшасындағы жаңалыққа толы семинар
- Толығырақ
- Жарияланды 13.12.2018 10:48

2018 жылғы 12 желтоқсан күні Майқайың кентінде орналасқан «Туберкулез ауруына шалдығуы ықтимал мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Шағала» балабақшасы» мемлекеттік мекемесінде Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған асық технологиясы» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинарға аудандағы және Майқайың кентіндегі балабақша тәрбиешілері мен әдіскерлері, сонымен қоса шағын орталық тәрбиешілері қатысып тәжірибе алмасты.
Семинар барысында І санатты тәрбиеші Г.Ш.Бейсенбаева асық технологиясын қолданудың жан-жақты әдіс-тәсілдерін қолдана отырып асықтың бүгінгі бүлдіршінді дамытуға қажетті әрі бірегей әдістемелік құрал екенін тәжірибемен бөлісу арқылы көрсетті. Асықты бар ынта-жігерімен ойнаған балалар жан-жақты дамиды, асық¬тың бала ден-саулығына ешқандай зардабы жоқ. Тәрбиешілер Г.Ш.Бейсенбаева, Н.Әбенова, А.А.Амантау асықты ойыннан бөлек оқу үдерісіне пайдалану арқылы баланың танымдық қабілетін дамытуға болатынын көрсетті.
«Мектепке жол» мейірімнен басталады
- Толығырақ
- Жарияланды 15.10.2018 05:45
2018 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өтті.
Акция мақсаты – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көп балалы отбасылар және әлеуметтік қорғалмаған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша оқушыларды мектепке бармауын алдын алу үшін көмек көрсету. Олардың мектеп формасы, оқуға қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтылып, алаңсыз білім алуына жағдай жасау.
Баянауыл ауданы бойынша «Мектепке жол» акциясы аясында ауылдық округтерде 25 баннер, 55 плакаттар ілінді, білім бөлімінің, аудан әкімдігінің сайтына берілді. Акция барысында 179 аула аралау, 81 рейдтік шаралар жүргізілді.
Осы іс-шараға аудан әкімдігі, барлық білім беру ұйымдарының қызметкерлері, Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, «Халық банкі» АҚ, мемлекеттік ұйымдар басшылары, жеке кәсіпкерлер мен маслихат депутаттары да қатысып, көмекке мұқтаж отбасыларға материалдық көмектер көрсетті.
Сондай-ақ «Логотек КZ» ЖШС –і 80 мың теңгеге 8 оқушыға, «Алюмний зауыты» АҚ –ы 150 мың теңгеге 14 оқушыға, «Пневмоударное бурение» ЖШС –і 240 мың теңгеге 20 оқушыға мектеп формаларын, спорт формалары мен сумкаларды, кеңсе тауарларын сыйлады.
«Мектепке жол» акциясы аясында аудан бойынша материалдық көмекке мұқтаж 410 балаға 5526,0 мың теңгеге көмек көрсетілді. Оның ішінде жаппай біліммен қамту қорынан 275 оқушыға 2278,0 мың теңге, демеушілер есебінен 289 оқушыға 3248,0 мың теңге.
Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 25 января 2018 года № 28
- Толығырақ
- Жарияланды 10.08.2018 11:49
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 апреля 2015 года № 179 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере среднего образования, оказываемых местными исполнительными органами»
ПРИКАЗЫВАЮ:
1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 апреля 2015 года № 179 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере среднего образования, оказываемых местными исполнительными органами» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 11057, опубликован в информационно-правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан «Әділет» 22 мая 2015 года) следующие изменения и дополнение:
в стандарте государственной услуги «Прием документов и зачисление в организации образования, независимо от ведомственной подчиненности для обучения по общеобразовательным программам начального, основного среднего, общего среднего образования», утвержденном указанным приказом:
пункт 6 изложить в следующей редакции:
«6. Результат оказания государственной услуги: выдача расписки о приеме документов и издание приказа о зачислении в организацию среднего образования (начального, основного среднего, общего среднего) на начало учебного года.
Форма предоставления результата оказания государственной услуги: электронная или бумажная. При обращении к услугодателю за результатом оказания государственной услуги на бумажном носителе результат оформляется на бумажном носителе.
При обращении через портал в «личный кабинет» услугополучателя приходит уведомление о зачислении в организацию образования в форме электронного документа, подписанного электронной цифровой подписью (далее - ЭЦП) уполномоченного лица услугодателя.»;
пункты 8 и 9 изложить в следующей редакции:
«8. График работы:
1) услугодателя: с понедельника по пятницу включительно, за исключением выходных и праздничных дней, согласно трудовому законодательству Республики Казахстан, в соответствии с установленным графиком работы с 9.00 до 18.30 часов с перерывом на обед с 13.00 до 14.30 часов.
Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется с 9.00 до 17.30 часов с перерывом на обед с 13.00 до 14.30 часов.
Государственная услуга оказывается в порядке очереди, без предварительной записи и ускоренного обслуживания;
2) портала: круглосуточно, за исключением технических перерывов в связи с проведением ремонтных работ.
Жаңашылдық әлемі
- Толығырақ
- Жарияланды 31.05.2018 08:48
2018 жылғы 28 мамыр күні Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында оқу жылының аяқталуына қарсы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламанының тиімділігін және қамтамасыз етілуін кеңейту мақсатында «IT SYNYPTAR» кабинеті ашылды. Жобаның мақсаты-балалар үшін заманауи IT- технологияларды білім беру кеңістігінде тиімді қолдану.
«Мұнда балалар олимпиадаға, ғылыми жобаға дайындалу үшін, өздері ізденіп түрлі бағдарламалар жасауы, электроникамен айналысуы үшін қажетті құралдардың барлығы да бар. Жақында мектептің бір мұғалімі арнайы курстан өтіп, сертификат алатын болады.



