Жаңалықтар
«Театрдың ғажайып әлемі» Республикалық фестиваль-конкурсы облыстық кезеңінің жеңімпаздары
- Толығырақ
- Жарияланды 27.02.2019 06:48
2019 жылғы 27 ақпан күні М.М.Катаев атындағы «Оқушылар сарайы» базасында «Театрдың ғажайып әлемі» Республикалық фестиваль-конкурсы облыстық кезеңі өткізілді.
Баянауыл ауданы бойынша байқауға Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты, З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебі, №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары байқауға барды.
Әдеби-музыкалық композициясы бойынша №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары қойған Күләш Ахметованың «Жас баланың жанарына қараңдар» қойылымы III дәрежелі дипломмен марапатталды. Сахналық қойылымды Жансұлу Жарғалбек, Азамат Рамазанов, Жансая Төлегенова, Нұрсұлтан Байболат, Мәдина Амандыққызы жоғары деңгейде сомдап шықты. Оқушыларды қойылымға дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұлдыз Дәулетбек.
«Балабақшада заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру ерекшелігі» тақырыбында аудандық семинар өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 26.02.2019 06:48
«Балапан» бөбектер бақшасында 2019 жылғы 25-ші ақпан күні «Балабақшада заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру ерекшелігі» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинар мақсаты: тәрбиешілердің кәсіби деңгейін арттыру, тәрбиеленушілердің пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Семинарды білім бөлімінің әдіскері Г. Кәрімова ұйымдастырды. Семинарға ауданымыздың балабақшалар және шағын орталықтың 25 тәрбиешілері қатысты.
Семинарда балабақшаның тәрбиешілері мен әдіскерлері Қ.С.Баймағамбетова мен Б.С.Муталяпова заттық дамыту орталықтары мен баланың жас ерекшеліктеріне арналған дидактикалық ойындарды тәрбие-оқу үдерісінде дұрыс пайдаланып өткізуге нұсқаулық берді. Қатысушылар семинардың өзекті тақырыбының маңыздылығы туралы пікір алды. Семинар өз мақсатына жетті.
Шынықсаң шымыр боларсың.
- Толығырақ
- Жарияланды 25.02.2019 10:48
2019 жылдың ақпан айында Баянауыл аудандық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен педагог қызметкерлер арасында IX облыстық шаңғы жарысы өткізілді. Аудандық кәсіподақ мүшеелрнің қатысушылар саны-25 адам
Жарыстың мақсаты: салауатты:
-салауатты өмір салтын насихаттау
-білім беру қызметкерлерінің дееншынықтыруға және спортқа деген ынтасын арттыру;
- білім беру қызметкерлерінің денешынықтыру даярлығы мен спорт шеберлігін арттыру.
Сайыстың міндеттері мен шаралары:
1 кезең- білім беру мекемелерінің кәсіподақтары өткізетін шаңғы тебуден сайыс;
2 кезең- аудандық білім беру мекемелерінің арасындағы сайыс.
Жарыс қорытындысы бойынша:
«Жаңартылған білім беру мазмұны: инновациялар мен үрдістер» атты облыстық семинар
- Толығырақ
- Жарияланды 23.01.2019 10:48
2019 жылғы 23 қаңтар күні №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім беру мазмұны: инновациялар мен үрдістер» тақырыбында семинар-практикум өтті. Семинар жұмысына Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының басшысы, пилоттық және жетекші мектептер директорлары, ПШО тренерлері, тәжірибеден өтіп жүрген жалпы саны 86 мұғалім қатысты.
Семинарда №1 Майқайың ЖОББМ-ның білім беру мазмұнын жаңартуды енгізу бойынша 4 жылғы жұмыс тәжірибесінің қорытындылары шығарылды. «Математика мен информатикадан кіріктірілген сабақ «Логикалық есептер» тақырыбында Г.Т.Сүлейменова мен Ж.Б.Әлібекова, ағылшын тілінен командалық сабақ «Seasons and weather» тақырыбында С.Қ.Торсықпаева мен Г.Е.Әбенова,дүниетану мен музыкадан кіріктірілген сабақ «Күнделікті өмірде кездесетін қауіп-қатерлер» тақырыбында А.М.Оразбаева мен А.А.Омарова, әдебиеттік оқу мен көркем еңбектен кіріктірілген сабақ «Қыс бейнесі» тақырыбында А.А.Арынжанова мен Д.С.Шапиев, денешынықтыру пәнінен командалық сабақ «Гимнастикалық құралдарға бағытталған тапсырмалар» тақырыбында Е.Е.Байқадамов пен Б.Х.Сыздықова тәжірибе алмасты. Мектеп ұстаздары жаңартылған бағдарламалар аясында жаңа амалдарды қолдана отырып, тәжірибелік сабақтар арқылы өз шеберліктерін көрсетті. Жеке пәндер бойынша оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамытудың тиімді әдістеріне баса назар аударылды.
«ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді тәсілдері» аудандық семинар
- Толығырақ
- Жарияланды 21.01.2019 10:48
С. Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Бастауыш сыныпты ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді тәсілдері» атты аудандық семинар өтті. Семинарға аудан білім бөлімінің әдіскерлері және аудан мектептерінен 60 мұғалім қатысты. Семинардың мақсаты: оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдану, іс-тәжірибемен бөлісу.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде , кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Осыған орай, аудан көлемінде оқу жетістігін сырттай бағалауды дайындауда жаңа тиімді тәсілдерді екі тілде кеңінен қолдану мақсатында 4-сынып бойынша әдебиеттік оқу пәнінен П.К. Жұмабекова және дүниетану пәнінен О.Хаваатай «Оқушыларды ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді тәсілдері» тақырыбы негізінде оқыту мен оқудың заманауи әдістері «Тұжырымдамалық карта», «Эмоциялық график», «Маңыздылық аймағы», «Суретті инфографика», «Сандық деректер» перфокартасы және «Домино» ойынын тәжірибелерінде қолданды. №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі О.М.Галюдкина « Организация эффективной работы по подготовке учащихся к ВОУД» тақырыбы бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.
Облыстық «Ақберен» байқауының жеңімпаздары
- Толығырақ
- Жарияланды 16.01.2019 11:48
2019 жылғы 15 қаңтар облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында облыстық «Ақберен» байқауы өтті. Оған 10 аудан, үш қала және мамандандырылған мектептерден 8-11 сыныптарының 111 оқушысы қатысты. Баянауыл ауданынан 5 оқушы қатысты. Оның ішінде 2 оқушы оза шықты. Жас өрендер «Шешендік өнер», «Көркем сөз оқу», «Шығарма жазу», «Ақындар мүшәйрасы», «Ақындар айтысы» және «Ұлттық аспапта ойнау» бағытында сынға түсті.