banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

Облыстық «Шаңырақ» жобасының Баянауылдағы көрме-байқауы өз мәресіне жетті

    2019 жылғы 28 ақпанда Баянауыл ауылындағы Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты базасында Облыстық «Шаңырақ» жобасының аудандық көрме-байқауы ұйымдастырылды. Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған көрме-байқауға аудан мектептері қыркүйек айында бастау алған. Осы уақытқа дейін әртүрлі көлемде жасалған 3000-ға жуық киіз үйлер көрмесі мектеп қабырғаларында ұйымдастырылды. Қорытынды іс-шараға ауданның барлық білім беру мекемелері белсенділік танытып, көненің көзіне айналған ұлттық құндылықтарды жаңартуда мектеп оқушылары, ұстаздары, ата-аналары белсенділік танытты.

   Жобаға ауданның 24 мектебінен 24 киіз үйден құрылған 8 ауыл құрылды. Баянауыл ауылы: Ш.Айманов,З.Ақышев атындағы мектептер; Қ.И.Сәтбаев ауылы: Шадыра, Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу тәрбие кешені, Ақши, Е.Бекмаханов атындағы мектептер; Ж.Аймауытов ауылы: Ж.Ағаділов, Ж.Аймауытов, Лекер мектептері; С.Торайғыров ауылы: Сұлужон, №2 Майқайың, С.Торайғыров атындағы мектептері; М.Ж.Көпеев ауылы: Егіндібұлақ, М.Ж.Көпеев мектептері; Жаяу Мұса ауылы: Б.Хайдаров, Жайма, Қаражар мектептері; Ә.Марғұлан ауылы: Д.Рахметов, Ә.Мағұлан, Қ.Кемеңгеров атындағы мектептер; Мұса Шорманов ауылы: №1 Майқайың, Шөптікөл, Үшқұлын мектептері.

   Аталған ауылдар тақырыптық көріністер қойды. Көріністе ауылдың есімімен байланысты негізге алынған мақалардың идеясы ашылды. Көрмеде киіз үйден басқа, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында жазылған: Ұлы есімдерді ұлықтау, атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургия, аңшылық, алтын адам, Ұлы Жібек жолы, Қазақстанның символы алма мен қызғалдақтары да көрсетілді. Ауылдардың зиялы қауым өкілдері, билер, серілері, батырлары ауылдарына ер қанаты атпен келіп жайғасса, ерекше көрініс берген шынайы тазы иттер мен қыран бүркіттер сахналық қойылымдарда шараның маңыздылығын аша түсті.

   Көріністерде, Баянауыл елінен шыққан атақты тұлғамен байланысты салт-дәстүрлер, аңшылық, серілікті насихаттайтын көріністер, ескіріп кеткен қамшы тоқу, текемет тоқу салттары көрермендер мен әділ-қазылардың көзайымына айналды.

   Киіз үйлердің декоротивті қойылымдарында түркі халқының тұрмыстық тіршлігінде маңызды орын алған тұрмыстық бұйымдар – киізден тігілген текеметтер, әбдіре-сандықтар, аңдардың терілері, қамшылар, бесік, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтар, аңдардың терілерінен жасалған тұрмыстық заттар, күбілер, диірмендер, алтыбақандар, қолдан жасалған құдықтар, ат әбзелдері: ертоқымдар, жас балалардың асық ойындары қойылды.

   Тағы бір ерешелік, мектеп ұжымдары қазақ халықының қонақжайлығы мен кең пейілділігін көрсететін мол дастархандар жайды. Дастарханға реті мен салты сақталған мүшелеп салынған кәделі табақтар, қуырдақ, мипалау, сүт тағамдары: қымыз, наурыз көше, құрт, қоспа, талқандар, сүзбе қойылды.

   Байқаудың қорытындысы бойынша «Көнені көзі» номинациясымен М.Ж.Көпеев, Ж.Аймауытов, Б.Хайдаров атындағы мектептері мен Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебі иеленді. «Үздік сахналық қойылым» номинациясымен №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі иеленсе, «Үздік декоротивті қойылым» номинациясымен Ж.Ағаділов және атындағы жалпы орта білім беру мектебі иеленді.

   ІІІ дәрежелі дипломмен: Шадыра, Қ.Кемеңгеров, Ә.Марғұлан, Сұлужон, Шөптікөл, Е.Бекмаханов мектептері марапатталды. ІІ дәрежелі дипломмен: Қ.И.Сәтпаев, Ақши, Д.Рахметов, С.Торайғыров, Үшқұлын, Лекер мектептері марапатталды. І дәрежелі дипломмен Баянауыл ауылындағы Ш.Айманов атындағы мектеп интернаты мен З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектептері марапатталып, Наурыз мейрамы қарсаныңда өтетін облыстық кезеңге жолдама алды.

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz