Жаңалықтар
Жасөспірімдер зияткерлік олимпиаданың жеңімпаздары
- Толығырақ
- Жарияланды 24.04.2019 06:48
Баянауыл ауданы бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беру бес пән бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының іріктеу кезеңіне 121 оқушы қатысты. Зияткерлік сайыстың қорытындысы бойынша 5 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды. Олар: №2 Баянауыл ЖОББМ-нің 7-сынып оқушысы Аружан Қайыргелді мен 8-сынып оқушысы Алуа Қатаева, №1 Майқайың ЖОББМ-нің 7-сынып оқушысы Әдемау Игенбаева, №2 Майқайың ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы Әйнел Кушенова, С.Торайғыров атындағы ЖОББМ-нің 7-сынып оқушысы Алина Стародумова.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беру бес пән бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі 2019 жылдың 24 сәуірінде дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінде өткізілді. Математика, физика және биология пәндері бойынша олимпиадада 7-сынып оқушылары, химия және информатика пәндері бойынша олимпиадада 8-сынып оқушылар бақ сынады. Шараға жалпы 82 оқушы қатысты.
«Мұғалімнің кәсіби дамуы-білім беру жүйесін жаңартудың негізі» атты облыстық семинар
- Толығырақ
- Жарияланды 23.04.2019 06:48
2019 жылғы 23 сәуір күні Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының ұйымдастыруымен «Мұғалімнің кәсіби дамуы-білім беру жүйесін жаңартудың негізі» тақырыбында семинар өтті. Семинар жұмысына білім бөлімнің әдіскерлері, мектеп директорлары, Педагогикалық шеберлік орталығының менеджер тренері, жалпы саны 88 мұғалім қатысты.
Семинарда Ш.Айманов атындағы ЖОББМИ-ның білім беру мазмұнын жаңартуды енгізу және желілік қауымдастық бойынша 4 жылғы жұмыс тәжірибесінің қорытындылары шығарылды. Мектеп директоры Салтанат Сейітжанқызы Досмағамбетова мен Педагогикалық шеберлік орталығының менеджер тренері Қайыржан Сағынтайұлы Әлмағамбетов шеберлік сыныптарға қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Бүлдіршін ХХ» аудандық іріктеу балалар шығармашылық фестивалі
- Толығырақ
- Жарияланды 23.04.2019 06:48
Баянауыл ауданы бойынша 2019 жылғы 23 сәуір күні Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мәдени сауықтыру орталығында мектепке дейінгі мекемелер арасында «Бүлдіршін ХХ» аудандық іріктеу балалар шығармашылық фестивалі өтті. Бұл фестивальға білім мекемелеріндегі мектепалды даярлық тобы, балабақшалар мен шағын орталықтардың тәрбиеленушілері қатысты. Вокал (хор, жеке дауыс, халық және эстрадалық әндер), хореография (халық, эстрадалық және спорттық би), балалар оркестрі, көркем сөз (проза, поэзия, сахналық қойылымдар) бойынша іріктеу кезеңдерін өткізді.
Аудандық фестивалге аймақтық байқауларда жүлделі орын алған тәрбиеленушілер қатысты. Жас ерекшеліктері 4 жастан 7 жасқа дейінгі балаларды қамтиды. Аудан бойынша 82 өнерпаздардың шығармашылық бағдарламасы ұсынылды.
«Балдәурен-2019» аудандық фестиваль
- Толығырақ
- Жарияланды 19.04.2019 06:48
2019 жылғы 19 сәуір күні №2 Баянауыл жалпы орта білім беру мектебінің акт залында аудандық білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес бастауыш сынып оқушылары арасында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Атқа міну мәдениетіне» арналған «Балдәурен-2019» атты шығармашылық фестивалі өтті. Фестиваль мақсаты: шығармашылық жұмысқа қабілетті дарынды оқушыларды анықтау. Аудан бойынша 26 жалпы орта білім беру мектептерінен 100 оқушы сайысқа қатысты. Фестиваль келесі бағыттар бойынша жұмыс жасады. Бірінші секция жұмысында шығарма жазу сайысы. Шығарма сайысы «Жылқы-малдың патшасы», «Ат-ер қанаты» тақырыптары бойынша өткізілді. Шығарма көлемі 1-1,5 бет болуы керек. Екінші секция жұмысында ғылыми зерттеу жүргізді. «Қазақ батырлары мінген арғымақтар» тақырыбында мәлімет жинауы қажет және дайындаған жұмыстарын қорғады.
«Үздік сабақ әзірлемесі-2019» облыстық байқауының іріктеу кезеңінің жеңімпаздары
- Толығырақ
- Жарияланды 05.04.2019 06:48
Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының ағымдағы жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Үздік сабақ әзірлемесі - 2019» атты І облыстық конкурсының іріктеу кезеңі өтті. Конкурсқа жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде және орыс тілінде оқытатын мектептерде Қазақстан тарихы пәнін қазақ тілінде оқытуды енгізуші мұғалімдер қатысты.
Барлық аудандар мен қалалардан 75 мұғалімнің жұмысы іріктелген болатын. Пәндерді ағылшын тілінде, қазақ тілінде оқыту әдістемесін меңгерген қазылар алқасының құрамындағы ПМПУ оқытушылары, әдіскерлер, мектептердің тәжірибелі ұстаздары мәреге шыққан қатысушыларды анықтады.
Республикалық фестиваль жеңімпаздары
- Толығырақ
- Жарияланды 05.04.2019 06:48
Атырау қаласында Республикалық фестиваль-конкурсы өткізілді. Баянауыл ауданы бойынша байқауға Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының оқушылары барды.
Фестиваль қорытындысы бойынша Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының оқушылары Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесінің желісі бойынша Байғали Есенәлиевтің «Қанды азу» қойылымын қойып, үшінші дәрежелі жүлдені жеңіп алды. Табиғат пен адам арасындағы байланыс пен қарама-қайшылықты қойылым барысында сипаттап берді. Сахналық қойылымды Мейіржан Баршынбаев, Абзал Олжатай, Қарлыға Құсайын, Біржан Оңалбай, Ермек Жұмабаев, Әділет Серікбай, Абылай Насреддин, Бернар Дәулетқали, Меруерт Нағымтаева, Сағыныш Сапарғалиева, Назерке Әбен, Болат Кашкеев, Ержан Жәкенов, Нұрерке Әбдікәрім, Алтын Ақылбек, Балжан Қамалиева жақсы деңгейде сомдап шықты. Оқушыларды қойылымға дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дидар Құзайырқызы Шитова.
Республикалық фестиваль-конкурсына оқушылар алғаш рет қатысып отыр. Мұнайлы өлкемен танысып қана қоймай, басқа облыстардан келген оқушылармен өзара тәжірибе алмасты. Осындай жеңімпаздардың актерлік шеберліктерін дамытуға мектеп базасында өткізілетін «Сахна сазы» атты үйірме жұмысының ықпалы зор.