Жаңалықтар
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» жас мамандардың педагогикалық байқауы
- Толығырақ
- Жарияланды 26.11.2019 11:45
Дүйсенбай Рахметов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» атты республикалық жас мамандардың педагогикалық байқауының аудандық іріктеу кезеңі өтті. Педагогикалық байқаудың мақсаты-педагогтердің өзін-өзі жетілдіруге және әлеуеттік шығармашылығының дамуына жағдай жасау, білім беру жүйесін дамытуға кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Бұл байқауға Баянауыл ауданының мектептерінен 15 жас маман қатысты.
«Ақберен» байқауының жеңімпаздары
- Толығырақ
- Жарияланды 25.11.2019 11:45
Ақмола облысындағы Щучье қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы 8-11-сынып оқушылары арасында «Ақберен» VІ республикалық байқауын өткізді. Республикалық байқауға 16 облыс, Алматы Астана қалаларынан оқушылар қатысты. Баянауыл ауданынан 2 оқушы қатысты. Оның ішінде 1 оқушы оза шықты. Жас өрендер «Көркем сөз оқу», «Ақындар айтысы» бағытында сынға түсті.
«Ақындар айтысы» бағыты бойынша Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Азамат Базарбай II дәрежелі дипломмен, ал «Көркем сөз оқу» бағыты бойынша №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Ақерке Дәулетбек «Дарын» РҒПО-ның «Алғыс хатымен»марапатталды. Жетекшілері: Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Таңат Қуанұлы Ахатов пен №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дархан Маратұлы Жұмабаев.
Жас ғалымдардың жетістігі
- Толығырақ
- Жарияланды 22.11.2019 11:45
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде 8-11- сынып оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңі өтті. Баянауыл ауданы бойынша 3 оқушы қатысып, білім мен ғылымға құлшынысы артқан 2 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
«Физика» секциясы бойынша №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Нұржан Ғабдуқалиев пен Қ.Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Ақжарқын Әбілаш жүлделі ІІІ орын иеленді. Жетекшілері: №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің физика пәнінің мұғалімі Құндыз Ғабдулрашитқызы Рақымжанова мен Қ.Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің физика пәнінің мұғалімі Нұржан Дәулетбекұлы Тоқыш.
Жүзден жүйрік, мыңңан тұлпар
- Толығырақ
- Жарияланды 20.11.2019 11:45
Жыл сайын облыста Мағжан Жұмабаев рухани мұрасын көп білетін оқушылар арасында байқау өткізіледі. 20 қараша күні «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде 5-11-сынып оқушылары арасында VІІ облыстық Мағжан оқулары өткізілді.
Ереже бойынша Мағжан оқулары үш бағыт бойынша аудандық және қалалық жеңімпаздары 57 оқушының қатысуымен өтті. Балалар ақынның өлеңдерін жатқа айтып, жас дарындар өз туындыларын оқып, жас зерттеушілер Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен мұрасына арналған ғылыми жобаларын қорғады.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім»тақырыбында Мағжан шығармаларын жатқа оқу бағытында Бас жүлдемен Ш.Айманов атындағы ЖОББМИ-ның 11-сынып оқушысы Абзал Олжатай, «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған»тақырыбында жас ақындар бағытында III орынмен Ж.Аймауытов атындағы ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы Гүлнарзан Иманбек марапатталды. Жетекшілері: Ш.Айманов атындағы ЖОББМИ-ның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тұрсынай Өмірзаққызы Жакина мен Ж.Аймауытов атындағы ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Салтанат Сәрсенбайқызы Әбілдина.
Ш.Айманов атындағы ЖОББМИ-ның 11-сынып оқушысы Абзал Олжатай Республикалық кезеңге жолдама алды. Сәттілік серік болсын!
«Латын әліпбиі-болашаққа қадам» тақырыбында аудандық семинар
- Толығырақ
- Жарияланды 12.11.2019 11:45
Академик Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінің базасында «Латын әліпбиі-болашаққа қадам» тақырыбында аудандық кітапханашылардың семинары өтті. Семинардың мақсаты: оқушылардың оқу сауаттылығын арттыра отырып, туындылардың рухани маңыздылығын түсіндіру. Семинарға ауданымыздағы 26 мектеп кітапханашы қатысты. Семинарды мектеп кітапханашысы Б.С.Мұзафарова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ж.Т.Сексенбаева мен Г.А.Ахаева, музыка пәнінің мұғалімі Б.К.Қырықбаев, мектеп психологі Ш.Т.Садықова, әлеуметтік педагог Г.Ж.Нағымжанова, көркем еңбек пәнінің мұғалімі К.Б.Масайнова ұйымдастырды. Мектеп директоры Қ.Н.Мұзафаров мектеп тынысы мен мектептің безендіру жұмыстары жөнінде ұсыныстар айтып өтті.
«Жыл мұғалімі-2019» иегері
- Толығырақ
- Жарияланды 11.11.2019 06:48
№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дархан Маратұлы Жұмабаев шәкірт жүрегіне жол тауып, өзінің еңбек жолында орасан зор сара жол қалдырып келе жатқан маман.
Дархан Маратұлы 2014 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі атанды. Өзі түлеп ұшқан алтын ұя мектебіне оралып, ұстаздық қызметін бастады. Дархан Маратұлы сол жылдан бері өзінің сыпайы, сабырлы мінезінен таймай, бүгінгі күні ұстаздар алдында да, оқушылар мен ата-аналар алдында да өте беделді, белсенді. Алғашқы күннен бастап ол өз ісіне берік, жүктелген міндеттемелерге жауапкершілікпен өте тиянақты қарайтындығын байқатып жүрген азамат. Оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды өзіне мақсат еткен Дархан Маратұлы бүгінде түрлі аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық конкурстардың жүлдегері.