Жаңалықтар
Аудандық «Заманауи білім беру ұйымдарындағы әскери-патриоттық тәрбие берудің өзекті мәселелері» атты оқу-әдістемелік семинар
- Толығырақ
- Жарияланды 10.02.2020 11:45

Б.Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебінде аудандық оқу-әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскерлері және аудан бойынша 21 мектептен 55 мұғалім қатысты.
Ең алдымен аталмыш іс-шараның ашылу салтанаты ұйымдастырылып, қоңақтарды алдағы өткізілетін бағдарламамен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Тәжірибелік кезеңде Мейрамбек Түсіпбеков пен Айдана Жақсыбаеваның ұйымдастыруымен "Роботтарды басқару алгоритмі" тақырыбында 10-шы сынып оқушыларымен алғашқы әскери дайындық және информатика, Әйгерім Түсіпова мен Қымбат Бекбаулова 9-шы сынып оқушыларымен бірге "Тың игеру жылдарындағы Қазақстан" тақырыбында тариx және география, "Балдәурен" шағын орталығының тәрбиешісі Әйгерім Құрмансейтова "Үй жануарлары" атты тақырыпта кішкентай бүлдіршіндермен ашық сабақ өткізілді.
Қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары күшейтілуде
- Толығырақ
- Жарияланды 05.02.2020 11:45

Баянауыл ауданының білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес білім беру мекемелеріндегі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен «Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға дайындық» бойынша арнайы семинар өткізілді. Аталған семинарға ауданымыздың 24 директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Білім бөлімі әдістемелік кабинетінің басшысы Гүлнәзи Зейноллақызы Нұртаева Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 26 қарашадағы «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидалары бекіту туралы» туралы №509-шы бұйрығымен таныстырып, қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібі мен ережелері бойынша арнайы бейнебаян көрсетті.
Аудандық Абай оқулары
- Толығырақ
- Жарияланды 04.02.2020 11:45

Жайма жалпы орта білім беру мектеп базасында Абай Құнанбайұлының мерейтойына орай ХХІ аудандық Абай оқулары өтті. Аталған шараға аудандағы 24 мектептен 65 оқушысы қатысты.
Абай оқулары 3 секциядан тұрды. Бірінші Абай Құнанбайұлының өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп оқу секциясы, екіншісі әндерін орындау мен үшінші секция жыр мүшәйрасы.
Оқушылардың жетекшілерімен мектеп психологі Нығманова Гүлжаннат Қайсақызы мен физика пәнінің мұғалімі Мурадимов Бексұлтан Досанәліұлы «Ғажайып алаңы ойыны» мен психологиялық тренинг өткізді. Барлық берілген тапсырмалар Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған.
«Мұғалімнің инновациялық қызметі-сапалы білім беру» тақырыбында семинар
- Толығырақ
- Жарияланды 31.01.2020 11:45

С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Мұғалімнің инновациялық қызметі-сапалы білім беру» тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты: оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін сабақ барысында қолдану және өз іс-тәжірибелерімен бөлісу. Семинарға аудан бойынша 45 мектеп мұғалімдері мен білім бөлімінің әдіскерлері қатысты.
Ашық сабақтарды өткізген бастауыш сынып мұғалімі О.Хаваатай 1-сыныпта математика пәнінен «Бөліктер мен бүтін», бастауыш сынып мұғалімі И.О.Қасымова 4-сыныпта дүниетану пәнінен «Өлкеміздің жойылып бара жатқан өсімдіктері мен жануарлары», қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ.К. Байшүкір 10-сыныпта «Шашты» әңгімесі, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.С. Өмірзақова 5-сыныпта «Промелькнувший метеор», физика пәнінің мұғалімі Ә.Ш. Жәкенова 7-сыныпта «Гидравликалық машиналар», «Қазақстан тарихы» пәнінің мұғалімі Б.Б.Ахметова 6-сыныпта «Ақ орда» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.
Болашақ жас ғалымдарымыз топ жарды
- Толығырақ
- Жарияланды 28.01.2020 11:45

Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында 1-7-сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының "Зерде" XV республикалық конкурс кезеңіне Баянауыл ауданы бойынша 3 оқушы қатысып, білім мен ғылымға құлшынысы артқан 3 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
«Робототехника» секциясы бойынша командалық жұмыста І-ші орынды Мәшһүр Жүсіп Көпеев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 4-сынып оқушысы Айзере Тілеуғабыл мен 5-сынып оқушысы Нұралы Исабек иеленді.
Бір күндік саяхаттымыз
- Толығырақ
- Жарияланды 09.01.2020 11:45

Баянауылдың дарынды оқушылары «Ertis» мұражайына саяхат жасады. Оқушылардың қысқы демалыс уақытын қызықты өткізу мақсатында Павлодар қаласына бір күндік саяхат ұйымдастырылды. Саяхаттың басты мақсаты - оқушылардың жан-жақты қабілеттерін шыңдау әрі қызығушылықтарын арттыру, олардың қысқы демалысын тиімді өткізу. Осылайша, ауданның барлық мектептерінен жиналған 66 дарынды оқушы Павлодар қаласындағы тариxи «Ertis» мұражайына және Ш.Айманов атындағы кинотеатрға сапар жасады. Балалардың қысқы демалыста бос уақытты тиімді өткізуіне аудан әкімдігі демеушілік жасады. Алдымен оқушылар жақында ғана ашылған «Ertis» мұражайында саяхат барысында қазақтың біртуар тұлғаларын, көне тариxи мәдениеттерін, географиялық әлемін кеңінен тани түсіп, өздеріне керекті ақпараттармен жақынырақ таныс болды. Мұражайдан шыққан соң, жерлесіміз Ш.Айманов атындағы кинотеатрға барып, жуырда тұсауы кесілген отандық киноның көрермендері болып қайтты.



