Жаңалықтар
«Латын әліпбиі-болашаққа қадам» тақырыбында аудандық семинар
- Толығырақ
- Жарияланды 12.11.2019 11:45
Академик Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінің базасында «Латын әліпбиі-болашаққа қадам» тақырыбында аудандық кітапханашылардың семинары өтті. Семинардың мақсаты: оқушылардың оқу сауаттылығын арттыра отырып, туындылардың рухани маңыздылығын түсіндіру. Семинарға ауданымыздағы 26 мектеп кітапханашы қатысты. Семинарды мектеп кітапханашысы Б.С.Мұзафарова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ж.Т.Сексенбаева мен Г.А.Ахаева, музыка пәнінің мұғалімі Б.К.Қырықбаев, мектеп психологі Ш.Т.Садықова, әлеуметтік педагог Г.Ж.Нағымжанова, көркем еңбек пәнінің мұғалімі К.Б.Масайнова ұйымдастырды. Мектеп директоры Қ.Н.Мұзафаров мектеп тынысы мен мектептің безендіру жұмыстары жөнінде ұсыныстар айтып өтті.
«Жыл мұғалімі-2019» иегері
- Толығырақ
- Жарияланды 11.11.2019 06:48
№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дархан Маратұлы Жұмабаев шәкірт жүрегіне жол тауып, өзінің еңбек жолында орасан зор сара жол қалдырып келе жатқан маман.
Дархан Маратұлы 2014 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі атанды. Өзі түлеп ұшқан алтын ұя мектебіне оралып, ұстаздық қызметін бастады. Дархан Маратұлы сол жылдан бері өзінің сыпайы, сабырлы мінезінен таймай, бүгінгі күні ұстаздар алдында да, оқушылар мен ата-аналар алдында да өте беделді, белсенді. Алғашқы күннен бастап ол өз ісіне берік, жүктелген міндеттемелерге жауапкершілікпен өте тиянақты қарайтындығын байқатып жүрген азамат. Оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды өзіне мақсат еткен Дархан Маратұлы бүгінде түрлі аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық конкурстардың жүлдегері.
«Баянауыл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бос лауазымдық орынға ашық конкурс жариялайды: «Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Шадыра мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
- Толығырақ
- Жарияланды 20.08.2019 11:45
Білім беру ұйымының орналасқан жері: Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қ.Сәтбаев ауылы
Қызметтік міндеттері: Білім беру мекемесінің, оның жарғысымен нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес барлық қызметінің түрлері мен басшылық етеді. Оқу орнының кеңесімен, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс жасау, оқу жоспарларымен, оқу үрдісінің күнтізбелік кестелерін, ішкі тәртіп ережелерін және басқа да нормативтік актілерді бекітеді және әзірлеуін ұйымдастырады. Басқару құрылымын, штат кестесін, білім беру қызметкерлерінің қызметтік нұсқауларын бекітеді. Білімділік қызметті жүргізу құқығы бар лицензиясына сәйкес оқушылар мен тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілердің әлеуметтік қорғауын қамтамасыз етеді. Бекітілген әкімшілік ауданының участкесінде балаларды жаппай міндетті оқумен қамтамасыз етеді.
«Баянауыл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бос лауазымдық орынға ашық конкурс жариялайды: «Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Қ.Кемеңгеров ат. жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
- Толығырақ
- Жарияланды 20.08.2019 11:45
Білім беру ұйымының орналасқан жері: Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Күркелі ауылы
Қызметтік міндеттері: Білім беру мекемесінің, оның жарғысымен нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес барлық қызметінің түрлері мен басшылық етеді. Оқу орнының кеңесімен, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс жасау, оқу жоспарларымен, оқу үрдісінің күнтізбелік кестелерін, ішкі тәртіп ережелерін және басқа да нормативтік актілерді бекітеді және әзірлеуін ұйымдастырады. Басқару құрылымын, штат кестесін, білім беру қызметкерлерінің қызметтік нұсқауларын бекітеді. Білімділік қызметті жүргізу құқығы бар лицензиясына сәйкес оқушылар мен тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілердің әлеуметтік қорғауын қамтамасыз етеді. Бекітілген әкімшілік ауданының участкесінде балаларды жаппай міндетті оқумен қамтамасыз етеді.
Баянауыл аудандық «Балдәурен» жазғы-сауықтыру алаңында өткен қызықты демалыс күндері-ай!
- Толығырақ
- Жарияланды 05.08.2019 06:48
Баянауыл аудан әкімдігінің 2019 жылғы мамыр айының 16-сы күнгі №163/5 санды «Баянауыл ауданында жазғы маусымда Торайғыр ауылында аудандық «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңын ашу туралы» қаулысына сәйкес, балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын ұйымдастыру және оқушылардың бос уақытын қамту мақсатында 10.06–31.07.2019 ж. аралығында төрт кезең бойынша 140 бала «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңына қамтылып, тегін демалды. Баянауыл ауданының білім бөлімінің 04.06.2019 жылғы №219-Н бұйрығына сәйкес, аудандық «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңының жұмысы арнайы бекітілген жоспарға сәйкес ұйымдастырылды. Сауықтыру алаңына Баянауыл ауданының барлық ауылдарынан келген балалармен төмендегідей іс-шаралар атқарылды: «Кел, танысайық!», «Мен әншімін және бишімін», «Үздік макет», «Породия», «Жайдарман», «Үздік маска», «Ғажайып физика», «Қызықты химия», «Ойлан, тап!», «Қызықты суреттер», «Шебер қолдар», «Өлеңді мәнерлеп оқу», «Үздік шаш үлгісі», «Мэй кап», «Жаз аруы», «Жемқорлыққа жол жоқ!», «Ұлттар күні», «Тәлімгерлер бекеті», «Қазына», «Достық жәрмеңкесі», «Бақытты балалық шақ» сайыстары және футбол, волейбол, пионербол, баскетбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, «Толағай» топаралық спорттық жарыстары мен ән-би кештері өткізілді.
«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде өткізілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» іс- шарасы туралы мәлімет
- Толығырақ
- Жарияланды 26.07.2019 06:48
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасы бойынша жазғы лагерьлерде Парасаттылық мектептерінің жұмысын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған «Парасаттылық мектептерінің бірыңғай күніне» сәйкес 2019 жылғы шілденің 25-і күні Баянауыл аудандық балалар жазғы сауықтыру лагерінде «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты іс-шара өткізілді.
Парасаттылық мектебінің негізгі мақсаты – оқушылар арасындағы жүріс-тұрыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы моделін қалыптастыруға бағытталған құқықтық және адамгершілік тәрбие, олардың оң моральдік сапасын дамыту, соның ішінде шынайылық пен мейірімділікті және әділеттілікті қалыптастыру екендігін ескеріп, лагерь ұжымы аталмыш іс-шараны сапалы, әрі әсерлі ұйымдастыра білді.