Жаңалықтар
Балабақшада «Лего құрастыру» кабинеті ашылды
- Толығырақ
- Жарияланды 04.03.2020 09:11
2020 жылғы 4 наурыз күні Баянауыл ауылының бөбектер бақшасындағы тәрбиеленушілерге арналған «Лего құрастыру» кабинетінің ашылу рәсімі болды.
Кабинеттің ашылу салтанатына Баянауыл ауылының әкімі Руслан Рахметоллаұлы Мұқышев, Білім бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Мереке Талқайратұлы Әбдікәрімов, ардагер ұстаздар, білім бөлімінің мамандары, балабақша ұжымы, тәрбиеленушілері және баспасөз өкілдері қатысты. Шара қонақтары жылы лебіздерін білдіріп, ардагер ұстаздар балаларға батасын берді. Сонымен қатар, ересек тобының ата-анасы кабинетке елу мың теңге көлемінде қаржылай демеушілік көмек көрсетті.
«Лего құрастыру» кабинеті заманауи үлгіде жабдықталып, балалардың жас ерекшеліктеріне сай «Лего» ойыншықтарымен толықтырылды. Іс-шара барысында балабақша тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетіп, көрермен көңілінен шықты.
«Жарқын болашақ» олимпиадасының жеңімпаздары
- Толығырақ
- Жарияланды 03.03.2020 18:05
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мен «Білім-инновация» лицей-интернатының ұйымдастыруымен дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Аталмыш олимпиаданың мақсаты-мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін дамыту.
Облыстық олимпиадаға аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздарынан барлығы 149 оқушы қатысты.
Күмбірле домбыра мектепте...
- Толығырақ
- Жарияланды 28.02.2020 11:45
Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында 2020 жылғы 28 ақпан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Домбыра кабинеті» ашылды. Кабинеттің ашылу салтанатына Баянауыл ауданының әкімінің орынбасары Анара Балтабекқызы Баденова, білім бөлімінің басшысы Асылхан Манарбекұлы Мүбәрак, ардагер ұстаздар мен мектеп мұғалімдері және баспасөз өкілдері қатысты.
Қазіргі уақытта мектептің 5-6 сынып оқушыларының 90 оқушысы домбырамен ойнау үйірмесіне қатысып, өнерін шыңдауда. Мектепте домбыра оркестріне арналып, 30 домбыра сатып алынды.
Қазақтың қара домбырасының құдіреті мен қасиетін жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында ашылған домбыра кабинеті заманауи үлгіде көрікті етіп жабдықталған, әрі әдістемелік құралдарға бай. Бұл кабинетке Баянауылдың тумасы, жерлесіміз, музыкант, әнші, сазгер Жүнісбек Шаймерденовтің есімі берілді.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша облыстық олимпиадасына қатысты
- Толығырақ
- Жарияланды 26.02.2020 11:45
Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектеп базасында 2020 жылғы 26 ақпанда 9-11-сынып оқушыларына арналған «Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне өтті. Олимпиадаға облыс бойынша 75 оқушы қатысты.
Олимпиада мақсаты: балаларға рухани-өнегелік тәрбие беру, құндылық бағдарын қалыптастыру, шығармашылық іс-әрекетіндегі әлеуетін, даралық құндылықтарын, азаматтық ұстанымын, өзін-өзі көрсетуге, кемелдендіруге ұмтылысын дамыту.
Олимпиада қорытындысы бойынша №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Анеля Акболина ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Вера Давыдовна Лоренц. Анеля Акболина 11-сыныптың тапсырмасын орындады.
Баянауылда аймақтық Шәкен Айманов оқулары өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 14.02.2020 11:45
Баянауылда аймақтық Шәкен Айманов оқулары өтті Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында кино өнерінің саңлағы, режиссер Ш. Аймановқа арналған дәстүрлі ІІІ аймақтық Шәкен Айманов оқулары өтті. Мақсаты: Ш.Аймановтың қазақ өнерінде жасаған еңбектерін насихаттай отырып оқушылардың бойындағы табиғи талантын ұштау, дарынды оқушыларды мадақтау.
Аймақтық оқуларға 126 оқушы қатысты. Оқулар : 5 секция бойынша жұмыс жасады. Нәтижесінде оқушылар төмендегідей жүлделі орындарға ие болды.
Нұржан-республикалық ғылыми жоба жеңімпазы
- Толығырақ
- Жарияланды 13.02.2020 11:45
Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің базасында 11-14 ақпан аралығында 8-11- сынып оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша 584 ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңі өтті. Республика бойынша 737 дарынды оқушылар қатысса, Баянауыл ауданы бойынша 1 оқушы қатысты.
«Физика» секциясы бойынша №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Нұржан Ғабдуқалиев жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің физика пәнінің мұғалімі Құндыз Ғабдулрашитқызы Рақымжанова.
Барлық қатысқан оқушылар мадақтамамен марапатталды. Жарайсың, Нұржан! Талабыңа нұр жаусын!