Жаңалықтар
Баянауыл ауданының әкімінің шыршасы
- Толығырақ
- Жарияланды 30.12.2020 18:00
2020 жылғы 30 желтоқсан күні мүмкіндігі шектеулі, жетім, ата-аналар қамқорлығынан айырылған балаларға арналған «Ғажайыпқа толы-жаңа жыл» тақырыбында аудан әкімінің шыршасы өтті. Аудан әкімінің шыршасын жалпы орта білім беру мектептерінің ұжымдары ұйымдастырды.
Ауданымыздың белгілі кәсіпорындары мен мектептердегі қамқоршылық кеңестер демеушілік жасады. Аудан әкімінің атынан- 98 балаға, «Майкөбен- Вест» ЖШС- 60 балаға, «Алюминий Қазақстан зауыты»АҚ- 30 балаға, Майқайың «Алтын комбинаты» АҚ- 60 балаға, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының қамқоршылық кеңесі- 25 балаға, З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің қамқоршылық кеңесі-20 балаға жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті. Балаларға смарт сағаттар мен тәтті кәмпиттер салынған қорапшалар үлестірді.
Осы ғажайып кезеңде барлық асыл армандарыңыз орындалсын. Жаңа жыл түні Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жеткізетін, ой-мақсаттарды жүзеге асыратын, арман-үміттерін ақталатын жыл болсын.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мектебінде «Домбыра сыныбы» ашылды
- Толығырақ
- Жарияланды 15.12.2020 17:00
2020 жылғы 15 желтоқсан күні Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдығы қарсаңында қазақтың ұлттық аспаптарын меңгерту, балалардың бойында халық шығармашылығына деген сүйіспеншілікті ояту мақсатында домбыра сыныбының ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына Баянауыл аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрлан Мұхамедиярұлы Сейітов пен кәсіподақ ұйымының басшысы Айнагүл Жанатқызы Нығметова қатысты. Домбыра сыныбының тұсаукесерін білім бөлімінің басшысы Нұрлан Мұхамедиярұлы мен Баянауыл ауданының құрметті азаматы, ауылымыздың айтыскер ақыны Жұмкен Арқалыұлы кесті. Оқушылардан құралған оркестрдің орындауында халық күйі «Жастар биі» орындалды. Құттықтау сөз айтылып, шашу шашылды. Жұмкен ағамыз арнауын айтып мерекенің шырайын кіргізді. Үйірме жетекшісі Астана қаласындағы өнер академиясын тәмамдаған ұстазымыз Бақытжан Төлегенұлы Ахметовтың орындауында Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әні орындалды.
Мектебімізді 30 жыл бұрын аяқтап кеткен түлектеріміз «Мектебімізге тағзым» акциясы аясында осы сыныптың ашылуына демеуші болды. Бүгінгі сый-сияпат көрсеткен Баянауыл аудандық білім бөлімінің кәсіподақ ұйымынына, себепкер болып отырған түлектерімізге отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге жеміс тілейміз.
Мектебіміздің түлегі, Ұлы Отан соғысының ардагері, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Қалмұқан Әлиұлы Исабаевқа арналған кабинет ашылды
- Толығырақ
- Жарияланды 14.12.2020 17:20
2020 жылғы 14 желтоқсан күні Баянауыл ауылындағы Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында мектебіміздің түлегі, Ұлы Отан соғысының ардагері, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Қалмұқан Әлиұлы Исабай атындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» кабинеті ашылды.
Кабинет қазіргі заман талабына сай жабдықталған. Жазушының өмір жолы, қоғамдық қызметіне байланысты қабырға стендтері, жазушы портреті кабинет төрінен орын алды. Жазушының қанатты, нақыл сөздері берілген. Арнайы ромб тәрізді сөреге жазушы шығармалары мен құнды кітаптары қойылды.
Қалмұқан Әлиұлы Исабай атындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» кабинетінің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Анар Балтабекқызы Баденова, білім бөлімінің басшысы Нұрлан Мұхамедиярұлы Сейітов және мектебіміздің ардагер ұстазы Ғалия Әубәкірқызы Әубәкірова, Қалмұқан Әлиұлы Исабайдың туысы, туған інісі Бабатай Әлиұлының қызы Гүлнәр Бабатайқызы қатысты.
Жас дарындыларды ұлықтаған күн
- Толығырақ
- Жарияланды 14.12.2020 17:10
2019 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев дарынды балалар мен жастарды анықтауға және қолдауға, экономиканың маңызды салаларында кәсіби мамандарды дамытуға бағытталған «Ел үміті» атты бастамасын көтерген болатын. Біздің ауданнан сол бастаманы жалғастырушылар табылды. Осы бастамаға оқушылар қатысып, жоғарғы деңгейде өздерін көрсете білді.
«Ел үміті» жобасындағы «Мың бала» ұлттық олимпиадасының жас дарындылар додасында жоғарғы көрсеткішке ие болған оқушылармыз Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатынан Рахимов Аян, Шаймардан Жүсіпәли, Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінен Түсіпбай Ақмарал, З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінен Олжабай Данеля, Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебінен Қанат Сана, №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінен Тайчик Амирали бар.
Жас дарындарды құттықтау мен марапаттау үшін Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақовпен телемост ұйымдастырылып, ауданымыздың әкімі Қанат Сәрсенұлы Кәрімов жеңімпаздарға сыйға ноутбуктарды табыстады.
«Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында физика пәнінен үздік оқу-әдістемелік басылым» сайысының жеңімпазы
- Толығырақ
- Жарияланды 30.11.2020 16:30
Павлодар облысындағы «Өрлеу»біліктілікті арттыру ұлттық орталығы 2020 жылдың 30 қазанынан 27 қарашасына дейін «Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында физика пәнінен үздік оқу-әдістемелік басылым» облыстық сайысын өткізді. Сайыс жалпы білім беретін мектептердің физика пәнінің мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жетілдіруге бағытталған.
Сайыстың мақсаты: жалпы білім беретін мектептердің шығармашылықпен жұмыс істейтін физика мұғалімдерін анықтау, орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде физиканы оқытудағы педагогикалық идеяларды іздеу, оларды қолдау және көтермелеу.
Байқаудың сырттай турында 02 қарашадан 20 қарашаға дейін қазылар алқасы басым бағыттар бойынша ұсынылған облыс педагогтерінің 36 жұмысын қарады. Жұмыстың тәжірибелік құндылығы, өзектілігі және логикалық аяқталуы, нәтижелілігі критерийлеріне сәйкестігін қарады. Күндізгі турға қатысуға 12 жұмыс жіберілді.
Баянауыл ауданынан Д.Рахметов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің физика пәнінің мұғалімі Аслан Қабдырахимұлы Қасенов сырттай турдың жеңімпаздары және күндізгі турға қатысуға жіберілді.
Баянауыл ауданы бойынша Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі балалар өкілдіктерін тағайындау
- Толығырақ
- Жарияланды 02.11.2020 14:30
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бұйрығы бойынша Баянауыл ауданының білім бөлімі Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі балалар өкілдіктерін тағайындау үшін төмендегідей жұмыстар жүргізілді.
Алдымен, 1-30 қыркүйек аралығында жалпы орта білім беру ұйымдарында балалар өкілдіктерінің құрамын қалыптастырды.
Балалар өкілдіктерінің құрамына қатысушы – үміткерлер туралы ақпарат, сондай-ақ, олар ұсынған бағдарламалық тезистер мен әлеуметтік бастамалары білім беру ұйымының әлеуметтік желілердің ресми беттерінде жарияланды. Таңдалған бір үміткерді аудандық кезеңге ұсынды.
Екінші кезең 1-22 қазан аралығында аудандық өкілдердің үміткерлері бекітілді.