Жаңалықтар
«Елбасы медалі»
- Толығырақ
- Жарияланды 08.04.2021 18:00
Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастар жылының аясында дарынды балаларды қолдау үшін «Ел үміті» бастамасын ұсынған еді. «Елбасы медалі» жобасының мақсаты жастардың интеллектуалды және шығармашылық дамуына ықпал жасау, ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді тану және мұқтаж жандарға көмек көрсету жолында елдің белсенді жастарының басын біріктіру, қолдау болып табылады.
Бүгінгі күні Павлодар облысы бойынша жалпы 167 жеңімпаз болса, Баянауыл ауданы бойынша 7 оқушы қола медальмен марапатталды. Олар: Павлодар мемлекетік педагогикалық университет колледжінің 2 курс студенті Мұзданова Диана Бақытжанқызы, Академик Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінің 11-сынып оқушысы Әнуарбекова Диана Арғанатқызы, Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Қабдолла Ділнәз Сайлауқызы, Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Қайратова Әсел Әсетқызы, Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Қайыржан Айдана Серікқызы, №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Оспанова Айдана Жанатқызы, №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Мүлікқызы Әйгерім. Оқушыларымыз биік белестерді бағындыра берсін!
Алғыс арқалаған ұлағатты ұстаз
- Толығырақ
- Жарияланды 16.03.2021 18:00
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Баянауыл ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы ағарту ісінің үздік қызметкері, Ы.Алтынсарин медалінің иегері ақын, ұлағатты, ардагер ұстазымыз Зекебай Солтанбаевты Павлодар облысы мен Баянауыл ауданына қарасты ұстаздар қауымы мерейлі жасымен құттықтады.
Баянауыл аудандық білім беру бөлімінің басшысы Нұрлан Мұхамадиярұлы Сеитов пен Баянауыл ауданындағы білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Айнагүл Жанатқызы Нығметова Павлодар облысы Білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының құттықтау хаты мен жылы лебізін жеткізді.
Бойындағы асыл қасиеттерімен көпке үлгі бола білген ақсақал бүгінде ел арасында ерекше сый-құрметке ие. Тоқсан жастағы Зекебай Солтанбайұлы өңіріміздің бетке ұстар ақылшы абызына, ел тұтқасына айналды. З.Солтанбаевтың жүріп келе жатқан жолы жас ұрпаққа өнеге, тәлім-тәрбие. Зекебай Солтанбаев өзінің ұстаздық еңбек жолын өнермен, әдебиетпен ұштастыра білді.
Болашақ жастарымыз, Сізге отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, ғұмырлы жас тілейді. Көненің көзі, асылдың қиығы, алтынның сынығы бола білдіңіз. Ел-жұртыңызға ақ батаңызды жаудыра беріңіз.
8 наурыз- Халықаралық әйелдер күніне орай ерекше білімді қажет ететін және қамқоршылықтағы оқушылардың әжелеріне, аналарына, апаларына,тәтелеріне аудан әкімі сыйлықтар үлестірді
- Толығырақ
- Жарияланды 04.03.2021 18:00
Баянауыл ауданының әкімі Қанат Сәрсенұлы Кәрімов «8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай ерекше білімді қажет ететін және қамқоршылықтағы оқушылардың әжелеріне, аналарына, апаларына, тәтелеріне сыйлықтар сыйлады.
Алғашқылардың бірі болып, №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Жәния Мәкеннің әжесі Орынтай Мәкенова, 6-сынып оқушысы Әлім Қабдуланың анасы Гауһар Асқарова, 8-сынып оқушысы Гүлмарал Бәкібайдың қамқоршы тәтесі Гауһар Айтимбетова және №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Екатерина Портье мен 9-сынып оқушысы Роман Портьенің қамқоршы анасы Галина Николаевна Яковина, 11-сынып оқушысы Айша Хамзаева, 8-сынып оқушысы Шаимжамал Хамзаева, 4-сынып оқушысы Жасұлан Хамзаевтің қамқоршы апасы Әйгерім Қожахметова сыйлықтарын алды. Жалпы аудан бойынша 67 оқушының аналары сыйлыққа ие болады.
Облыстық пән олимпиадасының жеңімпаздары
- Толығырақ
- Жарияланды 26.02.2021 18:00
Жалпы білім беретін жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 16 пән бойынша оқушылардың жыл сайынғы облыстық олимпиадасы 2021 жылғы 22-26 ақпан аралығында онлайн режимде 9-11 сынып оқушыларының арасында өткізілді. Олимпиадаға 3 қала, 10 аудан және 13 мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 26 команда құрамында 730 оқушы қатысты. Баянауыл ауданынан 25 оқушы бақ сынады.
Олимпиада қорытындысы бойынша Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Камила Қалиақпар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен III дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі Кенжегүл Балтажанқызы Әлжанова, №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Әлішер Баритов география пәнінен ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі Жаннат Аманғазықызы Жұмагулова, №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Ернұр Бахитденов Қазақстан тарихы пәнінен ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі Баян Рақымжанқызы Шөкина, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 9-сынып Аружан Арынова құқық негіздері пәнінен ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі Ержан Бақтыбайқызы Рахимтаев. Білімнің биік шыңдарын бағындыра білген оқушыларымызға мың алғыс.
Бастауыш сынып оқушылары арасында VIII облыстық математикалық турнирінің жеңімпаздары
- Толығырақ
- Жарияланды 22.02.2021 16:15
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы бастауыш сынып оқушылары арасында VІІІ облыстық математикалық турнирін қашықтық форматындағы Goоgle-форма платформасында өткізді.
Пандемияға байланысты математикалық турнир жазбаша жеке тур бойынша өтті. Оқушылар математика пәнінен әр сыныпқа арналған 20 сұрақтан тұратын тест орындады. Әр сынып бойынша үйлестірушілерге өту үшін сілтеме жіберілді. Барлық оқушыларда жеке компьютер немесе ноутбуктері болды. ZOOM-да оқушыларға бақылау жүргізілді.Турнирге облыс бойынша 115 оқушы қатысты.
Турнирдің қорытындысы бойынша Баянауыл ауданынан №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 2-сынып оқушысы Диляра Сайдуллаева I дәрежелі диплом, №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 2-сынып оқушысы Мансур Исламиденова II дәрежелі дипломды иеленді. №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 3-сынып оқушысы Виктория Ржанова I дәрежелі дипломмен, №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 4 –сынып оқушысы Диана Смайлова III дәрежелі дипломмен марапатталды.
«IQanat» олимпиадасы өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 19.02.2021 16:00
«Олимпиаданы «Iqanat білім беру» қоғамдық қоры Қамқоршылар қаражаты есебінен өткізеді. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, ауыл оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру, сонымен қатар оқушылардың жалпы білім беретін пәндерді оқуға қызығушылығын қалыптастыру болып табылады.
Олимпиада ауыл мектептерінің оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша үш кезеңде өткізіледі. 3-ші кезеңге өткен оқушы Республикалық слетке қатысады.
Баянауыл ауданынан 8-ші сыныпқа арналған республикалық «Iqanat» олимпиадасының бірінші кезеңіне 76 оқушы қатысты. Аталмыш байқау онлайн форматында өтті.