banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

Өзара әрекеттестік және қолдау жұмыстарының жетістігі

    Баянауыл ауданындағы Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебі Екібастұз қаласындағы «Дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы көп тілді мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесімен бірлесе өзара әрекеттестік және қолдау жұмыстарын бірге атқарады.

   9 сәуір күні «Дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы көп тілді мектеп-интернаты» базасында 6-сынып оқушылары үшін математика және логика пәндері бойынша олимпиада өтті. «Рухани жағыру» аясында олимпиаданың мақсаты олимпиадалық дайындық жүйесінде олардың әлеуетін одан әрі дамыта отырып, дарынды балаларды анықтау. Жалпы олимпиадаға Екібастұз және Баянауыл аудандық мектептерінен 109 оқушы қатысты.

   Олимпиаданың қорытындысы бойынша Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 6-сынып оқушысы Ерсайын Серіков пен Жылбек Ағаділов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 6-сынып оқушысы Әділ Әнуарбек жүлделі 2 орынмен марапатталды. Оқушылардың жетекшілері Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің математика пәнінің мұғалімі Нұргүл Бақытқызы Мерғалиева мен Жылбек Ағаділов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің математика пәнінің мұғалімі Құралай Нығметқызы Манапова. Оқушыларымыздың алар асулары көп болып, биік белестерді бағындыра берсін!

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz