Жаңалықтар
«Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында физика пәнінен үздік оқу-әдістемелік басылым» сайысының жеңімпазы
- Толығырақ
- Жарияланды 30.11.2020 16:30
Павлодар облысындағы «Өрлеу»біліктілікті арттыру ұлттық орталығы 2020 жылдың 30 қазанынан 27 қарашасына дейін «Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында физика пәнінен үздік оқу-әдістемелік басылым» облыстық сайысын өткізді. Сайыс жалпы білім беретін мектептердің физика пәнінің мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жетілдіруге бағытталған.
Сайыстың мақсаты: жалпы білім беретін мектептердің шығармашылықпен жұмыс істейтін физика мұғалімдерін анықтау, орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде физиканы оқытудағы педагогикалық идеяларды іздеу, оларды қолдау және көтермелеу.
Байқаудың сырттай турында 02 қарашадан 20 қарашаға дейін қазылар алқасы басым бағыттар бойынша ұсынылған облыс педагогтерінің 36 жұмысын қарады. Жұмыстың тәжірибелік құндылығы, өзектілігі және логикалық аяқталуы, нәтижелілігі критерийлеріне сәйкестігін қарады. Күндізгі турға қатысуға 12 жұмыс жіберілді.
Баянауыл ауданынан Д.Рахметов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің физика пәнінің мұғалімі Аслан Қабдырахимұлы Қасенов сырттай турдың жеңімпаздары және күндізгі турға қатысуға жіберілді.
Баянауыл ауданы бойынша Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі балалар өкілдіктерін тағайындау
- Толығырақ
- Жарияланды 02.11.2020 14:30
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бұйрығы бойынша Баянауыл ауданының білім бөлімі Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі балалар өкілдіктерін тағайындау үшін төмендегідей жұмыстар жүргізілді.
Алдымен, 1-30 қыркүйек аралығында жалпы орта білім беру ұйымдарында балалар өкілдіктерінің құрамын қалыптастырды.
Балалар өкілдіктерінің құрамына қатысушы – үміткерлер туралы ақпарат, сондай-ақ, олар ұсынған бағдарламалық тезистер мен әлеуметтік бастамалары білім беру ұйымының әлеуметтік желілердің ресми беттерінде жарияланды. Таңдалған бір үміткерді аудандық кезеңге ұсынды.
Екінші кезең 1-22 қазан аралығында аудандық өкілдердің үміткерлері бекітілді.
Мейірімі мен қамқорлығын аямаған жандар
- Толығырақ
- Жарияланды 29.10.2020 15:00
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен Қазақстанда 2010 жылдан бастап 29 қазан күні «Қамқоршы күні» мерекесі аталып өтеді. Аталған іс-шараларға барлық жалпы орта білім беру мектептері қатысады.
Аталған іс-шараның мақсаты - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге алған отбасыларына алғыс білдіру, әлеуметтік жетімдікті болдырмауға жұртшылықты тарту.
Әлеуметтік желілер арқылы «Қамқоршы күні» мерекесіне төмендей іс-шараларды концерттік бағдарламаны, құттықтауларды, отбасылық фотогалереяларды, спорттық жарыстарды, мақала жариялауды, мүшәйра (өлең шығаруды) қашықтықтан өткізді.
«125 бұйрықтың соңғы редакциясын және тоқсандық жиынтық бағалауды түсіндіру »тақырыбында аудандық онлайн жиналыс
- Толығырақ
- Жарияланды 27.10.2020 17:20
2020 жылғы 27 қазан күні әдістемелік кабинеттің басшысы Гүлнәзи Зейноллақызы Нұртаеваның қатысуымен « 125 бұйрықтың соңғы редакциясын және тоқсандық жиынтық бағалауды түсіндіру, «Күнделік.kz» толтыру мәселелері» тақырыбында онлайн жиналыс өткізді.
Жиналысқа ауданымыздың әдіскерлері мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Бірінші сұрақты тілдер әдіскері Махаббат Құдайбергенқызы Сәдуақасова таныстырып өтті.
Екінші сұрақты әдістемелік кабинеттің басшысы Гүлнәзи Зейнолақызы Нұртаева егжей-тегжей талқылады.
Үшінші сұрақты дарынды балалармен жұмыс бойынша әдіскері Данияр Хамзаұлы Аюпов талқылап, түсіндіріп өтті. Туындап жатқан сұрақтарына жауаптарын алды.
«Daryn ecoart» суреттер мен қолөнер бұйымдарының облыстық экологиялық байқауының жеңімпазы
- Толығырақ
- Жарияланды 26.10.2020 16:30
Балалардың экологиялық білімін нығайту мақсатында 2020 жылғы 23 қазанда «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы қашықтықтан 1-6-сынып оқушылары арасында «DARYN ECOART» суреттер мен қолөнер бұйымдарының облыстық экологиялық байқауын өткізді. Байқау екі бағыт бойынша өткізілді.
Үздік сурет бағытына 1-4-сынып оқушылары қатысты (6-10 жастағы топ). Әрбір қатысушы 5 суреттен тұратын экологиялық тақырыпқа, пейзаждар мен табиғатқа, туған өлкенің қоршаған ортасын сақтауға және ұқыпты қарауға арналған жұмыстар топтамасын ұсынды.
Байқаудың облыстық кезеңіне аудандық кезеңдердің 4 жеңімпазы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 2-сынып оқушысы Жанерке Борамбай III дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі көркем еңбек пәнінің мұғалімі Салтанат Рақымтайқызы Махамбетова.
Жүзден жүйрік, мыңңан тұлпар.
- Толығырақ
- Жарияланды 26.10.2020 16:20
Жыл сайын облыста Мағжан Жұмабаевтың рухани мұрасын көп білетін оқушылар арасында байқау өткізіледі. 22 қазан күні 5-11-сынып оқушылары арасында VІІІ облыстық Мағжан оқулары онлайн өткізілді.
Ереже бойынша Мағжан оқулары үш бағыт бойынша аудандық және қалалық жеңімпаздары 53 оқушының қатысуымен өтті. Балалар ақынның өлеңдерін жатқа айтып, жас дарындар өз туындыларын оқып, жас зерттеушілер Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен мұрасына арналған ғылыми жобаларын қорғады.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» тақырыбында Мағжан шығармаларын жатқа оқу бағытында ІІ дәрежелі жүлдемен Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Алуана Манарбекова марапатталды. Жетекшісі: Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қали Толғанай Рымбайқызы.