Жаңалықтар
Баянауыл ауданы бойынша Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі балалар өкілдіктерін тағайындау
- Толығырақ
- Жарияланды 02.11.2020 14:30
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бұйрығы бойынша Баянауыл ауданының білім бөлімі Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі балалар өкілдіктерін тағайындау үшін төмендегідей жұмыстар жүргізілді.
Алдымен, 1-30 қыркүйек аралығында жалпы орта білім беру ұйымдарында балалар өкілдіктерінің құрамын қалыптастырды.
Балалар өкілдіктерінің құрамына қатысушы – үміткерлер туралы ақпарат, сондай-ақ, олар ұсынған бағдарламалық тезистер мен әлеуметтік бастамалары білім беру ұйымының әлеуметтік желілердің ресми беттерінде жарияланды. Таңдалған бір үміткерді аудандық кезеңге ұсынды.
Екінші кезең 1-22 қазан аралығында аудандық өкілдердің үміткерлері бекітілді. Сайлау білім беру ұйымдары ұсынған балалардың қатысуымен конкурстық негізде өтті.
Байқау 3 кезеңнен тұрды:
- «Тұлғалық таныстыру» (кандидаттың жеке басын таныстыру);
- үміткер бағдарламасының тұсаукесері;
- брифинг (үміткерлерге сұрақтар қою).
Іскерлік байқаудың үш кезеңінің қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған үміткер балалардың өкілі болып тағайындалады. Екі кезеңнің есебі бойынша Баянауыл ауданынан Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілі болып, Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Елдара Жанатқызы Дуан тағайындалды.