Жаңалықтар
Баянауылда аймақтық Шәкен Айманов оқулары өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 14.02.2020 11:45
Баянауылда аймақтық Шәкен Айманов оқулары өтті Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында кино өнерінің саңлағы, режиссер Ш. Аймановқа арналған дәстүрлі ІІІ аймақтық Шәкен Айманов оқулары өтті. Мақсаты: Ш.Аймановтың қазақ өнерінде жасаған еңбектерін насихаттай отырып оқушылардың бойындағы табиғи талантын ұштау, дарынды оқушыларды мадақтау.
Аймақтық оқуларға 126 оқушы қатысты. Оқулар : 5 секция бойынша жұмыс жасады. Нәтижесінде оқушылар төмендегідей жүлделі орындарға ие болды.
Нұржан-республикалық ғылыми жоба жеңімпазы
- Толығырақ
- Жарияланды 13.02.2020 11:45
Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің базасында 11-14 ақпан аралығында 8-11- сынып оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша 584 ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңі өтті. Республика бойынша 737 дарынды оқушылар қатысса, Баянауыл ауданы бойынша 1 оқушы қатысты.
«Физика» секциясы бойынша №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Нұржан Ғабдуқалиев жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің физика пәнінің мұғалімі Құндыз Ғабдулрашитқызы Рақымжанова.
Барлық қатысқан оқушылар мадақтамамен марапатталды. Жарайсың, Нұржан! Талабыңа нұр жаусын!
«Сарбаз-2020» әскери-қолданбалы спорт түрлерінен өткен жарыс жеңімпаздары
- Толығырақ
- Жарияланды 12.02.2020 11:45
Павлодар қаласындағы Білім беру басқармасы мен «Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі» орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2020 жылғы 12 ақпан күні Ұлы отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған облыстық «Сарбаз-2020» әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыс өтті. Павлодар облысы бойынша 6 қала, 11 аудан мектептерінен барлығы 85 оқушы жарысқа қатысты. Мақсаты: оқушыларды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, спорттық дағдыларын іске асыру, әскери күнделікті өмірі және тұрмысымен танысу.
Баянауыл ауданының намысын №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушылары Асанәлі Байділдә, Азамат Хымбат, Мадияр Мүбәраков және №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Мәди Нұрғожин мен 11-сынып оқушысы Бауыржан Әубәкіров қорғады. Оқушыларды жарысқа сапалы, тыңғылықты дайындаған №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Төлеген Мұқанұлы Сүйінбеков пен №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Хисамиден Хамзаұлы Искаков.
Білім ошағына тартқан тарту
- Толығырақ
- Жарияланды 11.02.2020 11:45
Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебіне Павлодар мемлекеттік университеті 5897 дана кітап, оқушыларға сабақта қолдану үшін 5 дана компьютер, 20 парта мен 40 орындық, 5 сөре сыйға берді. Сонымен қатар, университет атынан мектебіміз ақиық ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығына арналған стендімен жабдықталды. Стенд оқушылардың ақын шығармашылығын тереңірек танып білуіне зор үлесін қосады.
Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы-жомарттық, кеңпейілдік. Халық даналары «Кең болсаң, кем болмайсың»,- деп айтып кеткен. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға жақын жанға тән сипат. Жомарт болу -өзіңде барды әр адаммен шын жүректен бөлісу. Осындай кең пейілдерін танытуға үлес қосқан С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ұжымы болды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университет ұжымына мектеп ұжымы, оқушылары және ата-аналар тарапынан өз ризашылығымызды білдіреміз.
Аудандық «Заманауи білім беру ұйымдарындағы әскери-патриоттық тәрбие берудің өзекті мәселелері» атты оқу-әдістемелік семинар
- Толығырақ
- Жарияланды 10.02.2020 11:45
Б.Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебінде аудандық оқу-әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскерлері және аудан бойынша 21 мектептен 55 мұғалім қатысты.
Ең алдымен аталмыш іс-шараның ашылу салтанаты ұйымдастырылып, қоңақтарды алдағы өткізілетін бағдарламамен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Тәжірибелік кезеңде Мейрамбек Түсіпбеков пен Айдана Жақсыбаеваның ұйымдастыруымен "Роботтарды басқару алгоритмі" тақырыбында 10-шы сынып оқушыларымен алғашқы әскери дайындық және информатика, Әйгерім Түсіпова мен Қымбат Бекбаулова 9-шы сынып оқушыларымен бірге "Тың игеру жылдарындағы Қазақстан" тақырыбында тариx және география, "Балдәурен" шағын орталығының тәрбиешісі Әйгерім Құрмансейтова "Үй жануарлары" атты тақырыпта кішкентай бүлдіршіндермен ашық сабақ өткізілді.
Қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары күшейтілуде
- Толығырақ
- Жарияланды 05.02.2020 11:45
Баянауыл ауданының білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес білім беру мекемелеріндегі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен «Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға дайындық» бойынша арнайы семинар өткізілді. Аталған семинарға ауданымыздың 24 директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Білім бөлімі әдістемелік кабинетінің басшысы Гүлнәзи Зейноллақызы Нұртаева Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 26 қарашадағы «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидалары бекіту туралы» туралы №509-шы бұйрығымен таныстырып, қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібі мен ережелері бойынша арнайы бейнебаян көрсетті.