Жаңалықтар
Баянауылда аймақтық Шәкен Айманов оқулары өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 14.02.2020 11:45
Баянауылда аймақтық Шәкен Айманов оқулары өтті Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында кино өнерінің саңлағы, режиссер Ш. Аймановқа арналған дәстүрлі ІІІ аймақтық Шәкен Айманов оқулары өтті. Мақсаты: Ш.Аймановтың қазақ өнерінде жасаған еңбектерін насихаттай отырып оқушылардың бойындағы табиғи талантын ұштау, дарынды оқушыларды мадақтау.
Аймақтық оқуларға 126 оқушы қатысты. Оқулар : 5 секция бойынша жұмыс жасады. Нәтижесінде оқушылар төмендегідей жүлделі орындарға ие болды.
«Сахна саңлағы» секциясы бойынша оқушылар Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Абай шығармашылығы бойынша қойылым көрсету болды. Қорытындысы бойынша Бас жүлдемен Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты, І орын Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебі, ІІ орын Д.Рахметов атындағы жалпы орта білім беру мектебі, ІІІ орын Ә.Марғұлан атындағы жалпы орта білім беру мектебі марапатталды. Сұлужон жалпы орта білім беру мектебі «Көрермендер көзайымы» номинация иеленді. «Оразбай» рөлін сомдаған Д.Рахметов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Олжас Мұхит, «Абай» рөлін сомдаған З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Әлібек Болат ерекше көзге түсіп, актерлік шеберліктерін көрсете білді.
«Ақ қағаз қалам сия келді бізге» мүшәйра секциясында «Шәкен – дарын сахнаның сардары», «Абай –дана, Абай - дара қазақта», «Алтын ұя - мектебім» тақырықты жеребе бойынша таңдап алып, өлеңдерін шығарды. Секция жабық түрде өтті.Секция нәтижесі бойынша І орынды Шадыра мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінің 10-сынып оқушысы Әшім Айғаным , ІІ орынды Ш. Айманов атындағы жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Қаппас Фариза , Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Дүйсен Диана, ІІІ орынды Жайма жалпы орта білім беру мектебінің 11- сынып оқушысы Ризаев Ерасыл, С. Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Ғайбиран Қарақат, Сұлужон жалпы орта білім беру мектебінің 7- сынып оқушысы Оспанов Әлиасқар иеленді.
«Көңілім әнді ұғады» секциясы екі топта өтті. 10-13 жас аралығында, 14-16 жас аралығында бір ән. Үміткер қалауы бойынша халық әндері немесе халық композиторларының әндерінен немесе Ш.Айманов фильмдеріндегі қолданған эстрада жанрындағы әндерден бір ән орындау болды. 10-13 жас аралығында І орынмен Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебінің 7-сынып оқушысы Оспанов Әлиасқар, ІІ орынмен Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінің 6-сынып оқушысы Марат Сабина, Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 4-сынып оқушысы Қаппас Камила, ІІІ орынмен Ж. Ағаділов жалпы орта білім беру мектебінің 6-сынып оқушысы Расулқызы Аяулым, №2 Баянауыл жалпы орта білім беру мектебінің 4-сынып оқушысы Асқар Еламан, С. Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 6-сынып оқушысы Маратова Мәдина , З. Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 4-сынып оқушысы Сыздық Мұстафа, Қ. Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінің 4-сынып оқушысы Манат Ерасыл марапатталды. 14- 16 жас аралығында І орынды З. Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Тлеубек Мәдина, ІІ орынды Шадыра мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінің 8-сынып оқушысы Төлеутай Меруерт, Шөптікөл жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Кәкім Данара, №2 Баянауыл жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Штибен Диляра иеленді. «Қылқалам және қол өнер шеберлері» секциясында Ш.Айманов кинофильмінен үзінді көрсетілді. Оқушылар сол кинофильмінен көргендерін эпизодты суретке салып, үйден жасап алып келген қол өнер бұйымдарын қорғады. Бұл секция бойынша І орын Жайма орта мектебінің 10-сынып оқушысы Дәулет Айша, ІІ орын Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 7-оқушысы Камашева Әсима, Ж. Ағаділов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 7-оқушысы Айарыс Тұрғанбай, ІІІ орын З. Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Ғалымжанова Асылым, №2 Баянауыл жалпы орта білім беру мектебінің 4-сынып оқушысы Александра Болих, С. Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Ділнәз Сабиқолла иеленді.
«Менің мектебімнің тарихы» секциясында әр мектеп өздерінің мектеп тарихы бойынша ғылыми жоба жазып, презентация жасап қорғады. Бұл секция бойынша І орынмен Қ. Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінің 6-оқушысы Түсіпбай Ақмарал, ІІ орынмен С. Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 4-сынып оқушысы Қабылбек Іңкәр, Ж. Ағаділов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Бейсенбай Назерке, ІІІ орынмен Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Бақыт Аружан, Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Абдығомар Дариға, Лекер жалпы негізгі білім беру мектебінің 5-сынып оқушысы Жұмақанова Айым марапатталды. ІІІ аймақтық Ш. Айманов оқулары жас шәкірттерді өнерін ұштаумен қатар білімділігін көрсете білді.
Осы іс-шараның өтуіне бас демеушілік жасаған облыстық мәслихаттың депутаты, белгілі кәсіпкер Орал Рахмашұлы Сартаевқа , Баяануыл іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Гүлмира Олжатайқызы Олжатайға рақметімізді айтамыз.