Жаңалықтар
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында виртуалды кітапхана көрмесі ұйымдастырылды
- Толығырақ
- Жарияланды 10.05.2021 15:00
Ұлы Отан соғысының жеңісіне 76 жыл толуына және Отан қорғаушылар күніне орай мектеп кітапханаларында виртуалды көрме ұйымдастырылды.
Көрменің тақырыптары: «Ерлік даңқы ешқашанда өшпейді», «Ер есімі-ел есінде» , « 9- мамыр Ұлы жеңіс мерекесі құтты болсын!», «Ұлы жеңіске -76 жыл».
Виртуалды көрмені барлық оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, қонақтар тамашалай алады. Көрмеге ақын-жазушылардың шығармалары, жауынгерлердің суреттері, портреттері, фотолары, нақыл сөздер мен қанатты сөздері, «Боздақтар» мен «Жеңімпаздар» кітаптары қойылды.
ЖЫР АЛЫБЫ ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН АҚЫНДЫҚ ДОДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ.
- Толығырақ
- Жарияланды 22.04.2021 16:00
Ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 175-жылдығына арналған мерейтойын мерекелеу мақсатында «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының бастамасымен 2021 жылғы 22 сәуірде облыстық Жамбыл оқулары онлайн режимде өткізілді.
Байқау мақсаты: ақын шығармалары арқылы ел өткенін таныту, еліміздің отансүйер, білімді, рухы берік азаматтарын тәрбиелеу.
Доданың екі бағыты – «Жамбылдың жыр мұрасы» (ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу) және «Жыр алыбы Жамбыл» (ақындар айтысы) «ZOOM» платформасында бейне конферения байланысы арқылы өткізілді. «Өлең-сөздің даңғылы, бар қазақтың Жамбылы» (оқушылардың өз поэзиялық туындыларын ұсыну) бағыты алдын ала жазылып, жіберілген бейне материалдар бойынша бағаланды. Баянауыл ауданынан 3 оқушы қатысты.
ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
- Толығырақ
- Жарияланды 21.04.2021 18:00
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылғы 19-20 сәуір аралығында «Zoom» платформасында 5 пән бойынша (қазақ тілі, орыс тілі, математика, жаратылыстану және биология) облыстық «Жас кемеңгер» мектебінің олимпиадасын онлайн режимінде өткізді. Олимпиаданың негізгі мақсаты – ауылдық жалпы білім беру мектеп оқушыларының арасынан ғылым негіздеріне ерекше бейімділігі бар дарынды балаларды айқындау, ауылдық мектеп оқушыларының жоғары деңгейлі күрделіленген тапсырмаларды өздігінен орындау және шығармашылық қабілеттерін дамыту мен іске асыруына жағдай жасау.
Облыстық олимпиадаға ауданымыздың атынан 11 оқушы қатысып, оның 8-і жүлделі орынға ие болды.
Өзара әрекеттестік және қолдау жұмыстарының жетістігі
- Толығырақ
- Жарияланды 20.04.2021 18:00
Баянауыл ауданындағы Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебі Екібастұз қаласындағы «Дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы көп тілді мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесімен бірлесе өзара әрекеттестік және қолдау жұмыстарын бірге атқарады.
9 сәуір күні «Дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы көп тілді мектеп-интернаты» базасында 6-сынып оқушылары үшін математика және логика пәндері бойынша олимпиада өтті. «Рухани жағыру» аясында олимпиаданың мақсаты олимпиадалық дайындық жүйесінде олардың әлеуетін одан әрі дамыта отырып, дарынды балаларды анықтау. Жалпы олимпиадаға Екібастұз және Баянауыл аудандық мектептерінен 109 оқушы қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 6-сынып оқушысы Ерсайын Серіков пен Жылбек Ағаділов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 6-сынып оқушысы Әділ Әнуарбек жүлделі 2 орынмен марапатталды
«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру жолдары» тақырыбындағы аудандық семинар
- Толығырақ
- Жарияланды 12.04.2021 13:00
Аудандық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру жолдары» тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты: кітапханашылардың үздіксіз кәсіби өсуіне қолдау көрсету және іс-әрекетті зерттеу туралы түсінік беру. Педагогикалық тәсілдермен таныстыру, тәжірибе бөлісу. Семинарға аудан бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, білім беру бөлімнің әдіскері, кітапханашылар, ата-аналар комитетінің мүшелері қатысты.
Аудандық семинарды №2 жалпы орта білім беру мектебінің, №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының, З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің кітапханашылары өткізді.
«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру жолдары» тақырыбында ой бөлісті. Желтоқсан айынан бастап сәуір айына дейін атқарып жатқан жұмыстарын, әр түрлі іс-шаралар өткізген уақытта қолданылатын әдіс-тәсілдердің тиімділігіне тоқталды. Кері байланыс жасау арқылы семинарға қатысушылардың ойы мен пікірлері тыңдалды.
«Тәрбие алаңы» ауқымды іс-шаралар ортасы
- Толығырақ
- Жарияланды 09.04.2021 15:00
Павлодар қаласындағы «М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы» базасында «Тәрбие алаңы» жобалық офисі ашылды. Жобалық офистің қызметі барлық мүдделі мемлекеттік органдармен, ҮЕҰ, қоғамдық ұйымдар және мекемелермен ынтымастық жасауды көздейді.
Жобаның мақсаты кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықты алдын алу жұмысын күшейту, ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау, медициналық патронаж, ата-аналарды жұмысқа орналыстыруға көмек көрсету, отбасылық қиын жағдайларды шешуге ықпал ету болып табылады.
Аталған бағытты іске асырудағы аспекті «Диалог терезесі» атты алаңын апта сайын ұйымдастыру.
2021 жылғы 8 сәуір күні алғашқы отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Анар Балтабекқызы Баденова, №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің әкімшілігі, Баянауыл ауданы полиция бөлімінің инспекторы, аға лейтенат Дидар Нығмет, білім беру бөлімінің мамандары қатысты.
Отырыста Майқайың кентінің тұрғыны, жалғыз басты ананың кәмелет жасқа толмаған балалары алдындағы ата-аналық міндетін орындауы, материалдық мәселелері көрсетілді. Аталаған мәселелер талқыланып, жалғыз басты ананың ойы мен пікірі тыңдалды. Жиын соңында барлық көтерілген мәселелер оң шешіммен шешілді.
Баянауыл ауданы бойынша «Диалог терезесі» әр бейсенбі сағат 17.00-де аудан әкімінің орынбасары Анар Балтабекқызы Баденованың қатысуымен тұрақты өткізіліп тұрады.