banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.

    "Менің туым" жобасының ІІІ кезеңі зияткерлік ринг ұйымдастырылды. Зияткерлік рингтің мақсаты: оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру. Зияткерлік турнирді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар мен аға тәлімгерлер ұйымдастырды. Зияткерлік рингті өткізу барысында оқушылар шешім қабылдау тәжірибесіне ие болады және топтық жұмыста жауапкершілікті сезінеді. Топтық бірлескен іс-шаралар және іс-шараның бәсекелестік сипаты команданы біріктіру үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.

   Іс-шараны әзірлеу кезінде орта буын балалардың жас ерекшеліктері ескерілді.Сайыс 3 кезеңнен тұрады. Әр мектеп екі, үш топтарға бөлді және топтарға ат қойды. Өздері таңдаған сандарға сәйкес дұрыс жауап берсе ұпай берілді. Қортынды кезеңде ең көп ұпай жинаған топ жеңіске жетті.

   Осы айтулы мерекеге орай тарих пәнінің мұғалімдері ерекше ат салысты. Мектеп мұражайында мектеп оқушыларымен «Тарихтан туған рәміздер» тақырыбында дөңгелек үстел басында танымдық сабақ өткізілді.

   «Мемлекеттік рәміздер» тақырыбында арнайы бейнефильм көрсетіп оқушылардың сұрақтарына жауап берді. «Көк туым» шығармашылық бейнбаян түсірілді. Көркемдік жетекшілердің, музыка пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Көк тудың желбірегені» тақырыбында онлайн форматта концерт өткізілді.

   Мектеп кітапханашылары мектеп кітапханасында «Рәміздерім мақтанышым» тақырыбында көрме ұйымдастырып, 1-8 сынып оқушыларына таныстырды. «Туымды паш етемін» тақырыбында спорттық сайыстар өткізілді. Іс-шара барысында 7-8 сынып оқушыларымен баскетбол және валейбол ойындарынан сайыс ұйымдастырылды. Барлық іс-шараларға жалпы 3950 оқушы қатысты.

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz