banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

«Павлодар өңірінің көзтартарлық орындары – балалар көзімен» атты облыстық жобаны жүзеге асыру.

    2021 жылғы 4-ші маусым күні Майқайың балалар өнер мектебінің көркемсурет бөлімінің оқушылары және ұстаздары «Павлодар өңірінің көзтартарлық орындары – балалар көзімен» атты облыстық жоба шеңберінде Торайғыр жеріне PLANNER ұйымдастырды. Оқушылар Баянауылдың ең көрікті жерлерінің бірі «Кемпіртас» жартасын және танымал қазақ ақыны, демократ Сұлтанмахмұт Торайғыров кесенесін суреттеп бейнеледі. Бұдан бөлек кесене жанында орналасқан сақ қорғандарын көріп, тарихымен танысып қайтты.

   Жобаның мақсаты: оқушыларды елін, жерін, халқын, ауылын сүюге, Отанын қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларды Торайғыр ауылының көзтартарлық әсем табиғатын қағаз бетіне бейнелеп түсіру, туған жердің қадір- қасиетін ұғынуға, өз ойларын қылқалам арқылы жүйелі түрде жеткізе білуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету. Оқушылар Торайғыр ауылының киелі жерлерін аралап, «Қоңыр әулие» үңгірін тамашалап, жақсы әсер алды. Оқушылар жаппай Кемпіртастың суретін салуды мақсат еткен болатын, мақсатына жетіп суреттерін жақсы аяқтады.

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz