banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

2021 жылғы «Мың бала» Ұлттық олимпиадасы жеңімпаздарының есімі жарияланды.

    Баянауыл ауданынан «Мың бала» Ұлттық олимпиадасы жеңімпаздарының есімі белгілі болды. Олар – олимпиаданың II кезеңінде жоғары нәтиже көрсеткен ауыл мектептерінің 5 және 6 сынып оқушылары бар.

   II кезең барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаумен, өңірлік тестілеу орталықтары базасында офлайн режимде өткізілді. Қатысушылар математикалық сауаттылық, қазақ тілінде оқитын оқушылар үшін қазақ тілі, орыс тілінде оқитын оқушылар үшін орыс тілі, ағылшын тілі мен жаратылыстану пәндері бойынша академиялық білімді бағалауға компьютерлік тестілеуден өтті.

   Сонымен қатар, II кезеңнің барлық қатысушыларына Елбасы Академиясының «Вirge Oqý» онлайн мектебінде тегін оқуға мүмкіндік беріледі. Онлайн мектепте еліміздің жетекші ұстаздары математика, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен қосымша сабақтар өткізеді. Толық ақпаратты birgeoqy.kz сілтемесі арқылы білуге болады.

   Жоғары нәтиже көрсеткен ауыл мектептерінің 5 және 6 сынып оқушыларымыз бар.

5-сынып оқушылары: Бөкенбай Абзал Ерқанатұлы-Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты. Сағидолла Мансұр Аязбайұлы-Дүйсенбай Рахметов атындағы жалпы орта білім беру мектебі. Тәуекел Елнар Амантайұлы- Дүйсенбай Рахметов атындағы жалпы орта білім беру мектебі. Ынтықбай Дархан Төлегенұлы- Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебі.

6-сынып оқушылары: Дүйсенбек Әлижан Қайыркелдіұлы - Шадыра жалпы орта білім беру мектебі. Жұмағали Нұрсая Ануарқызы - Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебі. Сапар Нұрхан Саматұлы - Шадыра жалпы орта білім беру мектебі. Теміршот Айғаным Ерланқызы - Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебі.

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz