banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

ЖЫР АЛЫБЫ ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН АҚЫНДЫҚ ДОДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ.

   Ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 175-жылдығына арналған мерейтойын мерекелеу мақсатында «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының бастамасымен 2021 жылғы 22 сәуірде облыстық Жамбыл оқулары онлайн режимде өткізілді.

   Байқау мақсаты: ақын шығармалары арқылы ел өткенін таныту, еліміздің отансүйер, білімді, рухы берік азаматтарын тәрбиелеу.

   Доданың екі бағыты – «Жамбылдың жыр мұрасы» (ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу) және «Жыр алыбы Жамбыл» (ақындар айтысы) «ZOOM» платформасында бейне конферения байланысы арқылы өткізілді. «Өлең-сөздің даңғылы, бар қазақтың Жамбылы» (оқушылардың өз поэзиялық туындыларын ұсыну) бағыты алдын ала жазылып, жіберілген бейне материалдар бойынша бағаланды. Баянауыл ауданынан 3 оқушы қатысты.

   Дода қорытындысы бойынша «Жыр алыбы Жамбыл» бағытында «Арқалы ақын» номинациясымен №2 Баянауыл ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы Арман Ордабаев марапатталды. Жетекшісі: Баянауыл өнер мектебінің ақындар сыныбының мұғалімі Жеңісбек Пәзіл.

   «Өлең - сөздің даңғылы, бар қазақтың Жамбылы» бағытында ІІІ орынды №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Әйгерім Мүлікқызы еншілеп алды. Жетекшісі: №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шынар Рамазанқызы Жұмабекова. Жарайсыздар,жеңістің биік тұғырынан көріне беріңіздер!

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz