banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылғы 19-20 сәуір аралығында «Zoom» платформасында 5 пән бойынша (қазақ тілі, орыс тілі, математика, жаратылыстану және биология) облыстық «Жас кемеңгер» мектебінің олимпиадасын онлайн режимінде өткізді. Олимпиаданың негізгі мақсаты – ауылдық жалпы білім беру мектеп оқушыларының арасынан ғылым негіздеріне ерекше бейімділігі бар дарынды балаларды айқындау, ауылдық мектеп оқушыларының жоғары деңгейлі күрделіленген тапсырмаларды өздігінен орындау және шығармашылық қабілеттерін дамыту мен іске асыруына жағдай жасау.

   Облыстық олимпиадаға ауданымыздың атынан 11 оқушы қатысып, оның 8-і жүлделі орынға ие болды.

Биология пәні бойынша:

Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 7- сынып оқушысы Аян Рахимов 3-орын, №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 7- сынып оқушысы Аружан Сатыбалдинова 2- орын. Жетекшілері: Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының биология пәнінің мұғалімі Самал Сәрсенбайқызы Әділбекова мен №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің биология пәнінің мұғалімі Бөгембай Маратұлы Бахитдинов.

Орыс тілі пәні бойынша:

№2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 7-сынып оқушылары Анастасия Казакова 3- орын, Сергей Губер 3-орын. Жетекшісі: №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ирина Николаевна Цыганова.

Математика пәні бойынша:

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 6-сынып оқушылары Сәбина Мұратова 1-орын, Нұралы Исабек 1-орын, Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 6-сынып оқушылары Нұрдана Пазыл 1-орын, Нұрсая Сәрсенбай 2-орынмен марапатталды. Жетекшілері: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің математика пәнінің мұғалімі Гауһар Қабыкенқызы Ауталипова, Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімдері Перизат Ержанқызы Арғынбай мен Айбол Қайратұлы Төлегенұлы.

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz