banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

“Зерде” зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының республикалық байқауының жеңімпазы

    Бастауыш және орта буындағы оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мен оларға қолдау таныту мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми -практикалық орталығының ұйымдастыруымен оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының XVI республикалық «Зерде» байқауы өтті.

   Республикалық кезеңнің ең үздігі атану үшін елімізден 398 оқушы бәсекеге түсіп, бақтарын сынады. Баянауыл ауданынан Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 7-сынып оқушысы Нұрай Шайқыбекова қатысты.

   Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

   «Қазақ тілі мен әдебиеті» секциясында 7-сынып оқушысы Нұрай Шайқыбекова «Баянауылдың топонимикалық атаулары» тақырыбында ғылыми жобаны қорғап, ІІІ дәрежелі орынды иеленді. Оқушыны ғылыми жобаға дайындап, зерттеушілік ізденісін дамыта білген жетекші ұстазы Баян Рамазанқызы Жұмабекова.

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz