banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

Әбіш оқуларының жеңімпаздары

    2021 жылғы 20-26 қаңтар аралығында «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы республикалық «Әбіш оқулары» байқауының облыстық кезеңін қашықтық форматта өткізді.

   Іс-шараның басты мақсаты мектеп оқушылары арасында Әбіш Кекілбаевтің шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, жас ұрпақтың бойына Отаншылдық пен ұлттық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгерту.

   Сайыс төрт бағытта өтті: Ә.Кекілбаевтың шығармаларын мәнерлеп оқу, иллюстрациялық сурет, зерделеу жоба және сахналық қойылым байқауы.

   Шараға ауданымыздан №2 Баянауыл жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып Аружан Балтабай, Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Нұрдәулет Қораш, Сұлужон жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Мұхаммед Қуанышбек қатысты.

   Облыстық «Әбіш оқулары» байқауының қорытындысы бойынша иллюстрациялық сурет бағытында ІІІ орынды №2 Баянауыл жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Аружан Балтабай, мәнерлеп оқу бағытында ІІ орынды Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Нұрдәулет Қораш жеңіп алды. Жетекшілері: №2 Баянауыл жалпы орта білім беру мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жеңісгүл Егеубайқызы Тұяқаева мен Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Салтанат Сәрсенбайқызы Әбілдина.

   Облыстық байқау жеңімпаздары республикалық кезеңге жолдама алды.

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz