banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

Өнерді жоғары дәріптеген...

   Баянауыл ауданына қарасты жалпы орта білім беру мектептерінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай поэзиялық кештер мен өлеңдерін мәнерлеп оқу байқаулары қашықтықтан өтті.

   Қашықтықтан өткен ақиық ақынның жыр кешіне барлығы 2273 оқушы қатысты. Рухани байқауда тыңдаушылар ақынның өлеңдерімен сусындап, көптен айтылмай жүрген әндерін тыңдады және рухты өлеңдерін жатқа айтқан оқушылардың өнерлерін әлеуметтік желілер арқылы тамашалады.

   Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туғанына биыл 90 жыл. Оның өлеңдері адамды шетсіз-шексіз кеңістікке, көз сүрінер биікке жетелейді. Қасиетті қазақ жерін қарапайым да, көңілге қонымды өлең жолдарымен жырлау арқылы жұрттың жанын баурайды.

   Байқаулар әр түрлі форматта өткізілді. Байқау жеңімпаздарын мектеп ұжымы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапаттады.

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz