banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мектебінде «Домбыра сыныбы» ашылды

   2020 жылғы 15 желтоқсан күні Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдығы қарсаңында қазақтың ұлттық аспаптарын меңгерту, балалардың бойында халық шығармашылығына деген сүйіспеншілікті ояту мақсатында домбыра сыныбының ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына Баянауыл аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрлан Мұхамедиярұлы Сейітов пен кәсіподақ ұйымының басшысы Айнагүл Жанатқызы Нығметова қатысты. Домбыра сыныбының тұсаукесерін білім бөлімінің басшысы Нұрлан Мұхамедиярұлы мен Баянауыл ауданының құрметті азаматы, ауылымыздың айтыскер ақыны Жұмкен Арқалыұлы кесті. Оқушылардан құралған оркестрдің орындауында халық күйі «Жастар биі» орындалды. Құттықтау сөз айтылып, шашу шашылды. Жұмкен ағамыз арнауын айтып мерекенің шырайын кіргізді. Үйірме жетекшісі Астана қаласындағы өнер академиясын тәмамдаған ұстазымыз Бақытжан Төлегенұлы Ахметовтың орындауында Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әні орындалды.

   Мектебімізді 30 жыл бұрын аяқтап кеткен түлектеріміз «Мектебімізге тағзым» акциясы аясында осы сыныптың ашылуына демеуші болды. Бүгінгі сый-сияпат көрсеткен Баянауыл аудандық білім бөлімінің кәсіподақ ұйымынына, себепкер болып отырған түлектерімізге отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге жеміс тілейміз.

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz