Жаңалықтар
Баянауыл ауданының әкімінің шыршасы
- Толығырақ
- Жарияланды 30.12.2020 18:00
2020 жылғы 30 желтоқсан күні мүмкіндігі шектеулі, жетім, ата-аналар қамқорлығынан айырылған балаларға арналған «Ғажайыпқа толы-жаңа жыл» тақырыбында аудан әкімінің шыршасы өтті. Аудан әкімінің шыршасын жалпы орта білім беру мектептерінің ұжымдары ұйымдастырды.
Ауданымыздың белгілі кәсіпорындары мен мектептердегі қамқоршылық кеңестер демеушілік жасады. Аудан әкімінің атынан- 98 балаға, «Майкөбен- Вест» ЖШС- 60 балаға, «Алюминий Қазақстан зауыты»АҚ- 30 балаға, Майқайың «Алтын комбинаты» АҚ- 60 балаға, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының қамқоршылық кеңесі- 25 балаға, З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің қамқоршылық кеңесі-20 балаға жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті. Балаларға смарт сағаттар мен тәтті кәмпиттер салынған қорапшалар үлестірді.
Осы ғажайып кезеңде барлық асыл армандарыңыз орындалсын. Жаңа жыл түні Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жеткізетін, ой-мақсаттарды жүзеге асыратын, арман-үміттерін ақталатын жыл болсын.