banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

«Жарқын болашақ» олимпиадасының жеңімпаздары

    Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мен «Білім-инновация» лицей-интернатының ұйымдастыруымен дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Аталмыш олимпиаданың мақсаты-мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін дамыту.

   Облыстық олимпиадаға аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздарынан барлығы 149 оқушы қатысты.

  Олимпиада қорытындысы бойынша «Білгірлер бәйгесі» тақырыбындағы бағытта №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Әйгерім Мүлікқызы І орын иеленді. Оқушыны дода дайындаған Шынар Рамазанқызы Жұмабекова. «Әнші-бұлбұлдар» тақырыбындағы бағытта №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 6-сынып оқушысы Айша Мақажанова ІІІ орынмен марапатталды. Жетекшісі: Ақсұлу Амангелдіқызы Омарова. Жеңімпаздар олимпиаданың республикалық кезеңіне жолдама алды.

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz